• RU
Среда, 21 мая, 2025
  • Login
No Result
View All Result
Бізге жазылу
JASYN
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
No Result
View All Result
JASYN
No Result
View All Result
Home Саясат

Ауыл әкімдерін сайлау: Жамбыл облысында 97 учаске жұмыс істейді

by Jasyn
06/03/2024
in Саясат
0
Ауыл әкімдерін сайлау: Жамбыл облысында 97 учаске жұмыс істейді
0
SHARES
0
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Елімізде биыл алғаш рет ауыл әкімдерін тікелей сайлау өткізіледі. Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаевтың төрағалығымен өткен кеңесте алдағы сайлауға дайындық мәселелері талқыланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Кездесуге «Nur Otan», «Ауыл» ХДПП, «Aq jol» ДП, «Қазақстанның Халық партиясы», «ADAL» партиясы филиалдарының өкілдері қатысты. Жиында облыстық аумақтық сайлау комиссиясының басшысы Серғали Айдапкелов баяндама жасады. Оның айтуынша, ауылдық округ әкімдерін сайлау шілде, қыркүйек, қазан, желтоқсан айларында өтеді. Тұрғындар 97 сайлау учаскесі арқылы дауыс бере алады.

«Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2021 жылдың мамыр айында аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттер мен ауылдық округтердің әкімдерін тікелей сайлауды қарастыратын түзетулерге қол қойған болатын. Әкімнің заңмен белгіленген өкілеттік мерзімінің аяқталуы сайлауды тағайындауға негіз болып табылады. Кандидат 25 жастан асқан, сотталмаған, Қазақстан Республикасының азаматы, жоғары білімді болуы шарт», — деді С.Айдапкелов.

Жақында тіркелген саяси партиялардың кандидаттарды ұсыну үрдісі басталады. Сайлауға өзін-өзі ұсынған кандидаттар да қатыса алады. Ол үшін сол ауыл тұрғындарының яғни сайлаушылардың кем дегенде 1 пайызының қолын жинау қажет. «Ұсынылған кандидаттардың саны екіден аз болса, аудан әкімдері балама үшін өз кандидаттарын ұсынуға құқылы. Аудан әкімдері үміткерлерді жергілікті тұрғындармен келісе отырып таңдайды», — деді С.Айдапкелов.

Облыс әкімі бұл сайлаудың маңыздылығын, оған сапалы дайындалу керектігін атап өтті. Сайлау комиссияларының, жергілікті атқарушы органдардың өзара тиімді әрекетіне негізделген шаралар қабылдауды, сайлаудың барлық қатысушыларының заңнаманы қатаң сақтауын қамтамасыз етуді тапсырды.

«Алдағы сайлау халықтың билікке деген сенімін және әкімнің ауыл тұрғындары алдындағы жауапкершілігін күшейтеді. Сонымен қатар, ауыл әкімінің олардың мәселелері бойынша шұғыл әрекет ету қабілетін арттырады», — деді облыс әкімі.

Сондай-ақ, кеңес барысында пандемия жағдайында сайлауға қатысушылардың денсаулығын қорғау шаралары да назарға алынды.

 

 

Jasyn

Jasyn

Next Post
Қытайда Нұрсұлтан Назарбаев атындағы ғылыми-инновациялық зертхана ашылды

Қытайда Нұрсұлтан Назарбаев атындағы ғылыми-инновациялық зертхана ашылды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Recommended

Водитель, перевозивший наркотики, задержан в Жамбылской области

Водитель, перевозивший наркотики, задержан в Жамбылской области

2 года ago
Мүгедектігі бар балалардың қанша пайызы мектепке бармайды?

Мүгедектігі бар балалардың қанша пайызы мектепке бармайды?

3 месяца ago

Popular News

    Connect with us

    Jasyn

    Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18
    SUBSCRIBE

    Яндекс.Метрика

    Біз туралы

    We bring you the best Premium WordPress Themes that perfect for news, magazine, personal blog, etc. Check our landing page for details.

    • About
    • Advertise
    • Careers
    • Contact

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    No Result
    View All Result
    • Home

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    Welcome Back!

    Login to your account below

    Forgotten Password?

    Retrieve your password

    Please enter your username or email address to reset your password.

    Log In