• RU
Пятница, 19 декабря, 2025
  • Login
No Result
View All Result
Бізге жазылу
JASYN
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
No Result
View All Result
JASYN
No Result
View All Result
Home Қоғам

«Ауыл – Ел бесігі» жобасы: бюджеттің тиімді игерілгеніне күмән бар

Сенатор Ольга Булавкинаның айтуынша «Ауыл – Ел бесігі» жобасына 875 млрд теңге бөлінген және әлеуметтік нысандардан бастап инженерлік инфрақұрылымға дейінгі 6,6 мыңнан астам жоба іске асырылған. Алайда, қаржыландыру көлемі мен сапа және жергілікті жауапкершілік бір-бірінен алшақ жатыр. Бұл бюджеттің тиімді игерілгеніне күмән келтіреді.

by Jasyn
09/12/2025
in Қоғам
0
Мемлекеттік маңызы зор мәселенің бірі – ішкі көші-қон
0
SHARES
12
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

«Жүздеген ауылдар кешенді аумақтық жоспарлаудың болмауына байланысты әлі күнге дейін негізгі әлеуметтік игіліктер мен инфрақұрылымға қол жеткізе алмай өмір сүріп келеді. Ауылдық электр тарату желілерінің көпшілігі 70-80%-ға тозып кеткен. Су желілерінің әбден тозуы су шығынына әкеледі. Сол себепті шағын және орта бизнеске жаңа қуат қосу мүмкін емес. Ал тозған инфрақұрылымды жиі жөндеуге жұмсалған шығындар халық пен кәсіпкерлер үшін тарифте көрсетіледі. Мыңнан астам ауылда тұрақты интернет байланысы жоқ, ал елді мекендердің 58%-ына талшықты-оптикалық байланыс желісі қажет. Бұл ауыл тұрғындарының цифрлық қызметтерге қолжетімділігінің шектелгенін көрсетеді», — деп атап өтті Ольга Булавкина.

Сенатор сонымен қатар ауқымды инвестицияға қарамастан, ауылдың дамуы біркелкі еместігін, шағын шаруашылықтар қазіргі заманғы технологияның жетіспеушілігі және инфрақұрылымның әлсіздігі және сатып алушыға тәуелділіктен әлі де құтыла алмай отырғанын атап өтті.

«Ауыл – ел бесігі» жобасы 6 жылға жуық уақыт ішінде ауылдық аумақтардың әлеуметтік-экономикалық кешенді дамуын толық көлемде қамтамасыз ете алмады. Инфрақұрылымды дамытуға салынған миллиардтаған қаржы ауылда мықты агроөнеркәсіп өндірісі мен сапалы жұмыс орындарының қалыптасуына алып келмеді.  Осыған байланысты ұзақ мерзімді әлеуметтік-экономика саласындағы нақты өлшенетін көрсеткіштерді ескере отырып, қазақстандықтардың өмір сапасына нақты әсерін бағалауға бағытталған мекемеаралық айқын бақылау қажет. Бұл жоба ауылдағы инфрақұрылымдық өзгерістер саясатында ғана емес, сонымен қатар идеология мен экономика бір топта жұмыс істейтін біртұтас модельге айналуы керек», — деді Ольга Булавкина.

Фото: astana-aqshamy

 

Tags: «Ауыл – ел бесігі» жобасыбюджетбюджетті тиімді игеруОльга Булавкина
Jasyn

Jasyn

Next Post
Су үнемдеу технологияларын енгізу мәселесі талқыланды

Су үнемдеу технологияларын енгізу мәселесі талқыланды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Recommended

Елдос Сметовтың иығына ота жасалды

Елдос Сметовтың иығына ота жасалды

6 месяцев ago
Ақсулықтар Иманбекке ескерткіш орнатуды ұсынды

Ақсулықтар Иманбекке ескерткіш орнатуды ұсынды

4 года ago

Popular News

    Connect with us

    Jasyn

    Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18
    SUBSCRIBE

    Яндекс.Метрика

    Біз туралы

    We bring you the best Premium WordPress Themes that perfect for news, magazine, personal blog, etc. Check our landing page for details.

    • About
    • Advertise
    • Careers
    • Contact

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    No Result
    View All Result
    • Home

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    Welcome Back!

    Login to your account below

    Forgotten Password?

    Retrieve your password

    Please enter your username or email address to reset your password.

    Log In