• RU
Среда, 9 июля, 2025
  • Login
No Result
View All Result
Бізге жазылу
JASYN
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
No Result
View All Result
JASYN
No Result
View All Result
Home • Бюджеті қаражатын ұтымды және есепті пайдалану өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы қаржылық сауаттылық

«Әр тиын мақсатты әрі тиімді жұмсалуы қажет»

Түркістан облысы Мақтаарал ауданы әкімдігінде кезекті аппарат мәжілісі өтіп, аудан бюджетінің игерілу деңгейі талқыланды.

by Jasyn
09/07/2025
in • Бюджеті қаражатын ұтымды және есепті пайдалану өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы қаржылық сауаттылық
0
«Әр тиын мақсатты әрі тиімді жұмсалуы қажет»
0
SHARES
4
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Аудандық қаржы бөлімінің басшысы аудан бюджетінің орындалу көрсеткіштері бойынша баяндама жасап, жыл басынан бері орын алған кейбір кемшіліктер, жоспарды толық әрі тиімді игеру бағытында кездесіп жатқан кедергілер туралы баяндады. Жиын барысында аудан әкімінің міндетін атқарушы Нұрбол Саттаров хаттамалық тапсырмалардың орындалуына салғырт қараған ауыл әкімдерін ерекше атап, олардың әрқайсысынан жеке-жеке жауап алды.

«Әрбір мемлекеттік қызметші халықтың сенімін ақтап, жүктелген міндетке аса жауапкершілікпен қарауы керек. Бастамалар мен тапсырмалар орындалу үшін емес, нақты нәтиже беруі тиіс. Тәртіп пен талап бар жерде даму болады» – деді, жиынды қорытындылаған Нұрбол Саттаров.

Биыл ауданда 5 мектеп күрделі жөндеуден өтіп жатыр. Бұл мектептердің шатырлары толық ауыстырылып, терезелері мен еден жабындылары жаңартылуда және жылу жүйесін қайта орнату сынды жұмыстар жүргізілуде. Құрылыс басында болған аудан әкімінің орынбасары Бижан Анарбеков мердігер компания өкілдеріне жұмыстың сапасы мен мерзімі басты талап екенін ескертті.

«Білім беру мекемелерінің қауіпсіздігі мен жайлылығы – бірінші кезекте. Балаларымыз заманауи, жылы әрі қауіпсіз мектептерде білім алуға тиіс. Әр тиын мақсатты әрі тиімді жұмсалуы қажет. Біз бұл жұмыстарды үнемі бақылауда ұстаймыз» — деді, әкім орынбасары.

Бижан Анарбеков кейбір нысандарда жұмыс қарқыны баяу жүріп жатқанын атап өтіп, тиісті ескертулер жасады. Ол мердігер ұйым басшыларымен кездесіп, жөндеуді жеделдету және сапаны арттыру жөнінде нақты тапсырмалар берді.

Жалпы алғанда Мақтаарал ауданы 2025 жылдың алғашқы бес айында әлеуметтік-экономикалық даму тұрғысынан бірқатар оң өзгерістерге қол жеткізді. Аудан бюджетінің кірістері мен шығыстары 6,8 млрд теңгені құрап, жоспарға сәйкес орындалды. Сонымен қатар, негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 9,4 млрд теңгеге жетіп, 2024 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 3,4 млрд теңгеге немесе 1,5 есеге өсті. Бұл көрсеткішті жыл соңына дейін 51 млрд теңгеге дейін ұлғайту жоспарланып отыр. Бұл туралы БАҚ өкілдеріне баспасөз мәслихатын өткізген Мақтаарал ауданының әкімі Асанов Бақыт Насырханұлы айтты.

