• RU
Понедельник, 19 мая, 2025
  • Login
No Result
View All Result
Бізге жазылу
JASYN
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
No Result
View All Result
JASYN
No Result
View All Result
Home Қоғам

Ауылда баланың тісі ауырса оған Астанадағы министрдің жүрегі ауыруы керек

«Шалғайда жатқан бір ауылда кішкентай баланың тісі ауырса оған Астанадағы министрдің жүрегі ауыру керек. Жұмыла көтерсек, жүгіміз жеңілдейді».

by Jasyn
20/03/2025
in Қоғам
0
Ауылда баланың тісі ауырса оған Астанадағы министрдің жүрегі ауыруы керек
0
SHARES
9
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Осылай деген Мәжіліс депутаты Ринат Зайытов Парламент халыққа ашық түрде жұмыс істеп жатқанына тоқталды.

«Менің күнделікті жұмысқа келетін сапарымдағы әр қадамым аяғымды еріксіз дірілдетеді. Өйткені күнделікті Мәжіліске жұмысқа келе жатқан әр депутаттың әр қадамында халықтың үміті, халықтың аманаты және халықтың тағдыры бар» деді депутат Р. Зайытов.

Депутат идеологиялық тәрбие жұмысын күшейтуді бастау керек екенін айтады.

«Беталысымыз жаман емес. Бүгінде мемлекетте болып жатқан өзгерістерді «көрмес» қана байқамайды.

Мен ендігі сөзімді жеткен жетістіктерге емес, 30 жылда кеткен кемістіктерге бұрғым келеді. Өйткені біз оған бүгін назар аудармасақ, ол- ертеңімізге апат болып келуі әбден мүмкін. Өкінішке қарай, қазіргі қазақ қоғамы өте үлкен жылдамдықпен рухани дағдарысқа ұшырап барады. Күн сайын еліміздің әр түпкірінде бір отбасы бұзылып, бір оқушы зәбір көріп, бір адам кісі қолынан қаза тауып, біреу пара алып, біреу өзіне қол жұмсап, біреу алаяққа жем болып жатады. Мұндай мысалдар таусылмайды. Бүгінгі қазақ қоғамы туғанға тасбауыр, жақынға жау, досына дұшпан болып кетті.

Қоғамның қатыгез бола бастауына не себеп болды десеңіздер, бірден жауап беру қиын. Өйткені оның себебі біреу емес. Тұрмыстағы таршылық, тәрбиенің жоқтығы, жеткіншектерге үлгі болатын тұлғалардың құбыжыққа айналуы, материалды байлықтың бірінші орынға шығуы, әлеуметтік желідегі белгілі тұлғалардан бастап әртүрлі дін мен ұлт өкілдерінің өзара ашық соғысы, т.с.с. осының бәрі адамның рухани тозып, қатыгез болуына әкеліп соғып жатыр.

Өзімшілдік пен менмендік қоғамның басты індеті болып тұр. Бүгін ойланбасақ, ертең кеш болмақ. Сондықтан, кешіктірмей идеологиялық тәрбие жұмысын күшейтуді бастау керек» деді Р. Зайытов.

Фото: BES.media

 

 

 

Tags: идеологиялық тәрбиеидеологиялық тәрбие жұмысын күшейтуРинат Зайытоврухани дағдарысқа ұшырау
Jasyn

Jasyn

Next Post
Қарашөкеев ауруханадағы түскен балалардың жағдайын білді

Қарашөкеев ауруханадағы түскен балалардың жағдайын білді

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Recommended

Более 250 таразских студентов приняли участие в акции по профилактике наркомании

Более 250 таразских студентов приняли участие в акции по профилактике наркомании

2 года ago
Жастар жағы дән риза

Жастар жағы дән риза

6 месяцев ago

Popular News

    Connect with us

    Jasyn

    Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18
    SUBSCRIBE

    Яндекс.Метрика

    Біз туралы

    We bring you the best Premium WordPress Themes that perfect for news, magazine, personal blog, etc. Check our landing page for details.

    • About
    • Advertise
    • Careers
    • Contact

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    No Result
    View All Result
    • Home

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    Welcome Back!

    Login to your account below

    Forgotten Password?

    Retrieve your password

    Please enter your username or email address to reset your password.

    Log In