• RU
Четверг, 9 октября, 2025
  • Login
No Result
View All Result
Бізге жазылу
JASYN
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
No Result
View All Result
JASYN
No Result
View All Result
Home • Өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы бюджет қаражатын ұтымды және есепті пайдалану салық саясаты

Ауылдың рухани дамуына үлкен серпін береді

Түркістан облысы Мақтаарал ауданында бірқатар елдімекендерде мәдениет үйлеріне бюджеттен қаржы бөлініп, тұрғындар игілігіне берілуде.

by Jasyn
23/09/2025
in • Өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы бюджет қаражатын ұтымды және есепті пайдалану салық саясаты
0
Ауылдың рухани дамуына үлкен серпін береді
0
SHARES
5
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Нақтырақ айтатын болсақ, Мақтаарал ауданының әкімі Бақыт Асанов жұмыс сапары аясында А.Қалыбеков ауылдық округіне қарасты Үлгілі ауылына барып, осында жүргізіліп жатқан мәдениет үйінің күрделі жөндеу жұмыстарымен танысты. Аудан басшысы құрылыс сапасына, жұмыстың қарқынына және жобаның әлеуметтік маңыздылығына ерекше назар аударды.

Аталған мәдениет үйі биыл «Ауыл – ел бесігі» мемлекеттік бағдарламасы аясында күрделі жөндеуден өтуде. Жоба бойынша облыстық бюджеттен 332 миллион теңге қаржы бөлінген. Қазіргі таңда нысанда құрылыс-монтаж жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. Жөндеу жұмыстары аяқталған соң, мәдениет үйі ауыл тұрғындары үшін шығармашылықпен айналысуға, мәдени іс-шаралар өткізуге үлкен мүмкіндік беретін заманауи орталыққа айналмақ.

Жөндеу барысында ғимараттың шатыры, қабырғалары, едені толық жаңартылып, инженерлік жүйелері ауыстырылады. Сонымен қатар, ішкі әрлеу жұмыстары заманауи стандарттарға сай жүргізілуде. Нысанды жыл соңына дейін пайдалануға беру жоспарланып отыр.

Бақыт Насырханұлы мердігер ұйым өкілдеріне жұмысты сапалы әрі белгіленген мерзімде аяқтауды тапсырды. Сондай-ақ, ауыл тұрғындарының пікірін ескере отырып, мәдениет үйінің ішкі жабдықталуы мен қолайлылығына ерекше мән беру керектігін атап өтті.

Айта кетейік, Мақтаарал ауданында ауылдық жерлердің әлеуметтік-мәдени нысандарын дамыту бағытында кешенді жұмыстар жүргізілуде. Атап айтқанда, Ж.Нұрлыбаев ауылдық округіне қарасты Ынталы елді мекенінде және Достық ауылдық округіндегі Ж.Қалшораев елді мекенінде жаңадан мәдениет үйлерінің құрылысы жүріп жатыр. Аталған нысандар қазан айында пайдалануға берілмек.

Бұл жобалар – Мемлекет басшысының ауыл инфрақұрылымын дамыту туралы тапсырмаларын орындаудың нақты нәтижесі. Мәдениет ошақтарының жаңғыртылуы ауыл жастарының шығармашылық әлеуетін дамытуға, тұрғындардың мәдени өмірін жақсартуға, ұлттық құндылықтарды ұлықтауға мол мүмкіндік береді.

Тағы бір айтары, Оңтүстік өңірде мәдени нысандардың қатары артып келеді. Жуырда Мақтаарал ауданында тұрғындар үшін тағы бір маңызды әлеуметтік нысан – жаңа мәдениет үйі пайдалануға берілді. Бұл – ауылдық жерлерде мәдениет пен білім ошақтарын дамыту бағытындағы игі істердің нақты көрінісі.

Мақтаарал ауданы, Достық ауылдық округіне қарасты Ж.Қалшораев елді мекенінің тұрғындары үшін 2025 жылдың қыркүйек айы ерекше жаңалықпен есте қалмақ. Ауылда жаңа мәдениет үйі мен кітапхана құрылысы толық аяқталып, салтанатты түрде пайдалануға берілді.

Жаңа нысанның ашылу рәсіміне Мақтаарал ауданының әкімі Бақыт Асанов арнайы қатысып, ауыл тұрғындарын көптен күткен қуанышты сәтпен құттықтады.

«Бүгінгі ашылып отырған мәдениет үйі – ауылдың рухани дамуына үлкен серпін береді. Бұл – Мемлекет басшысының өңірлерді өркендету, мәдениет пен өнерді қолдау жөніндегі тапсырмаларының шынайы орындалып жатқанын білдіреді. Енді ауыл жастары мен өнерпаздары өз таланттарын шыңдайтын, кітап оқып, білімін жетілдіретін заманауи ортамен қамтамасыз етіледі», – деді, аудан басшысы өз сөзінде.

Жобаның құрылыс жұмыстары 2024 жылы басталып, «Нүрі-Л-Жетісай» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жүзеге асырған. Құрылыс Мақтаарал ауданының сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімінің тапсырысмасы аясында жүргізілді.

Жалпы құны 743,5 миллион теңге болатын жоба аясында бой көтерген екі қабатты мәдениет үйі 200 адамға арналған. Ғимаратта кең көлемді көрермендер залы, бірнеше қызметтік кабинет, сондай-ақ, заманауи талаптарға жауап беретін кітапхана залы орналасқан.

Ғимараттың жалпы алаңы 709,72 шаршы метрді, ал оған тиесілі жер телімі 1,2720 гектарды құрайды. Бұл – болашақта нысан аумағында қосымша мәдени шаралар өткізуге, ауланы абаттандыру мен кеңейтуге мүмкіндік береді.

Жаңа мәдениет үйі – тек сахналық өнердің ғана емес, ауыл тұрғындарының бас қосатын, ұлттық салт-дәстүр мен өнерді насихаттайтын орталық болмақ. Бұл нысан ауыл жастарының шығармашылық әлеуетін арттырып, түрлі үйірмелердің, концерттердің, семинарлар мен кездесулердің ұйымдастырылуына жағдай жасайды. Сонымен қатар, кітапханасы да ауыл тұрғындарының білім көкжиегін кеңейтіп, балалар мен жасөспірімдерге оқу мәдениетін қалыптастыруда маңызды рөл атқарады.

Фото: Мақтаарал Ауданы Әкімдігі

 

Tags: Ауылдың рухани дамуымәдениет үйоблыстық бюджетТүркістан облысы Мақтаарал ауданы
Jasyn

Jasyn

Next Post
Шаруаларды мақтаның бағасы алаңдатып отыр

Шаруаларды мақтаның бағасы алаңдатып отыр

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Recommended

Жастарды қолдау ісі ерекше қарқын алды

Жастарды қолдау ісі ерекше қарқын алды

12 месяцев ago
ВИЧ-ті толық емдеу мүмкін болды: Ғалымдар жаңа препарат жасап шығарды

ВИЧ-ті толық емдеу мүмкін болды: Ғалымдар жаңа препарат жасап шығарды

4 года ago

Popular News

    Connect with us

    Jasyn

    Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18
    SUBSCRIBE

    Яндекс.Метрика

    Біз туралы

    We bring you the best Premium WordPress Themes that perfect for news, magazine, personal blog, etc. Check our landing page for details.

    • About
    • Advertise
    • Careers
    • Contact

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    No Result
    View All Result
    • Home

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    Welcome Back!

    Login to your account below

    Forgotten Password?

    Retrieve your password

    Please enter your username or email address to reset your password.

    Log In