• RU
Четверг, 16 октября, 2025
  • Login
No Result
View All Result
Бізге жазылу
JASYN
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
No Result
View All Result
JASYN
No Result
View All Result
Home • Өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы бюджет қаражатын ұтымды және есепті пайдалану салық саясаты

Әрбір нысан – ауданның ажары

Түркістан облысы Келес ауданының әкімі Жәнібек Ағыбаев Ұшқын елді мекенінің тұрғындарымен кездесті. Ашық форматта өткен кездесуде тұрғындар ауылдағы газдандыру, көшелерге шағал төсеу және жаңа мектеп салу мәселелерін көтерді. Аудан басшысы елді мекенді газдандыру жұмыстарына қажетті жобалық құжаттамалар дайындалып, облыстық бюджеттен қаржы бөлінгенін жеткізіп, ауылдың даму бағытындағы атқарылып жатқан жұмыстарды атап өтіп, нақты жауап берді.

by Jasyn
14/10/2025
in • Өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы бюджет қаражатын ұтымды және есепті пайдалану салық саясаты
0
Әрбір нысан – ауданның ажары
0
SHARES
6
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

— Келес ауданына қарасты Ұшқын елді мекенінде халық игілігі үшін бірқатар маңызды жобалар жүзеге асуда. Атап айтқанда, 200 орындық жаңа мектеп салу үшін жобалық-сметалық құжаттамалары әзірленіп, облыстық білім басқармасына ұсыныс енгізілді. Бұл ауылдың жас ұрпағы үшін қолайлы білім ордасын қалыптастыруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, елді мекенді газдандыру жұмыстары да қарқынды жүргізілуде. Қажетті жобалық құжаттамалар дайындалып, мемлекеттік сараптамадан өтіп, облыстық бюджеттен қаржы бөлінді. Бүгінде ішкі жүйелерді тарту жұмыстары аяқталу сатысында, — деді аудан әкімі Жәнібек Ағыбаев.

Ауыл инфрақұрылымын дамыту бағытында тағы бірқатар жобалар қолға алынған. Ұзындығы 4,1 шақырым көшеге тас шағал төсеу үшін құжаттар дайындалып, қаржы көздері нақтыланған соң жол жөндеу жұмыстары жүргізілетін болады. Бұдан бөлек, ұзындығы 4 шақырым болатын Ұшқын каналы 2025 жылдың көктемінде мемлекет есебінен механикалық тазалаудан өтті.

Бұған дейін елді мекен ішіндегі электр жүйелері жаңартылып, түнгі жарық шамдары орнатылған. Сондай-ақ, тұрғындардың денсаулығын қорғау мақсатында жаңа дәрігерлік амбулатория пайдалануға берілген. Кездесу барысында тұрғындар көтерген мәселелер жергілікті атқарушы органдардың бақылауына алынды.

Келес ауданында тұрғындарды таза ауыз сумен қамтуға бағытталған құрылыс жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. Аудан әкімі Жәнібек Ағыбаев Ақтөбе ауылдық округіндегі Жуантөбе, Жаңадәуір және Ынтымақ елді мекендеріндегі нысандарды аралап, жұмыс барысымен танысты.

Бүгінде жалпы құны 10,4 млрд теңгені құрайтын 12 нысанның құрылысы қолға алынған. Жобалар Ақтөбе, Бірлік және Жүзімдік ауылдық округтерін қамтиды. Қазіргі таңда олардың басым бөлігі аяқталу кезеңіне жетті.

— Халықтың тұрмыс сапасының басты көрсеткіші – таза ауыз суға қолжетімділік. Сондықтан әрбір ауылдағы құрылыс жұмыстарын қатаң бақылап, сапасына ерекше көңіл бөліп отырмыз, – деді Жәнібек Ағыбаев.

Жуантөбе ауылындағы су жүйелерінің 86 пайызы орындалып, екінші көтермелі насос станциясы мен жаңа резервуар салынуда. Жаңадәуір елді мекенінде де насос станциясы орнатылып, абаттандыру жұмыстары жүріп жатыр. Ал Ынтымақта 100 кубтық қосымша резервуар пайдалануға берілді.

Жалпы аудан көлемінде 278 шақырым құбыр тартылып, 2620 метр тереңдікте ұңғымалар қазылды. Құрылыс жұмыстарының орташа көрсеткіші 98 пайызға жеткен.

Сондай-ақ аудан басшысы орталықтағы бірқатар құрылыс және абаттандыру нысандарын аралап, жұмыстардың барысын қатаң бақылаудан өткізді.

Алдымен №13 колледж жанындағы жатақхананың күрделі жөндеу жұмыстарымен танысқан аудан басшысы мердігердің жұмыс қарқынын төмен деп бағалап, кемшіліктерді сынға алды. Ол жөндеу сапасын арттырып, нысанды белгіленген мерзімде толық аяқтауды талап етті. Сонымен қатар ғимараттың айналасын абаттандыру жұмыстарын да міндеттеді.

— Халық күтіп отыр. Әрбір нысан – ауданның ажары. Сондықтан кім жұмысқа кірісті, сол жауапкершілікті сезініп, мерзімінде әрі сапалы орындасын. Уәде – сөз емес, нәтиже болуы керек, – деді аудан әкімі Жәнібек Есенұлы.

Бұдан кейін Асан Қайғы көшесіндегі абаттандыру барысы тексеріліп, Рәміздер алаңының құрылысы қаралды. Мұнда да жұмыстардың мерзімінен кешіктірілгені анықталып, мердігерге бірқатар ескерту жасалды. Келісімшарт талаптарын бұзғаны үшін айыппұл салынғаны атап өтілді.

— Сапа мен уақыт – басты өлшем. Бітпеген нысанға сылтау емес, нақты іс қажет. Егер жұмысты атқара алмасаңыз, орныңызды босатыңыз. Бізге қолға алған істі абыроймен аяқтайтын жауапты мердігерлер керек, – деп қатаң ескертті аудан басшысы.

Фото: Келес Ауданы Әкімдігі

Tags: Ауыл инфрақұрылымын дамытужаңа дәрігерлік амбулаториятаза ауыз сумен қамтуТүркістан облысы Келес ауданы
Jasyn

Jasyn

Next Post
Халық саябақ құрылысының бітуін асыға күтіп жүр

Халық саябақ құрылысының бітуін асыға күтіп жүр

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Recommended

Ресей БҰҰ жанындағы Адам құқықтары жөніндегі кеңеске дауыс беру құқынан айырылды

Ресей БҰҰ жанындағы Адам құқықтары жөніндегі кеңеске дауыс беру құқынан айырылды

4 года ago
Жағдай осылай жалғасатын болса, тиісті қызметкерлерді лауазымынан босату қажет

Жағдай осылай жалғасатын болса, тиісті қызметкерлерді лауазымынан босату қажет

2 года ago

Popular News

    Connect with us

    Jasyn

    Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18
    SUBSCRIBE

    Яндекс.Метрика

    Біз туралы

    We bring you the best Premium WordPress Themes that perfect for news, magazine, personal blog, etc. Check our landing page for details.

    • About
    • Advertise
    • Careers
    • Contact

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    No Result
    View All Result
    • Home

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    Welcome Back!

    Login to your account below

    Forgotten Password?

    Retrieve your password

    Please enter your username or email address to reset your password.

    Log In