• RU
Среда, 21 мая, 2025
  • Login
No Result
View All Result
Бізге жазылу
JASYN
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
No Result
View All Result
JASYN
No Result
View All Result
Home Қоғам

«Аягүл де, Жанар да сөз көтере алмай кетті»: Бағлан Әбдірайымов Тұрсынбектің қызына қолдау көрсетуді сұрады

by Jasyn
06/03/2024
in Қоғам
0
«Аягүл де, Жанар да сөз көтере алмай кетті»: Бағлан Әбдірайымов Тұрсынбектің қызына қолдау көрсетуді сұрады
0
SHARES
0
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Бағлан Әбдірайымов Тұрсынбек Қабатовты қолдап шықты. Әнші қыз балаға моральдық тұрғыда қолдау көрсетейік дегенді айтты. Ауыр сөзді көтере алмай кеткен қазақ қыздарын мысал етіп, артық пікір жазғандарды заңмен жауапқа тарту керек деген ойын жеткізді.

“Жығылғанға жұдырық” деп бекер айтпаған. Кешегі Аягүл Ментайдың өлімі, осы қазақтың пікірі ажал құштырды. Енді, міне, Тұрсынбек Қабатовты жердан алып, жерге салып жатырмыз. Ақтамаймын, әрине! Аягүл секілді тағы қаншама бәйшешегімізді солдырып алмауға кім кепіл? Мұнша пікірді бәйшешегіміз көтере ала ма? Психикасына әсер етсе емдей аламыз ба? Жанар қарындасымыз (әнші) осы пікірді көтере алмай кеткен жоқ па? Достар, кім қателеспейді?! Мектепке кіру үшін де, жұмысқа тұру үшін де, жол полициясына айыппұл жаздырмас үшін де, кезекке тұрмас үшін де, вакцина салдырмай, құжат сатып алу үшін де, бәріне, өзіміз ақша беріп жүрген жоқпыз ба? Әлде бәріміз періштеміз бе?”, – дейді Әбідрайымов.

Әнші күнделікті әр адам пара беріп, керегін өз пайдасына шешіп жүр деген пікірін айтты. Ал адамға зияны тимеу үшін орынсыз пікір жазушыларды да жауапқа тарту керек деген ойын айтты.

Біздің қоғам сондай ғой. Кез келген затқа таныс іздейтініміз тағы бар. Осының бәрін көріп, шыдамаған кейбір жандар елден безіп кеткен жоқ па? Бәрі жаман қазақ. Жақсы қазақты кім береді. Олай кемшілікті асыра сілтеп жазудың қажеті жоқ. Жалпы заң керек. Кім жаман пікір жазады, салмағына қарай заң алдында жауап берсін. Тәртіп керек… Заң бәрімізге ортақ. Пара беруді өзімізден бастап тоқтатайық! Елдігімізді, бірлігімізді сақтайық! Сіздерден асқан бауыр, қазақ жерінен басқа жер жоқ! Қадірімізге жетейік! Менікі жай ой ғой”, – деп жазды әнші парақшасында.

Желідегі оқырманы әншінің сөзін қостады.

“Тұрсынбектің тағдырын сөз етіп кішкентай қыздың жүрегін жаралай бергенше әркім әуелі өз-өзіне мен періштедей пәкпінбе деп сұрақ қойып көрсін”, “Қоғамды өздеріңіз бүлдіріп жатырсыздар. Енді әнші-бишілердің бәрі өз парақшаларына ақталғандай салып жатыр ма, Тұрсекеңді. Түсінбедім”, “Осындайда бір-бірлеріңді ақтап шыға келеді екенсіңдер. Халықтың мұң-мұқтажын айтуға батылдарың бармайды”, “Жамандаудың да, даттаудың да еш қажеті жоқ, ешкім ешкімде шаруасы болмасын, кім кепіл ешкімнің басына іс түспейтініне. Тек жақсылық ойлайық”, “Тұрсынбек халықтың айта алмай жүрген сөзін үлкен сахнада айтып жүр. Халықтың мұң-мұқтажын әзілмен болса да жеткізіп жүр, тек түймедей қателігін көрсек түйедей етіп, дүрліктіріп шығамыз. Алла сабыр берсін, бәрі оңынан шешілсін”, – деп жазды олар.

Айта кетсек, бұған дейін заңгер Абзал Құспан Қабатовтың қызының орнына басқа біреу ҰБТ тапсырғанын айтқан. Бұған байланысты қазақстандықтардың оқушының “Алтын белгіні” әділ жолмен иеленгеніне тексеру жүргізуді талап етті. Оқиға жайлы әзілкештің өзі де пікір білдірген еді.

Jasyn

Jasyn

Next Post
Алексей Цой екпеден кейін қайтыс болғандардың санын жариялады

Алексей Цой екпеден кейін қайтыс болғандардың санын жариялады

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Recommended

Жазғы ас үйде бір қап марихуана сақтаған Шу ауданының тұрғыны ұсталды

Жазғы ас үйде бір қап марихуана сақтаған Шу ауданының тұрғыны ұсталды

4 месяца ago
Жамбыл облысында такси  жолаушысы 14 келі марихуана есірткі затымен ұсталды

Жамбыл облысында такси жолаушысы 14 келі марихуана есірткі затымен ұсталды

2 года ago

Popular News

    Connect with us

    Jasyn

    Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18
    SUBSCRIBE

    Яндекс.Метрика

    Біз туралы

    We bring you the best Premium WordPress Themes that perfect for news, magazine, personal blog, etc. Check our landing page for details.

    • About
    • Advertise
    • Careers
    • Contact

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    No Result
    View All Result
    • Home

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    Welcome Back!

    Login to your account below

    Forgotten Password?

    Retrieve your password

    Please enter your username or email address to reset your password.

    Log In