• RU
Среда, 21 мая, 2025
  • Login
No Result
View All Result
Бізге жазылу
JASYN
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
No Result
View All Result
JASYN
No Result
View All Result
Home Әлеумет

«Астана» университеті лицензиясынан айырылды

by Jasyn
06/03/2024
in Әлеумет
0
«Астана» университеті лицензиясынан айырылды
0
SHARES
0
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Қазақстанда бірнеше Жоғары оқу орындары лицензиясынан айырылды. Олардың қатарында  Орталық Азия университеті, Ақтау гуманитарлық-техникалық университеті (бұрынғы Қазақстан теңіз университеті) және «Астана» университеттері бар. Бұл туралы ҚР БҒМ баспасөз қызметі хабарлады. Қазақстандық аккредиттеу агенттіктері  аталмыш білім ордаларының аккредиттеу туралы куәліктерін кері қайтарып алған. Енді олар «Білім туралы» Заңға сәйкес лицензиясыз және аккредитациясыз  диплом бере алмайды. 

 «Біздің ұйым оқу орындарының білім беру бағдарламаларын сараптап, сапа стандарттарына сәйкестігін анықтауға және оларға аккредитация беру жұмыстарына жауапты. Аталған екі жоғары оқу орны (Ақтау гуманитарлық-техникалық университеті мен «Астана» университеті) біздің сарапшыларымызды оқу ғимараттарына кіргізбей, аккредиттеуден кейін жүргізілетін мониторинг жұмыстарына кедергі жасады. Сондықтан біз олардың аккредитацияларын кері қайтарып алу туралы шешім қабылдадық», – деді «Аккредиттеудің тәуелсіз қазақстандық орталығы» коммерциялық емес ұйымның директоры Бегалы Халмұратов.

Айта кетейік, бұл жоғары оқу орындары бұған дейін Білім және ғылым министрлігінің өкілдеріне де жоспарлы тексерулер жүргізуге кедергі келтірген болатын. Жоспарлы тексеру жұмыстары болатыны туралы алдын ала хабардар болғанын ескеру қажет. Министрлік пен аталған жоғары оқу орындары арасындағы сот процедураларының жүргізіліп жатқанына бір жарым жыл болды.

Аккредиттеу және рейтингтің тәуелсіз агенттігі де (НААР/IAAR) аккредиттеуден кейінгі мониторинг қорытындысы бойынша Орталық Азия университетінің аккредитациясын кері қайтарып алды.

        «Аккредиттеу және рейтингтің тәуелсіз агенттігінің (IAAR) рәсімдеріне сәйкес білім беру ұйымдары аккредиттеуден кейінгі мониторингтен өтуі тиіс. Бұл мониторинг кезінде оқу орнына берілген ұсынымдардың орындалуы тексеріледі. Орталық Азия университеті аккредиттеуден кейінгі мониторинг рәсімінен өтуден бас тартты және IAAR ұсынымдарының орындалуы туралы есепті бермеді. Осыған сәйкес IAAR Аккредиттеу Кеңесі жоғары оқу орнының аккредиттеу туралы куәлігін қайтарып алу туралы шешім қабылдады» – деді «Аккредиттеу және рейтингтің тәуелсіз агенттігі» коммерциялық емес ұйымның бас директоры Алина Жұмағұлова.

Сондай-ақ «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының адами капиталды дамыту департаментінің директоры Азамат Бейсенбенов жұмыс берушілер бұл жоғары оқу орындарының білім сапасына қанағаттанбайтынын атап өтті. Оқу орнында болашақ мамандарға білім мен кәсіби дағдылар қажетті деңгейде берілмейді.

«Бұл университетке қатысты біраз дүниені айтуға болады. Мысалы, жоғары оқу орындары бойынша жасалған 2020 жылғы рейтинг қорытындысын алып қарайық. Орталық Азия университетінің білім беру бағдарламаларының сапасы мен өзектілігіне жұмыс берушілердің қанағаттану көрсеткіші небәрі 32 пайызды құрайды. Сарапшылар жоғары оқу орны ұсынып отырған білім беру бағдарламалары айтарлықтай пысықтауды талап ететінін атап өтті. Университетте оқытылатын пәндердің мазмұны басқа пәндерден сөзбе-сөз көшірілген, айырмашылық тек пән атауларында. Мұндайға жол беруге болмайды. Орталық Азия университетіне қатысты қатаң шаралар қабылдау қажет», – деді «Атамекен» ҰКП департамент директоры Азамат Бейсенбенов.

Білім және ғылым министрлігі, аккредиттеу агенттіктері және жұмыс берушілер жоғары білім сапасын арттыру бойынша ортақ мақсаттарға қол жеткізу үшін бірлесіп жұмыс істеп жатыр.

      «Естеріңізде болса, дәл осы үш жоғары оқу орны бізге де тексеру жұмыстарын жүргізуге кедергі жасады. Осыған дейін жүргізілген тексерулер нәтижесінде бұл оқу орындарында бірқатар бұзушылық анықталған болатын. Аккредитациялары бойынша да проблемалары болды. Өткен жылы түлектері дипломдарын уақытылы ала алмай қиналған еді. Салдарынан магистратураға оқуға түсу немесе жұмысқа тұруға байланысты қиындықтарға тап болды. Өкінішке орай, бұл жоғары оқу орындарында оқуын жалғастырып жатқан студенттер бұл жағдайдан сабақ алмады. Биыл да кадрларды дайындау сапасына қатысты сол мәселелер көтеріліп жатыр. Енді бұл оқу орындары бұған дейін жүргізген тексерулеріміздің нәтижелері бойынша тиісті шешім қабылдауымызға кедергі келтіріп, түрлі амалдарымен уақытты созып жатыр», – деді ҚР БҒМ Білім және ғылым саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитетінің төрайымы  Гүлзат Көбенова.

 

 

Jasyn

Jasyn

Next Post
Вакцина оразаны бұза ма?

Вакцина оразаны бұза ма?

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Recommended

Елбасына ескерткіш орнату идеясы мүлдем ұнамайды – Айдос Үкібай

Елбасына ескерткіш орнату идеясы мүлдем ұнамайды – Айдос Үкібай

4 года ago
Қазақстандық кәсіпкерлер мобильді аударымдар үшін енді бөлек шот ашады

Қазақстандық кәсіпкерлер мобильді аударымдар үшін енді бөлек шот ашады

4 года ago

Popular News

    Connect with us

    Jasyn

    Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18
    SUBSCRIBE

    Яндекс.Метрика

    Біз туралы

    We bring you the best Premium WordPress Themes that perfect for news, magazine, personal blog, etc. Check our landing page for details.

    • About
    • Advertise
    • Careers
    • Contact

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    No Result
    View All Result
    • Home

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    Welcome Back!

    Login to your account below

    Forgotten Password?

    Retrieve your password

    Please enter your username or email address to reset your password.

    Log In