• RU
Среда, 21 мая, 2025
  • Login
No Result
View All Result
Бізге жазылу
JASYN
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
No Result
View All Result
JASYN
No Result
View All Result
Home білім

Арнайы бағдарламаға қатысуға 800-ден астам мұғалім өтініш берді: құжат қабылдау жалғасып жатыр

by Jasyn
06/03/2024
in білім
0
Арнайы бағдарламаға қатысуға 800-ден астам мұғалім өтініш берді: құжат қабылдау жалғасып жатыр
0
SHARES
0
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Оқу-ағарту министрлігі мұғалімдер тапшылығы немесе білім сапасы нашар өңірлерге үздік мұғалімдерді тарту үшін арнайы бағдарлама әзірлеген болатын. Мұндай мәселе Түркістан, Атырау, Маңғыстау және Алматы облыстарында байқалады. Бұл өңірлерде математика, физика, химия, орыс тілі мен әдебиеті, шет тілі мұғалімдері тапшы.

Үздік педагогтерді тартуға арналған арнайы бағдарламада мұғалімдерді қолдауға бағытталған шаралар кешені бар. Атап айтқанда, лауазымдық жалақының 250% мөлшерінде ынталандыру төлемдері, оның ішінде жалақыны көтеру, тұрғын үйді жалдау ақысын және коммуналдық төлемдер шығын өтеу қарастырылған.

«Арнайы бағдарламаға қатысу үшін құжаттар 2022 жылғы 21 шілдеге дейін қабылданады. Алғашқы аптада педагогтерден 800-ден астам өтініш түсті. Қажетті құжаттар тізімі жергілікті атқарушы органдардың және НЗМ ақпараттық ресурстарында орналастырылған. Жалақыға қосылған үстемеақыға жалдамалы тұрғын үй мен коммуналдық төлемдерді өтеу кіреді. Сондай-ақ арнайы бағдарлама бойынша төрт облыстың біріне қоныс аударған педагогтің балаларына балабақша мен орта мектептерден орын беріледі. Сондай-ақ конкурстан өткен мұғалімдермен 5 жылға еңбек шарты жасалады», — деп атап өтті ҚР Оқу-ағарту министрлігі Мектепке дейінгі және орта білім комитетінің төрағасы Гүлмира Кәрімова.

Байқауға қатысу үшін өтінішті облыстың білім басқармасына беруге болады. Конкурсқа тиiстi бейiндер бойынша жоғары педагогикалық, жоғары кәсiптiк бiлiмi бар, «педагог-сарапшы», «педагог-зерттеуші», «педагог-шебер» бiлiктiлiк санаттары бар мұғалімдер, сондай-ақ оқу үлгерiмi жақсы жоғары оқу орындарының педагогика мамандықтарының түлектерi қатыса алады.

Конкурс екі кезеңнен тұрады: компьютерлік тестілеу және эссе жазу, сонымен қатар әңгімелесу. Тестілеу мен эссе жазу үміткердің таңдауы бойынша компьютер форматында қазақ, орыс немесе ағылшын тілдерінде өтеді. Ол еліміздің 17 аймағындағы НЗМ базасында жүзеге асырылады. Негізгі пән бойынша тест 25 тапсырмадан тұрады, ал эссе көлемі 350 сөз.

Құжаттарды қабылдау туралы қосымша ақпаратты өңірлердегі Call-орталық мамандары мен Мектепке дейінгі және орта білім комитетінің сайтынан алуға болады.

Tags: 800-ден астамқұжат қабылдаумұғалім
Jasyn

Jasyn

Next Post
Қазақстандықтардың берешегі 24,3 млрд. теңгені құрады

Қазақстандықтардың берешегі 24,3 млрд. теңгені құрады

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Recommended

Тоқаев Ресейдегі ұшақ апатына байланысты Путинге көңіл айтты

Тоқаев Ресейдегі ұшақ апатына байланысты Путинге көңіл айтты

4 года ago
Жамбыл облысындағы рейдтік іс-шаралардың  алғашқы күнінде полицейлер 600-ден астам жол қозғалысы ережелерін бұзу деректерін анықтады

Жамбыл облысындағы рейдтік іс-шаралардың алғашқы күнінде полицейлер 600-ден астам жол қозғалысы ережелерін бұзу деректерін анықтады

3 месяца ago

Popular News

    Connect with us

    Jasyn

    Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18
    SUBSCRIBE

    Яндекс.Метрика

    Біз туралы

    We bring you the best Premium WordPress Themes that perfect for news, magazine, personal blog, etc. Check our landing page for details.

    • About
    • Advertise
    • Careers
    • Contact

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    No Result
    View All Result
    • Home

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    Welcome Back!

    Login to your account below

    Forgotten Password?

    Retrieve your password

    Please enter your username or email address to reset your password.

    Log In