• RU
Среда, 21 мая, 2025
  • Login
No Result
View All Result
Бізге жазылу
JASYN
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
No Result
View All Result
JASYN
No Result
View All Result
Home Сұхбат

Азаматтарымыздың қарызға белшеден батқанына қатты алаңдаймын

by Jasyn
06/03/2024
in Сұхбат
0
Азаматтарымыздың қарызға белшеден батқанына қатты алаңдаймын
0
SHARES
3
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

– Мен азаматтарымыздың қарыз­ға белшеден батқанына қатты алаң­даймын. Себебі бұл мәселе жұрттың әлеуметтік жағдайына және еліміздегі қаржы жүйесінің тұрақтылығына тікелей әсер етеді. Мен 2019 жылы Мемлекет басшысы ретінде қол қойған алғашқы құжаттың бірі қиын жағдайға тап болған азаматтардың борышын азайту туралы Жарлық еді. Сол уақытта 500 мың адамның кепілсіз алған несиесі кешірілді. Бұл бірреттік шара болатын. Ал 2023 жылы жеке тұлғалардың банкроттығы туралы заң күшіне енді. Мұның бәрі мәселенің ушығып кетпеуіне ықпал етті. Осы жағдайды түбегейлі өзгерту үшін былтырғы Жолдауымда Үкіметке тың шараларды қолға алуды тапсырдым.

Негізінен, бұл жағдайға жұрттың қаржылық сауаттылығының төмендігі себеп болып отыр. Екінші жағынан, тұтыну несиесін беру тәртібін және коллектор ұйымдарының қызметін қатаң реттеу керек.

Сол үшін нақты шаралар қолға алынып жатыр. Мысалы, соңғы жылдары банктер мен микрокредит ұйымдарына қойылатын тұтыну несиесі капиталының көлеміне қатысты талаптар бес есе күшейтілді. Төлеу мерзімі өтіп кеткен берешегі бар адамдарға несие беруге тыйым салынды. Сондай-ақ қарызын уақтылы өтей алмаған борышкерге 90 күннен әрі айыппұл салуға болмайды. Коллектор агенттіктеріне тұрақты тексеру жүргізіледі.

Борышкерлер құқығын қорғау үшін несие беру туралы заңнамаға ен­гізілетін түзетулер әзірленді. Бұл өз­герістер банктерге, микрокредит ұйым­­дарына және коллектор агент­тік­теріне талапты одан да күшейте түседі. Несиелерді коллектор компаниялары­на сатуды шектеу ұсынылады. Коллек­тор компания­лары қарызды өзіне ал­ған соң мәселені реттеп көруге мін­дет­ті болады. Банк омбудсменінің өкі­лет­тігі де кеңейтіледі. Қазір бұл құжат­ты Мәжіліс депутаттары қарап жатыр. Мен бұл бас­таманы қолдауға дайынмын.

 (Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың сұхбатынан)

Tags: жұрттың әлеуметтік жағдайыжұрттың қаржылық сауаттылығының төмендігі
Jasyn

Jasyn

Next Post
Президент Әкімшілігі атқарушы биліктің қызметіне араласпайды

Президент Әкімшілігі атқарушы биліктің қызметіне араласпайды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Recommended

Шымкент қайтадан «қызыл», Жамбыл облысы «жасыл» аймаққа өтті

Шымкент қайтадан «қызыл», Жамбыл облысы «жасыл» аймаққа өтті

4 года ago
Ауылда баланың тісі ауырса оған Астанадағы министрдің жүрегі ауыруы керек

Ауылда баланың тісі ауырса оған Астанадағы министрдің жүрегі ауыруы керек

2 месяца ago

Popular News

    Connect with us

    Jasyn

    Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18
    SUBSCRIBE

    Яндекс.Метрика

    Біз туралы

    We bring you the best Premium WordPress Themes that perfect for news, magazine, personal blog, etc. Check our landing page for details.

    • About
    • Advertise
    • Careers
    • Contact

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    No Result
    View All Result
    • Home

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    Welcome Back!

    Login to your account below

    Forgotten Password?

    Retrieve your password

    Please enter your username or email address to reset your password.

    Log In