• RU
Среда, 21 мая, 2025
  • Login
No Result
View All Result
Бізге жазылу
JASYN
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
No Result
View All Result
JASYN
No Result
View All Result
Home Оқиға

Атыраудың бас имамы мешітке тиесілі төрт көлікті сатып жіберген

by Jasyn
06/03/2024
in Оқиға
0
Атыраудың бас имамы мешітке тиесілі төрт көлікті сатып жіберген
0
SHARES
0
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Атыраудың бас имамы мешіттің мүлкін талан-таражға салды. Әлеуметтік желіде осындай ақпарат таралып жатыр. Жазбада аймақтың діндары мешітке тиесілі қызметтік пәтерді менсінбей, орталықтан үй жалдап тұратыны айтылған. Сондай-ақ мешітке тиесілі 4 көлікті сатып жіберген деседі, деп хабарлайды  Астана арнасы.

40 жастағы Алтынбек Ұтысханның аймақ бас имамы қызметіне тағайындалғанына екі жыл болған. Соңғы кезде оған қатысты әлеуметтік желіде жазбалар толып жүр. Имам «Иманғали мешітінің төрт автомашинасы: «Ford Mondeo», «Прадо» джип көлігі, жолаушылар таситын «Газель» және қорабы тентпен жабылған «Газель» сатып жібергені айтылуда.

Бас имамның өзі әкімдік берген джип көлігін мініп жүр екен.

Ал бас имамның өзі қалада жоқ. Денсаулығына байланысты астанаға кетіпті. Ал қызметтік көлігі орнында.

Наиб имамның айтуынша, мешітке тиесілі 4 көліктің  сатылып кеткені рас болып шықты.

“Сатты деген көліктер олар әбден тозығы жеткен көліктер. Былтырғы жылы сатылды. 2020 жылы. Барлығы құны 11 млн-дай болды. Былтыр 6 имамымызға қызметтік пәтер дайындағанбыз, солардың шаруашылығына және мешіттерге бейнекамералар орнатылған соларға және ішкі коммуналдық шығындарға сол қаржылар жұмсалды”, – дейді “Иманғали” мешітінің наиб имамы Арман Исаев.

Қаладағы қымбат мөлтекаудандарының бірінен Бас имамға арналып, қызметтік 4 бөлмелі пәтер сатып алынған. 4 көліктің бірінен түскен 9 млн теңгеге өңір кәсіпкерінің бірі ақша қосқан.

Оны Алтынбек Ұтысханның өзі де айтты. Айтуынша, бұған дейін орталық мешітке тиесілі қызметтік пәтер болмаған.

“Басқа адам келген кезде бас ауырып жүрмеу керек. Ол өзінің мешіттің қызметтік үйі болу керек. Ол жерде ремонт жұмыстары жүргізіліп жатыр. Оны Алла қаласа құжаттарын көрсете аламын. Бұл жала деп есептеймін. Ол жерде айтылған мәселеге нақты дәлелдермен келтіріп біз айта аламыз. Оның барлығы заңды тұрғыда бар”, – дейді Атыраудың бас имамы Алтынбек Ұтысқан.

Астына мініп жүрген жол толғамайтын көлігін, облыстың бұрынғы әкімі мешітке сыйға тартқанын жеткізді.

“Бас мүфти бастаған делегацияның Атырау сапарына да, мешіттен бір тиын шығын шықпады”, – дейді бас имам. Жұмсалған 2 млн 400 мың теңгені де аймақ кәсіпкерлері көтеріп алыпты.

Әлеуметтік жазбадағы ақпараттарына қатысты мешіт заңгерлері қазір жұмысты бастап кеткен. Олар жалған ақпарат таратқан авторды іздестіріп жатыр. Табылған жағдайда құзырлы органдарға ұсыну, не ұсынбау жағын әлі шешпепті.

Jasyn

Jasyn

Next Post
Қазақстандық кәсіпкерлер мобильді аударымдар үшін енді бөлек шот ашады

Қазақстандық кәсіпкерлер мобильді аударымдар үшін енді бөлек шот ашады

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Recommended

Келешекке арналған жоба

Келешекке арналған жоба

8 месяцев ago
Қазақстанда педагогтердің, медицина және әлеуметтік қызметкерлердің жалақысы өсті

Қазақстанда педагогтердің, медицина және әлеуметтік қызметкерлердің жалақысы өсті

3 года ago

Popular News

    Connect with us

    Jasyn

    Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18
    SUBSCRIBE

    Яндекс.Метрика

    Біз туралы

    We bring you the best Premium WordPress Themes that perfect for news, magazine, personal blog, etc. Check our landing page for details.

    • About
    • Advertise
    • Careers
    • Contact

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    No Result
    View All Result
    • Home

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    Welcome Back!

    Login to your account below

    Forgotten Password?

    Retrieve your password

    Please enter your username or email address to reset your password.

    Log In