Оқиға «Сарыоба» демалыс базасының жанындағы стихиялық жағажайда
болған. Көл жағасына демалуға келген екі отбасының кәмелетке толмаған балалары
суға түспекші болады. Алайда, 15-20 м/с жылдамдықпен қатты желдің салдарынан
14 жасар қыз жағадан ұзап кетеді. Мұны байқаған қыздың әкесі үрленбелі шеңберді
алып қызын құтқармақшы болған, бірақ толқындардың салдарынан өзі де басқа
бағытқа қарай ұзап кеткен.
Айта кету керек, жақын маңда орналасқан «Сарыоба» демалыс базасында 5
қоғамдық құтқарушы және бір моторлы қайық бар, олар қызы мен әкесін толқынмен
алып кеткені туралы хабарламадан кейін моторлы қайықта құтқару жұмыстарына
кірісті. Алайда, техникалық себептерге байланысты моторлы қайық жолда тоқтап
қалған. Бірақ қоғамдық құтқарушылар оларды бинокль арқылы бақылауды
жалғастырды.
Қызды құтқарудың сәтсіз әрекеттерінен кейін куәгерлер 112-ге қоңырау
шалып, болған жайт жөнінде хабарлаған. Оқиға орнына Нұр-Сұлтан қаласының
Жедел-құтқару жасағының қызметкерлері келіп, дереу іздестіру-құтқару
жұмыстарына кірісті. Бірінші болып құтқарушылар 1970 ж.т. ер адамды және 13
минуттан кейін 14 жасар қызды жағадан 3 шақырым қашықтықта тауып, құтқарған.
Қазіргі уақытта әкесі мен қызының жағдайы тұрақты, медициналық көмекке мұқтаж
емес.
Ақмола облысының ТЖД судағы қауіпсіздік ережелерін сақтау қажеттігін
ескертеді. Сіздің және балаларыңыздың өмірі өздеріңіздің қолдарыңызда екендігін
ұмытпаңыздар!