• RU
Среда, 21 мая, 2025
  • Login
No Result
View All Result
Бізге жазылу
JASYN
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
No Result
View All Result
JASYN
No Result
View All Result
Home Әлеумет

«Ауыл әкімдері кабинетте отырмауы қажет»

Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеевтің төрағалығымен аппараттық кеңесте «Таза Қазақстан» республикалық акциясының іске асырылу барысы қаралды.

by Jasyn
26/06/2024
in Әлеумет
0
«Ауыл әкімдері кабинетте отырмауы қажет»
0
SHARES
6
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Ғалым Исақовтың хабарлауынша, өңірде «Таза Қазақстан» акциясын тұрақты түрде жалғастыру үшін арнайы іс-шаралар жоспары бекітілген.

«Таза Қазақстан» республикалық акциясына бүгінге дейін 331 мыңнан астам жамбылдық қатысқан. Оның ішінде, өңір тұрғындары, ардагерлер, жастар, ҮЕҰ мен этнос өкілдері бар.

Бүгінгі күнге дейін 196,1 мың м² автокөлік кәсіпорындарының, 156,3 мың м² энергетикалық кешендер, 75,1 мың м² емдеу, 355,5 мың м² оқу орталықтарының, 164,6 мың м² орта және шағын кәсіпорындарының аумағы тазартылды. 60 тарихи-мәдени ескерткіш, 143 саябақ пен сквер аумағына абаттандыру жұмыстары жүргізілді. 816,6 шқ канал мен арық жүйелері, қоғамдық орындардағы 238 дана орындық пен қоқыс жәшігі, 45,6 мың м² тұрғын үй ауласы тазаланды.

2 354 ағаш бұталанып, 107,7 мың м² жасыл желектер суғарылды. 86 600 ағаш отырғызылып, 700 м² көпжылдық және 3,3 мың біржылдық гүл егілді. 11,6 мың тонна тұрмыстық қалдық, 3,8 мың тонна кездейсоқ күл-қоқыс шығарылды. Бұл жұмыстарға 892 бірлік техника жұмылдырылды.

Дегенмен, Тараз қаласы мен аудандардың санитарлық тазалық жұмыстарына зерделеу жүргізу барысында басқарма бірқатар кемшіліктерді анықтаған.

Мәселен, қоқыс алаңшаларының уақытылы тазаланбауы, белгіленбеген жерлерде қоқыстардың шашылып жатуы, шөптердің орылмауы, қураған ағаштардың кесілмеуі және жарық шамдарының ауыстырылмауы, аялдамалар мен тұрғын үйлердің қасбеттерінің ретке келтірілмеуі орын алған.

— Ауыл әкімдері кабинетте отырмауы қажет. Елді мекендерді жиі аралап, тұрғындардың жағдайымен танысуы тиіс. Ескерту я болмаса зерделеу тобын күтпей, нақты шаралар қабылдаған жөн.

Табиғатты аялап, қоршаған ортаны қорғау – ортақ міндетіміз. Бұл орайда халықтың экологиялық мәдениетін арттыру маңызды, – деді Ербол Қарашөкеев.

Аймақ басшысы Тараз қаласы мен Байзақ, Сарысу, Талас, Т.Рысқұлов ауданы әкімдерінің есебін тыңдап, аталған кемшіліктерді жедел түрде жоюды тапсырды.

Бұдан бөлек, Жаңатас қаласындағы саябақ, аллеялар мен спорт алаңшаларының жағдайына назар аударды.

Ербол Қарашөкеев басқарма басшысына екі аптада бір рет Тараз қаласы мен аудан аумағына мониторинг жүргізуді тапсырды. Бұл мәселені жеке бақылауында ұстайтынын жеткізді.

 

Tags: «Таза Қазақстан» республикалық акциясыЖамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеевсанитарлық тазалық жұмыстарына зерделеу жүргізу
Jasyn

Jasyn

Next Post
300 млн. теңгеге кино түсіріп, 7 мың теңге табыс тапқан

300 млн. теңгеге кино түсіріп, 7 мың теңге табыс тапқан

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Recommended

Жамбыл облысында Дельта-Долина қызметкерлері есірткі сатумен айналысатын азаматты ұстады

Жамбыл облысында Дельта-Долина қызметкерлері есірткі сатумен айналысатын азаматты ұстады

7 месяцев ago
Сенат мемлекеттік бастамаларды Елбасымен келісу қажеттілігін жоюды ұсынды

Сенат мемлекеттік бастамаларды Елбасымен келісу қажеттілігін жоюды ұсынды

3 года ago

Popular News

    Connect with us

    Jasyn

    Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18
    SUBSCRIBE

    Яндекс.Метрика

    Біз туралы

    We bring you the best Premium WordPress Themes that perfect for news, magazine, personal blog, etc. Check our landing page for details.

    • About
    • Advertise
    • Careers
    • Contact

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    No Result
    View All Result
    • Home

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    Welcome Back!

    Login to your account below

    Forgotten Password?

    Retrieve your password

    Please enter your username or email address to reset your password.

    Log In