Облыстық прокуратураның мәліметтеріне қарағанда 2022 жылы балаларды спорттық секция және шығармашылық үйірмелермен қамту мақсатында 1 млрд. 737,9 млн. теңге қаражат игерілсе, бюджеттен 2023 жылға — 2 млрд. 327,9 млн. теңге қаражат бөлініп, 257 413,1 мың. теңге игерілген.
Облыс аумағында Artsport бағдарламасы аясында жалпы 9520 бала спорт секциялары және шығармашылық үйірмелерімен қамтылған. Оның ішінде 4207 балалар спорт секцияларына, 5313 бала шығармашылық үйірмелерге қатысқан.
Талдау барысында 2022-2023 жылдар аралығында «Artsport» бағдарламасына бөлінген бюджет қаражатының жұмсалуы бойынша 29,2 млн.теңге сомасына заң бұзушылық анықталды. Қазіргі таңда қабылданған шаралармен мемлекеттік бюджетке 22 млн. теңге қаражат қайтарылды.
Сондай-ақ, прокуратура органдары аудан орталықтарында орта мектеп директорларының 8 спорт ғимараттарын (спортзал) өтеусіз негізде жалға беру деректерін анықтап, жалға беру шарттары бұзылды. Талапқа сәйкес келмейтін және құжаттары толық емес өнім берушілердің 300 өтінімдері анықталып, кері қайтарылды.
Жалпы прокуратура органдарымен 3 ұсыну енгізілді, оны қараумен 12 тұлға жауапткершілікке тартылды, 42 келісім-шарттар бұзылып, күштерін жойды. 285 кәсіпкердің өтінімдері қайта қаралып, жауаптар берілді.