• RU
Суббота, 5 июля, 2025
  • Login
No Result
View All Result
Бізге жазылу
JASYN
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
No Result
View All Result
JASYN
No Result
View All Result
Home Ақ самаурын

Ақ самаурын

by Jasyn
06/03/2024
in Ақ самаурын
0
Ақ самаурын

image description

0
SHARES
172
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Бала кезімде кіші інім Досболдың мінезі қызық еді. Әжеме қатты «табынатын». Былайша айтқанда, ол кісіден қатты қорқатын. Әрине, өзіміз де әжеміздің алдында батыр болдық деп айта алмаймын. Келін жұмсап, қолын жылы суға малып отыратын шағында шиеттей жас баланың ортасында жалғыз қалдырып, солардың түпсіз тірлігіне амалсыз көндіріп қойған тағдырына ренжи ме, әлде, сол кездегі жоқшылық заманға нали ма, әйтеуір бізге тым қатал еді. Түрі де сұстылау, бізді қабағымен-ақ зыр жүгіртіп жіберетін. Әлі күнге жақын ағайындар оны сыртынан «сот, прокурор әже» деп айтып отырады.

Сол Досбол әжемді ашуландырмаудың бар амалын жасайтын. Мұны енді қулық десе де болады. Таңертең әжем: «Тұрасыңдар ма, жоқ па?» деп бір айқайлағанда-ақ орнымыздан атып-атып тұрамыз. Әрине, әжем әскердегідей сіріңке жағып, неше секөнтте киінетініңді есептеп тұрмайды. Бірақ әжем айқайламай тұрып, бөлме есігі сарт етіп ашылғанынан-ақ орнынан атып тұрып, асығыс киінген Досболдың қимылына бір сіріңке шиінің жанып бітуі тым ұзақ болатын. Шай үстінде әжем көңілсіз көрінсе, Досбол сол күні құмшекерге қол созбай-ақ қоя салады. Өйткені, «неғып көп саласың?» деп, әжемнің аяқ астынан ашуланып қалуы мүмкін. Ал ол кісі көңілденсе, одан өткен мейірімді жан жоқ. Әрине, Досболдың «еңбегі» де жеміссіз емес еді. Әжем көбінесе соны мақтайды. Соның істеген тірлігіне ғана көңілі толады. Біз қораны бір күнде екі мәрте сыпырсақ та, әйтеуір, кемшілік табатын.

Жаздың күні тура түстің кезінде теледидардан жақсы кинолар басталады. Жаңа ғана бақшадан оралып, қолымыздағы кетпен-күректі ошақ тамның жанына лақтырып тастап, теледидардың алдына жайғасқанбыз. Сырттан әжемнің айқайы естілді. «Біреулерің самаурын қойыңдар, біреулерің бұзауды суғарып, жылжытып келіңдер» деген. Алғашында киноның қызығымен мән бере қоймаппыз. Орнынан лып етіп тұрып кеткен Досбол сол екі ортада самаурынды «ұштандырып» үлгеріпті.

«Әже, мен самаурын қойып жатырмын», деп мұрнын бір тартып қояды. Мұнысы енді таза қулық. Самаурын қою оп-оңай. Отын бар. Самаурын есіктің алдында тұр. Шығасың да отын саласың, қайтып кіресің. Тірлігің де жүріп жатыр, әрі көріп отырған киноңды да үзбейсің. Ал бұзауға бару үшін сонау қырға салпақтайсың. Екі ортада өзен бар. Балағыңды түріп оны кешіп өтуің керек… Досболдың қулығына біз көнеміз бе? Жүгіріп далаға шықтым да, мен де самаурынға отын салдым. Тамның көлеңкесінде жүн түтіп отырған әжем көрсін деп әдейі отынды асықпай, баппен салдым. Артынша: «Бұзауға өздерің барыңдар, мен шаршап тұрмын», — деп інім Бақыт кетті самаурынға.

Содан үшеуміз кезек-кезек далаға жүгіріп шығамыз да, самаурынның оттығына ағашты үйіп саламыз ғой. Тағы Досбол астын шұқылап, үрлеп қоятынын қайтерсіз… Неге екенін қайдам, сол күні ақ самаурын отынды күндегіден көп «жеді». Салып жатырмыз, салып жатырмыз, қақпағындағы тесіктен бу бұрқ етіп, еш қайнамайды. Бір жүгіріп шыққанымда «осының суы ысыды ма екен өзі?» деп шүмегін бұрап қалмаймын ба! «Күйіп қала ма?» деп ыстықтан ала қашып тұрған қолыма тамшы су тамбады. Жүрегім тас төбеме шықты. Жалт қарап едім, абырой болғанда әжем орнында жоқ екен. Дереу екеуін шақырдым. Ақ самаурынның қақпағын ашып қалғанда алдымен бетімізге ұрғаны ыстық леп болды. Қолымызды тез-тез желпіп, ішіне үңіліп ек, көзімізге су емес, сақырлап құлап жатқан аппақ қақ көрінді. Самаурынға су құюды тарс ұмытып кетіппіз. Дереу су құйдық. Тесіліп қалыпты, астынан жерге сыздықтап аққан су бірте-бірте жыланбастанып созылып, аяғымыздың астына келді. Үшеуміз де состиып-состиып тұрмыз.

Осы кезде Досбол «Қой, мен бұзауға кеттім» деп қолын сілтеді де, тоғай жаққа жүгіре жөнелді. Аздан кейін үшеуміз үш жолмен бұзау жаққа қарай зытып бара жаттық…

Оралхан ДӘУІТ, «Ақ самаурын» кітабы

Tags: әңгімеОралхан Дәуіт
Jasyn

Jasyn

Next Post
Бөтен қошқар

Бөтен қошқар

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Recommended

2022 жылы зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алу мүмкіндігі тоқтатыла ма

2022 жылы зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алу мүмкіндігі тоқтатыла ма

4 года ago
«Ninety One сатқындық жасады»: Жұбаныш Жексенұлы атышулы топқа айып тақты

«Ninety One сатқындық жасады»: Жұбаныш Жексенұлы атышулы топқа айып тақты

4 года ago

Popular News

    Connect with us

    Jasyn

    Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18
    SUBSCRIBE

    Яндекс.Метрика

    Біз туралы

    We bring you the best Premium WordPress Themes that perfect for news, magazine, personal blog, etc. Check our landing page for details.

    • About
    • Advertise
    • Careers
    • Contact

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    No Result
    View All Result
    • Home

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    Welcome Back!

    Login to your account below

    Forgotten Password?

    Retrieve your password

    Please enter your username or email address to reset your password.

    Log In