• RU
Среда, 21 мая, 2025
  • Login
No Result
View All Result
Бізге жазылу
JASYN
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
No Result
View All Result
JASYN
No Result
View All Result
Home Қоғам

Ауғанстаннан келген қандастар Ақмола облысына қонастырылуда

by Jasyn
06/03/2024
in Қоғам
0
Ауғанстаннан келген қандастар Ақмола облысына қонастырылуда
0
SHARES
0
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Ауғанстаннан көшіп келген 35 адамнан тұратын төрт отбасы Ақмола облысына қоныстандырылуда, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Биыл 258 адамға квота бөлінген, біз квотаны 85 пайызға ғана игердік. Келгендер Көкшетау қаласында, Атбасар, Сандықтау және Бурабай аудандарында орналасқан. Олар барлық рәсімдерден өтіп, қандас мәртебесін алады», — деп түсіндірді Д.Ахметжанова.

Заң шеңберінде қоныс аударушыларға отбасының әрбір мүшесіне 70 айлық есептік көрсеткіштен (200 мың теңгеден астам) біржолғы жәрдемақы қарастырылған, сондай-ақ жыл ішінде олар ай сайын 15-тен 30 айлық есептік көрсеткішке дейін тұрғын үйді жалдау және коммуналдық қызметтерді өтеуге қаражат алатын болады. Басқарма басшысының айтуынша, отбасы мүшелері қоныстанып, жұмыс табады.

«Мысалы, Көкшетауға құрамында тоғыз адам бар отбасы келді. Олар «Новопэк» ЖШС-де жұмыс істейтін болады. Олар ҚР азаматы мәртебесін алған кезде еліміздің басқа азаматтарымен тең дәрежеде өмір сүретін болады», — деп атап өтті Д.Ахметжанова.

Ол атап өткендей, Тәуелсіздіктің 30 жылы ішінде Ақмола облысына тұрақты тұруға 8983 қандас келді, оның құрамында 40126 азамат бар. Ағымдағы жылы өңірге барлығы 89 отбасы көшіп келді, олардың құрамында 157 адам бар. Талдау көрсеткендей, отбасылардың 47,9 пайызы Моңғолиядан, 29,5 пайызы Өзбекстаннан, 12,1 пайызы Қытайдан келген.

 

Jasyn

Jasyn

Next Post
Әріптестері Ерке Есмаханның аяғы ауыр деп болжады

Әріптестері Ерке Есмаханның аяғы ауыр деп болжады

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Recommended

11 сәуірден бастап Ресей, Қырғыз және Өзбекстанмен шекарада бүкіл шектеулер алынады

11 сәуірден бастап Ресей, Қырғыз және Өзбекстанмен шекарада бүкіл шектеулер алынады

3 года ago
«Абай кім?», «Қабанбай кім?» деген сауалдарға жастар «әкім, министр» деп жауап берген

«Абай кім?», «Қабанбай кім?» деген сауалдарға жастар «әкім, министр» деп жауап берген

1 год ago

Popular News

    Connect with us

    Jasyn

    Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18
    SUBSCRIBE

    Яндекс.Метрика

    Біз туралы

    We bring you the best Premium WordPress Themes that perfect for news, magazine, personal blog, etc. Check our landing page for details.

    • About
    • Advertise
    • Careers
    • Contact

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    No Result
    View All Result
    • Home

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    Welcome Back!

    Login to your account below

    Forgotten Password?

    Retrieve your password

    Please enter your username or email address to reset your password.

    Log In