Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев үкімет отырысында алдағы уақытта нені экспортауға тыйым салынғанын айтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.
«2022 жылдың 1 шілдесіне дейін 125 мың тонна көлемінде күнбағыс тұқымының және 110 мың тонна күнбағыс майының экспортына шектеулер, 3 ай мерзімге картоп пен сәбіз экспортына, сондай-ақ 6 ай мерзімге ірі қара мал мен ұсақ мүйізді малды әкетуге тыйым салынды. Нан бағасын тұрақтандыру мақсатында әлеуметтік нан өндіру үшін «Азық-түлік корпорациясы ҰК» АҚ өткізетін астық құнын субсидиялау енгізіледі», — деді министр.
Айта кетейік, 12 қаңтардағы жағдай бойынша, елдегі жаппай тәртіпсіздік кезінде бизнеске келтірілген шығын сомасы 103,7 млрд теңгеден асты.