• RU
Четверг, 9 октября, 2025
  • Login
No Result
View All Result
Бізге жазылу
JASYN
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
No Result
View All Result
JASYN
No Result
View All Result
Home • Өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы бюджет қаражатын ұтымды және есепті пайдалану салық саясаты

«Әрбір тиын халықтың игілігіне жұмсалуы тиіс»

Түркістан облысы Сауран ауданының әкімі Мақсат Таңғатаровтың төрағалығымен өткен кезекті апталық аппараттық мәжілісте аудан экономикасы мен қаржы мәселесі қаралды.

by Jasyn
23/09/2025
in • Өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы бюджет қаражатын ұтымды және есепті пайдалану салық саясаты
0
«Әрбір тиын халықтың игілігіне жұмсалуы тиіс»
0
SHARES
7
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Аудан әкімдігінің экономика және қаржы бөлімінің басшысы Ильяс Мырзахметов индикаторлық жоспардың орындалуы мен аудандық бюджеттің үшінші тоқсандағы болжамды игерілуі жөнінде баяндады. Ол негізгі әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштердің орындалу деңгейін баяндап, қаржы игерудегі көрсеткіштерді атап өтті.

Мақсат Таңғатаров баяндамаларды тыңдағаннан кейін бірқатар нақты тапсырмалар берді. Қаржы мәселесіне тоқталған әкім бюджеттік қаражаттың игерілуіне ерекше назар аударды. «Әрбір тиын халықтың игілігіне жұмсалуы тиіс. Жоспарланған қаражат толық әрі уақытылы игерілмесе, бұл — жауапсыздықтың белгісі. Қаржының игерілуі бойынша әр айдың қорытындысы жария түрде қаралады. Тиісті бөлім басшылары бұл жұмысты созбалаңға салмай, нақты нәтижесін көрсетсін. Барлық тапсырмалардың орындалуын өзім қатаң бақылауға аламын», — деп қадап айтты Мақсат Таңғатаров.

Сондай-ақ Сауран ауданының әкімі Мақсат Таңғатаров Шаға ауылдық округінде жергілікті тұрғындармен кездесу өткізіп, бұл жиында салықтың негізі болып отырған сауда мәселесі кеңінен әңгіме болды. Кездесуге ауыл тұрғындары, кәсіпкерлер мен округ әкімдігі өкілдері қатысты.

Жиын барысында аудан басшысы ауыл азаматтарының тұрмыс-тіршілігімен танысып, олардың ұсыныс-пікірлерін тыңдады. Әсіресе, Шымкент–Қызылорда бағытындағы автожол бойында маусымдық өнімдер саудасымен айналысатын кәсіпкерлердің мәселелері кеңінен қаралды.

Кәсіпкерлер жол бойында көкөніс, жеміс-жидек және басқа да маусымдық өнімдерді сатумен айналысатынын айтты. Алайда олардың саудасы заңнама талаптарына толық сай келмейтін болғандықтан, бұл бағытта белгілі бір қиындықтар туындап отыр. Осыған орай аудан әкімдігі тарапынан нақты шешімдер ұсынылды. Атап айтқанда, арнайы жер телімін бөліп, сол аумақта заманауи талаптарға сай шағын дүкендер желісін дамыту бойынша жобалар қолға алынбақ. Бұл бастама – жол бойы саудасын заңдастырып, кәсіпкерлердің жұмысын тұрақты әрі қауіпсіз етуге бағытталған.

Әкімдік пен кәсіпкерлер арасында өзара келіссөздер жүргізіліп, тараптар бірлесіп жұмыс істеуге ниет білдірді. Алдағы уақытта бұл мәселе бойынша арнайы жұмыс тобы құрылып, тағы да жиналыс өткізу жоспарланып отыр. Сауран ауданы әкімдігі кәсіпкерлік бастамаларды қолдауға және заң аясында барлық жағдай жасауға дайын екенін жеткізді.

