• RU
Среда, 21 мая, 2025
  • Login
No Result
View All Result
Бізге жазылу
JASYN
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
No Result
View All Result
JASYN
No Result
View All Result
Home Қоғам

Ауғанстаннан отанына оралған қандастар ішерге ас таппай отырғандарын айтады

by Jasyn
06/03/2024
in Қоғам
0
Ауғанстаннан отанына оралған қандастар ішерге ас таппай отырғандарын айтады
0
SHARES
0
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Ауғанстаннан жан сауғалап келген қандастар ішерге ас таппай отыр. Сөздерінше, атамекенге қоныс аударғандарға үш айдан бері «қандас» мәртебесі берілмепті. Соның кесірінен не жұмысқа орналаса алмай, не мемлекеттен берілетін бір реттік көмекке де қол жеткізе алмай отырғандарын айтады, деп хабарлайды 31 арнаның «Информбюро» жаңалықтар бөлімі.

Қазір ас-судан тарыққан отбасыларға қайырымды жандар көмек беріп жатыр. Оның үстіне суыққа бейімделмеген олар Арқаның аязына шыдамай, ауылдағы бейнеттен қажып, қалаға көшсек дейді.

Файзулла Ахмади Бурабайдағы Кіндікқарағай ауылына қарт анасы және бес баласымен қыркүйекте қоныстанған. Жергілікті билік отбасын баспанамен, үйге қажетті техникамен қамтамасыз етіпті. Бірақ содан бері ортаға бейімделіп, тұрмысын тіктеп кете алмаған. Әсіресе қиындық қыс түскенде келді дейді. Ауғанстанның аптап ыстығына үйренген жанұя арқаның аязына шыдай алмай отыр екен. Ауылдықтар көмір жағуды қанша үйреткенімен, үйлерін жылытудың мәнісін таппапты. Сондықтан қандастардың қалауы – қалаға көшу.

«Бір ыстық үй берсе деген тілегіміз бар. Иранда қалада тұрдық. Ыстық жер еді. Мына анам өткенде жығылып қалды. Қолтығынан сүйеп барамын. Менің де жүрегім ауырады. Тоқтап қалады. Біз айттық, қалаға барсақ жақын болар еді. Апам қарға жығылып ауырып қалды», – дейді қандас Файзулла Ахмади.

Оның үстіне отбасы мүшелері ауылдан жұмыс таппай қажыған. Соның кесірінен айлап ақшасыз, ас-сусыз отырдық дейді. Тіпті кей күндері өзек жалғар бір тілім нан таппай, тоңазытқыштары бос қалыпты. Қайта қайырымды жандар көмектесіп, біраз күнге жетер азық-түлік алып беріпті.

Ал отағасының тұрақты жұмысқа орналасуына «қандас» мәртебесін алу шарты кедергі келтірген. Сондай-ақ отбасының әрбір мүшесіне берілуі тиіс 204 мың теңге көлеміндегі бір реттік мемлекеттің қаржылай көмек те осы құжаттардың рәсімделмеуінен төленбепті.

«Қазіргі уақытта жұмыс істемейді. Өйткені бұл еңбек заңнамасына байланысты еңбек шартын құру кезінде жеке сәйкестендіру нөмірі жеке құжаттарының нөмірлері болу керек», — деп түсіндірді Бурабай аудандық жұмыспен қамту орталығының директоры Жанар Айтмағамбетова.

Аудандық жұмыспен қамту орталығының директоры қандас мәртебесін беру мәселесі желтоқсан айында шешілуі тиіс екендігін айтады. Ал, Файзулла Ахмади отбасын өзге аймаққа көшіру мәселесін облыстан арнайы құрылған қандастарды квотаға енгізу жөніндегі тұрақты комиссия шешетін болады.

Дегенмен, мамандар шеттен осылай жансауғалап келген қандастарды тым болмаса 6 айға дейін оңалту орталықтарына орналастырған жөн дейді. Онда тілді үйреніп, психолог, теологтардан кеңес алып, ортаға тез сіңісіп кетуіне де мүмкіндік туар еді деген пікірде.

Jasyn

Jasyn

Next Post
Фархат Әбдірайымовқа арнайы марапат берілді

Фархат Әбдірайымовқа арнайы марапат берілді

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Recommended

Медқызметкерлерге үстемеақы беру тоқтатылады, кей бағытта сақталады

Медқызметкерлерге үстемеақы беру тоқтатылады, кей бағытта сақталады

4 года ago
Жамбыл облысындағы рейдтік іс-шаралардың  алғашқы күнінде полицейлер 600-ден астам жол қозғалысы ережелерін бұзу деректерін анықтады

Жамбыл облысындағы рейдтік іс-шаралардың алғашқы күнінде полицейлер 600-ден астам жол қозғалысы ережелерін бұзу деректерін анықтады

3 месяца ago

Popular News

    Connect with us

    Jasyn

    Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18
    SUBSCRIBE

    Яндекс.Метрика

    Біз туралы

    We bring you the best Premium WordPress Themes that perfect for news, magazine, personal blog, etc. Check our landing page for details.

    • About
    • Advertise
    • Careers
    • Contact

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    No Result
    View All Result
    • Home

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    Welcome Back!

    Login to your account below

    Forgotten Password?

    Retrieve your password

    Please enter your username or email address to reset your password.

    Log In