Ауданның экономикалық әлеуетін арттыру мақсатында 2025 жылы бірқатар ірі жобалар жүзеге асырылып жатыр. Олардың қатарында жылына 10 мың метр мата өндіретін өндіріс — «EL KZ-2020» ЖШС, 6 мың тонна бақша өнімін экспорттау жобасы — «Агрогруз» ЖШС, 10 мың тонна ет өнімін терең өңдейтін — ЖК «Дүкенбаев Салман», жылына 3 мың тонна мақта тұқымын өндіретін — «БИФАС» ЖШС, 5 мың тонна мақта майын өңдеу өндірісі — «Cotton MАЙ» ЖШС, мақта тұқымын өңдеу және пластик қалдықтарын қайта өңдеу жобалары — «BEGASH» ЖШС, тәулігіне 90 тонна күріш өңдейтін зауыт — «Бек» ЖШС және жылына 30 мың дана мектеп формасын тігу өндірісі — «FAN GAO» ЖШС-лары бар.

Бұдан бөлек, ауданның инвестициялық әлеуетіне оң өзгеріс алып келетін бірнеше ауқымды жобалар жүзеге асуда. Атап айтқанда, «Атамекен» кедендік бекетінің, «Орталық Азия» халықаралық өндірістік кооперация орталығының, «Дарбаза – Мақтаарал» теміржолының, М-39 «Ташкент-Термез» жол дәлізінің құрылысы жобалары Мақтаарал ауданының әлеуметтік-эконмикалық дамуына тікелей ықпал етіп, оң әсерін тигізеді деп күтілуде.

Аудан орталығы Мырзакент кентінде орталық саябақтың, жаңа буынды дамыту орталығының құрылыстары жүргізілуде. Фирдоуси елді мекенінде әлеуметтік осал топтарға арналған тұрғын үйлерді салу үшін бюджеттен 1,5 млрд теңге қаржы бөлінді. Ынталы және Ж.Қалшораев елді мекендерінде мәдениет үйі мен кітапхана нысандарының құрылысы жүріп, қазан айында пайдалануға беру жоспарлануда.

«Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында Үлгілі елді мекенінде 600 орындық мектептің құрылысы аяқталды және Атакент кентінде 1500 мектептің құрылысы жаңа оқу жылына дейін аяқталатын болады. Сондай-ақ, Еркінабад пен Нұрлы жол елді мекендерінде 200 орындық 2 мектеп те ел игілігіне берілетін болады. Бұдан бөлек, Мақтаарал ауданында 5 мектепте күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде.

Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» жобасы аясында 4 медициналық нысанның құрылысы да биыл аяқталатын болады. Сонымен қатар, Жамбыл және Жантақсай елді мекендерінде спорт алаңшалары ел игілігіне берілмекші.

Ауыз су жүйелерінің тозығы жеткен 7 елді мекенде қайта жаңарту жұмыстары және облыстық бюджеттен 27 елді мекенге ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Бүгінде ауданның 67,6% газбен қамтылған болса, 2026 жылға қарай бұл көрсеткіш 100%-ға жетеді деп күтілуде. Ол үшін қазіргі таңда 22 елді мекенде ішкі газ жүйелерінің құрылысы жүріп жатыр.

Фото: beSeller

Tags: аудан бюджетібюджетті тиімді игеруТүркістан облысы Мақтаарал ауданыэкономикалық әлеуетін арттыру
Jasyn

Jasyn

Next Post
«Біз ашықтық пен әділдік қағидатын ұстанамыз»

«Біз ашықтық пен әділдік қағидатын ұстанамыз»

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Recommended

Жыландар жер сілкінісі болатынын қайдан біледі? (болған оқиға ізімен)

Жыландар жер сілкінісі болатынын қайдан біледі? (болған оқиға ізімен)

6 месяцев ago
Қаскерлердің Қызыл кітапқа енген жануарларды аулауы тыйылмауда

Қаскерлердің Қызыл кітапқа енген жануарларды аулауы тыйылмауда

3 года ago

Popular News

    Connect with us

    Jasyn

    Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18
    SUBSCRIBE

    Яндекс.Метрика

    Біз туралы

    We bring you the best Premium WordPress Themes that perfect for news, magazine, personal blog, etc. Check our landing page for details.

    • About
    • Advertise
    • Careers
    • Contact

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    No Result
    View All Result
    • Home

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    Welcome Back!

    Login to your account below

    Forgotten Password?

    Retrieve your password

    Please enter your username or email address to reset your password.

    Log In