• RU
Вторник, 3 июня, 2025
  • Login
No Result
View All Result
Бізге жазылу
JASYN
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
No Result
View All Result
JASYN
No Result
View All Result
Home Қаржы

«ART Sport» бағдарламасы — жалған мәліметтер ұсынып, бюджеттен артық қаржы алған

by Jasyn
14/04/2025
in Қаржы
0
«ART Sport» бағдарламасы — жалған мәліметтер ұсынып, бюджеттен артық қаржы алған
0
SHARES
6
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Елімізде «ART Sport» бағдарламасы бұқаралық спортты дамыту және балаларды тегін секциялар мен үйірмелерге тарту үшін іске қосылған. Алайда, кейбір кәсіпкерлер балаларды атүсті тіркегені және сабақ өткізбегенімен қоса қаржысынан бас тартпаған. Балалардың сабаққа қатысуын растайтын электрондық жүйе болмағандықтан, жалған мәліметтер ұсынылып, бюджеттен артық қаржы алғаны анықталған. Көптеген спорттық нысандарда ыстық су, душ, ауа желдеткіші, өрт қауіпсіздігі жүйелері жоқ. Оқу-жаттығуға қажетті құрал-жабдықтар жетіспейді. Жаттықтырушылардың біліктілігі төмен, олардың көпшілігі тиісті сертификаттарға ие емес.

Сенатор Геннадий Шиповских өзінің депутаттық сауалында бюджет қаржысының тиімсіз жұмсалуы, спорт инфрақұрылымының талапқа сай болмауы, жеткізушілер тарапынан заңсыз іс-әрекет және «ART Sport» мемлекеттік бағдарламасының тиісті жүйелі бақылауының болмауы мәселелері туралы айтып берді.

Сонымен қатар, ауылдық жерлерде спорт секциялары жеткіліксіз, ал балалар ірі қалаларға қатынай алмайды және қаржыландыру тетіктерінің жетілдірілмеуі салдарынан кейбір өңірлерде бағдарлама жартылай немесе толық тоқтап қалған. Мәселен, осындай заң бұзу деректері Алматы, Ақтөбе, Түркістан, Павлодар облыстарында тіркелген.

«2022-2023 жылдары бағдарлама аясында түрлі заңбұзушылықтар бойынша 38 прокурорлық қадағалау актісі енгізіліп, 43 лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды. 600-ден астам кәсіпкердің құқығы қорғалып, оларға тиесілі қаражат қайтарылды. Сондай-ақ, 22 қылмыстық іс қозғалып, 8 адам сотталды. Ең сорақысы – республика бойынша іс жүзінде сабаққа қатыспаған 8 мыңнан астам баланың тіркеуі белгілі болды. Сонымен бірге, 164 секция санитарлық талаптарға сай келмейтін жертөлелерде, пәтерлерде және жабдықталмаған залдарда өткізілген. Бағдарламаның сапасын бақылау тетіктерінің жоқтығы оның негізгі мақсатына қол жеткізуге мүмкіндік бермеген», — деп атап өтті Геннадий Шиповских.

Депутат осыған байланысты Үкіметті бірқатар түзету енгізуге шақырды. Атап айтқанда, мемлекеттік спорттық тапсырысты қаржыландыруды аудандық және қалалық деңгейлерге беру, бұл үлкен икемділік пен ашықтықты қамтамасыз етеді. Сондай-ақ, жалған тіркеулер мен теріс әрекетті болдырмау үшін қатысуды есепке алудың биометриялық жүйесін енгізу ұсынылды. Сенатор балаларды тұрғылықты жері бойынша секцияға әділ бөлу және спорт инфрақұрылымына қойылатын талаптарды қатаңдатудың маңыздылығын атап өтті. Ол сонымен қатар, жұмысты салғырт атқарған жеткізушілерге бірнеше рет заң талабын бұзғаны үшін бағдарламадан шығаруға дейін қатаң санкциялар қолдануды ұсынды.

Фото: GOV.KZ

Tags: «ART Sport» бағдарламасыспорттық нысандар
Jasyn

Jasyn

Next Post
Шымкент қаласы мен Жамбыл облысында қылмыс деңгейі өскен

Шымкент қаласы мен Жамбыл облысында қылмыс деңгейі өскен

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Recommended

ПРЕЗИДЕНТТІК ОЛИМПИАДА ЖҮЛДЕГЕРЛЕРІ БІЛІМ ГРАНТТАРЫ МЕН АТАУЛЫ СТИПЕНДИЯЛАРҒА ИЕ БОЛДЫ

ПРЕЗИДЕНТТІК ОЛИМПИАДА ЖҮЛДЕГЕРЛЕРІ БІЛІМ ГРАНТТАРЫ МЕН АТАУЛЫ СТИПЕНДИЯЛАРҒА ИЕ БОЛДЫ

2 года ago
Таразда балаға шабуыл жасаған ер адам психиатриялық ауруханаға жатқызылды

Таразда балаға шабуыл жасаған ер адам психиатриялық ауруханаға жатқызылды

4 года ago

Popular News

    Connect with us

    Jasyn

    Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18
    SUBSCRIBE

    Яндекс.Метрика

    Біз туралы

    We bring you the best Premium WordPress Themes that perfect for news, magazine, personal blog, etc. Check our landing page for details.

    • About
    • Advertise
    • Careers
    • Contact

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    No Result
    View All Result
    • Home

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    Welcome Back!

    Login to your account below

    Forgotten Password?

    Retrieve your password

    Please enter your username or email address to reset your password.

    Log In