• RU
Воскресенье, 18 мая, 2025
  • Login
No Result
View All Result
Бізге жазылу
JASYN
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
No Result
View All Result
JASYN
No Result
View All Result
Home Ақ самаурын

Ашу

by Jasyn
06/03/2025
in Ақ самаурын
0
Ашу
0
SHARES
81
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

«Ашу – дұшпан» деген рас екен. Ашуланған кезде адам баласын жақтырмай кетесің ғой. Мен ашуланған кезде келіншегім үйде аяғының ұшымен жүреді. Аузындағысын айтсам ба екен, айтпасам ба екен дегендей қас-қабағымды бағып отырады.

Өткенде үйге өзімше ашуланып келгенмін ғой. Қабағым түксиіп, тынысым тарылып, тарс-тұрс етіп жүрсем, келіншегім бірнәрсені айта алмай, ары-бері көлбеңдей береді. «Не болды?» дедім бірден. Күмілжіп тұрып айтты. Күн сайын жетінші сыныпта оқитын баламды көлігіммен мектептен алып қайтып жүрмін ғой. Кешкі сағат тоғыздан кейін. Енді бүгін бір ата-ана келіншегіме телефон шалып, жұмыстан шыға алмай жатқанын айтып, баласын үйіне жеткізіп тастауды өтініпті. Бірақ ол бала қаланың екінші басында тұрады екен. Біздің үй мен ол жақ тіптен алыс.

— Сонда түн ішінде қаланың ана басына, теміржолдың ар жағына барамын ба?

— Енді амал жоқ қой, Орал! Бір өтініп қалған екен…

— Машинасы жоқ деп айта салмайсың ба?

— Енді ұят қой, Орал…

Сонымен қабағым түксиіп мектепке кеттім.

Менің балам мен әлгі бала мектеп қақпасының алдында тұр екен. Сигнал бастым. Жүгіріп кеп екеуі салонға отырды. Әлгі бала қолын созып амандасып жатыр. Салқын амандастым-ау деймін. Екі бала да көңіл-күйімнің жоқ, ашулы екенімді бірден сезді. Рульге жабысып бедірейіп отырмын. Тіпті екеуі отырған арт жаққа мойын бұрмаймын. Тым-тырыс келе жатырмыз. Құдай біледі, екеуі де сөйлеуге менен бата алмай отыр.

Айттым ғой, «Ашу – дұшпан» деп… Ашуланғанда көзің тұманданып, айналаңды көрмей қаласың ғой деймін. Мектептен енді ұзай бергенде бағдаршамның сары шамына өтіп кетіп, МАИ-дың ысқырығы шыр ете қалғанда есімді бір-ақ жинадым.

Иә, жол полициясы қызметкері маған ысқырыпты. Қызыл таяғын шолтаң еткізді де, көшенің шет жағын көрсетіп, тоқтауымды өтінді.

Ал, сонымен басталды. Құжаттарды көрсеттім. Бір қарады да көліктің ішінде отырған жол полициясы қызметкеріне бере салды. «Журналист едім» десем, түсінбейді. Протокол толтырайын деп жатыр. Танитын полиция қызметкерлерімнің атын-жөнін айтып, тізіп шықтым. Пысқырмады да… «Соларға телефон шалайын» десем, «Сөйлеспеймін» деп бедірейеді.

Не істерімді білмей, сыртта мәңгіріп тұр едім. Көліктен әлгі бала түсті. «Әй, шықпаңдар көліктен, тыныш отырыңдар…» дегенімше болған жоқ. Әлгі бала көше бойында тұрған жол полициясы қызметкеріне: «Бақтияр көке, қалайсыз? Мен ғой… Біржан» деп, айқайлады. Ұзын бойлы жол полициясы қызметкері жақын кеп жарықты қолымен көлегейлеп, тесіліп қарады. Сөйтті де: «Ой, Біржан, сен қайдан жүрсің?» деді күлімдеп. Зу етіп мен де жетіп бардым.

— Сабақтан шықтым. Мына ағай үйге жеткізіп тастауға апара жатыр… Мен бұл кісінің баласымен бірге оқимын…

Формалы жігіт маған бір, жас балаға бір қарады.

— Жүр, біздің көлікке мін. Өзім жеткізіп тастаймын.

— Жоқ, осы көлікпен-ақ бара беремін, — деді бала.

— Иә, иә… Өзім-ақ жеткізіп тастаймын ғой. Баратын жері мына тұрған жер… Әуре болмай-ақ қойыңыз, — деп, мен де зуылдай бастадым. Әлгі ашуымнан жұрнақ та қалмаған.

— Жақсы, онда жолдарың болсын! Әпкеме сәлем айт!

Ұзын бойлы жол полициясы қызметкері көлігіне барды да, құжаттарымды лезде алып шықты.

— Бауырым, інімді үйіне дейін жеткізіп тастай сал… Мақұл ма? – деді құжаттарымды қолыма ұстатып жатып…

— Әрине, әрине…

Үшеуміз жолда келе жатырмыз. Тағы да тым-тырыс отырмыз.

— Сабақтарың қалай? – дедім бір кезде. Даусым жұп-жұмсақ.

— Жақсы.

— Бүгін баға алдыңдар ма?

— Жоқ, бүгін баға қоймады…

— Сенің есімің Біржан ба?

— Иә, Біржан…

— Жаңағы жол полициясы кімің болады?

— Нағашы ағам…

— Ә, дұрыс екен… Папаң мен мамаңа айтып қой, егер жұмыстан шыға алмай жатса бірден бізге телефон шалсын… Онсыз да мектепке күн сайын келемін ғой… Апарып тастауға қиналмаймын…

— Мейлі, айтамын…

«Ұялған тек тұрмас» деген, содан сол баланың үйіне жеткенше үшеуіміз әңгіме айтып бардық.

Оралхан ДӘУІТ, «Ақ самаурын» кітабынан

Фото: Устинка

Tags: «Ақ самаурын» кітабынанОралхан Дәуіт
Jasyn

Jasyn

Next Post
Тойға барған бастығы емес, шопыры екен

Тойға барған бастығы емес, шопыры екен

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Recommended

Білім министрлігі Алматы әкімдігіне қосымша өкілеттіктер береді

Білім министрлігі Алматы әкімдігіне қосымша өкілеттіктер береді

3 года ago
Қазақфильм кинопрокатқа қандай фильмдер ұсынатыны белгілі болды

Қазақфильм кинопрокатқа қандай фильмдер ұсынатыны белгілі болды

3 года ago

Popular News

    Connect with us

    Jasyn

    Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18
    SUBSCRIBE

    Яндекс.Метрика

    Біз туралы

    We bring you the best Premium WordPress Themes that perfect for news, magazine, personal blog, etc. Check our landing page for details.

    • About
    • Advertise
    • Careers
    • Contact

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    No Result
    View All Result
    • Home

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    Welcome Back!

    Login to your account below

    Forgotten Password?

    Retrieve your password

    Please enter your username or email address to reset your password.

    Log In