Ал, Иассы ауылдық округінде ірі кондитерлік цехтардың басын біріктіретін жаңа өндірістік кластер – «ДәмОрда» құрылысы басталды. Бұл жоба Сауран ауданының әкімі Мақсат Таңғатаровтың бастамасымен қолға алынып, өңірдің экономикалық-әлеуметтік дамуына серпін бермек.

Бүгін меморандум негізінде арнайы бөлінген 6,3 гектар жер телімінде құрылыс жұмыстарының алғашқы қазығы қағылды. Кәсіпкерлермен келіссөздер жүргізіліп, меморандум арқылы өндірістік аймақ үшін нақты жер телімдері бөлініп, алғашқы нысандардың орындары белгіленді. Бұл жоба өнім сапасын арттырып қана қоймай, өңірдегі бәсекеге қабілеттілікті нығайтуға бағытталған. Жаңа өндірістер ішкі нарықты отандық өніммен толық қамтамасыз етеді.

Алдағы уақытта құрылыс жұмыстары кезең-кезеңімен басталып, жоба толық жүзеге асырылатын болады. Кәсіпкерлердің ынтымақтастығы мен мемлекеттік қолдау нәтижесінде «ДәмОрда» өндірістік кластері аймақ экономикасына жаңа серпін береді деп күтілуде.

Тағы бір айтары, Сауран ауданында өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына тың серпін беретін жаңа өндіріс ошағының іргетасы қаланды. «Мақтұм Сейіт» ЖШС, Түркияның CORUNEX компаниясы және Сауран ауданы әкімдігі үш жақты меморандумға қол қойып, Үшқайық ауылдық округіндегі арнайы өндірістік аймақтың 3 гектар аумағында жобаны жүзеге асыруды бастайды.

Жобаның жалпы құны – 3 миллиард теңге. Бұл қаржыға қасбет бояулары мен гидрооқшаулағыш материалдарын шығаратын заманауи зауыт салынады. Өндірістік қуаты тәулігіне 8-10 тонна өнімді құрайды. Жоба толық іске қосылған соң, ішкі нарықтағы импортты алмастыруға, сондай-ақ Өзбекстан мен Қырғызстанға экспорт көлемін арттыруға мүмкіндік береді.

Шараға Түркістан облысының Кәсіпкерлік және сауда басқармасының басшысы Нұржігіт Мырзахметов қатысып, жобаның аймақ үшін маңыздылығына тоқталды.

– Бұл – өңіріміздегі индустриялық-инновациялық дамуға үлес қосатын ірі бастама. Жоба жаңа жұмыс орындарын ашумен қатар, отандық өнімнің бәсекеге қабілеттілігін арттырады. Түркістан облысы инвесторларға барынша қолайлы жағдай жасап келеді, – деді басқарма басшысы.

Фото: BAQ.KZ

Tags: аудан экономикасы мен қаржы мәселесіиндустриялық-инновациялық дамуқаржы игеруотандық өнімТүркістан облысы Сауран ауданы
Jasyn

Jasyn

Next Post
Жергілікті бюджетке түсетін салық көлемі артады

Жергілікті бюджетке түсетін салық көлемі артады

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Recommended

Субсидияны «бір алып, бір қосқаннан» кәсіпкерлік дамымайды.

Субсидияны «бір алып, бір қосқаннан» кәсіпкерлік дамымайды.

3 года ago
Битбай қу

Битбай қу

1 год ago

Popular News

    Connect with us

    Jasyn

    Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18
    SUBSCRIBE

    Яндекс.Метрика

    Біз туралы

    We bring you the best Premium WordPress Themes that perfect for news, magazine, personal blog, etc. Check our landing page for details.

    • About
    • Advertise
    • Careers
    • Contact

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    No Result
    View All Result
    • Home

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    Welcome Back!

    Login to your account below

    Forgotten Password?

    Retrieve your password

    Please enter your username or email address to reset your password.

    Log In