• RU
Воскресенье, 8 июня, 2025
  • Login
No Result
View All Result
Бізге жазылу
JASYN
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
No Result
View All Result
JASYN
No Result
View All Result
Home • Ана мен баланы қорғау

Ана мен балаға қамқорлық мемлекетімізде жыл сайын артуда

«AMANAT» партиясы әйелдердің мемлекеттік басқару ісіне және қоғамдық өмірге белсенді араласуын кеңейту, әйелдер бастамаларына қолдау көрсету, құқықтық көмек көрсету бағытында жүйелі жұмыс істеп жатыр.

by Jasyn
09/08/2024
in • Ана мен баланы қорғау
0
Ана мен балаға қамқорлық мемлекетімізде жыл сайын артуда
0
SHARES
21
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Бұл – партияның сайлауалды бағдарламасындағы негізгі тармақтардың бірі.

Сондықтан да өткен жылы «AMANAT» әйелдер форумы өтті, өңірлерде партияның әйелдер қанаты кеңесшілері сайланды.

Amanat партиясы Жамбыл облыстық филиалы жанынан әйелдер қанаты құрылғанына да біраз уақыт болды. Жамбыл облысында шамамен 109 мыңнан астам кәсіпкер болса, оның 41,4 пайызы басшылық қызметтегі арулар. Ал, әйел азаматтарының басым бөлігі білім беру мен денсаулық сақтау саласында жұмыс атқарады.

Сонымен бірге, өңір бойынша 54 мыңнан астам партия мүшесінің 69,5 пайызы әйелдер болса, 266 бастауыш партия ұйымының 149-на нәзікжандылар жетекшілік етеді. Ал, облыстағы барлық деңгейдегі мәслихаттарда 207 мандат болса, оның 18,8 пайызы әйелдер екен. Әйелдердің мәртебесін көтеріп, олардың қоғамдағы белсенділігін арттыру – партияның алға қойған мақсаттарының бірі. Осы мақсатта партия жанынан құрылған әйелдер қанаты нәзікжандылардың гендерлік теңдігін, елдің қоғамдық-саяси және әлеуметтік- экономикалық өміріне араласуына бағыттау жолында жұмыс атқарып келеді.

Әйелдер мен балаларды қорғайтын нақты заң дүниеге келді. Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әйелдердің құқықтары мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» және «Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне әйелдердің құқықтары мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының заңдарына қол қойды.

Бұл, әрине құқықтық мемлекетте өмір сүріп жатқанымыздың бір дәлелі десек болғандай.

Статистика көрсеткендей, жыл сайын Қазақстанда әрбір үшінші отбасы ажырасады екен.

Әсіресе жас отбасылар арасында ажырасу көп. Бұл мәселені шешу үшін, менің ойымша, некені тіркеу туралы өтініш беру кезеңінде жас жұбайлар отбасылық құндылықтар мектебі бойынша оқу курсынан өту қажет.

Мектептерде отбасылық құндылықтарды қалыптастыру, жанжалдарды болдырмау және шешу, отбасылық бюджетті қалыптастыру мәселелері бойынша тренингтер мен семинарлар өткізілгені дұрыс. Бұл жастарға саналы түрде некеге тұруға және отбасының құндылығын түсінуге мүмкіндік береді. Некенің бұзылуы едәуір қысқарады деп ойлаймын.

Әйелдер қанаты осы бағытта жұмыстар атқармақ.

Отбасылық және тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алуға жәрдемдесу, өндірістегі еңбекті қорғау, ауылдағы бизнес, отбасы денсаулығы мен құндылықтары, Әйелдер қанатынң негізі жұмыстары.  Әйелдер қанаты жұмысын күшейту үшін жалпы нәзік жандыларыдың қолдауы да қажет. Бірлесе атқарған жұмыс жеміс берері анық.

Еліміздің демографиялық көрсеткіші жыл санап артып келеді. 2023 жылы Қазақстан халқының саны 20 миллион адамға жетті. Көпбалалы отбасылар демографиялық ахуалымызды көтеруге үлкен үлес қосып отыр. Өз кезегінде ел Үкіметі түрлі қолдау шараларын ұсынып отыр.

Бұл шаралардың бар екенін бірі білсе, бірі хабарсыз. Осындай жаңалықтарды, мемлекет тарапынна қолдауларды әйелдер қауымы әрдайым біліп отырғаны абзал. Мәселен,  елімізде 4 және одан да көп кәмелет жасына толмаған баласы бар отбасылар бірден көпбалалылар санатына жатқызылады. Сондай-ақ күндізгі оқу бөлімінде оқитын студенттері барлар да көпбалалылар қатарына қосылады. Алты бала туған көпбалалы аналарға «Күміс алқа», ал жеті не одан көп бала туған көпбалалы аналарға «Алтын алқа» беріледі.

Мысалы, көпбалалы отбасыларға олардың табысына қарамастан мемлекеттік жәрдемақы тағайындалады. Биыл айлық есептік көрсеткіш мөлшері 3692 теңгеге дейін ұлғайтылған соң жәрдемақы мөлшері де көтерілді.

Фото: azattyq-ruhy.kz

 

 

 

 

 

Tags: «AMANAT» әйелдер форумыӘйелдер қанатыәйелдердің құқықтарыбалалардың қауіпсіздігі
Jasyn

Jasyn

Next Post
Алматы облысында жер сілкінісі болды

Алматы облысында жер сілкінісі болды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Recommended

Қазақстанда көздің қатерлі ісігін емдейтін жаңа әдіс қолданыла бастады

Қазақстанда көздің қатерлі ісігін емдейтін жаңа әдіс қолданыла бастады

4 года ago
ТАҢДАУДЫ  ХАЛЫҚ  ЖАСАЙДЫ

ТАҢДАУДЫ ХАЛЫҚ ЖАСАЙДЫ

9 месяцев ago

Popular News

    Connect with us

    Jasyn

    Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18
    SUBSCRIBE

    Яндекс.Метрика

    Біз туралы

    We bring you the best Premium WordPress Themes that perfect for news, magazine, personal blog, etc. Check our landing page for details.

    • About
    • Advertise
    • Careers
    • Contact

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    No Result
    View All Result
    • Home

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    Welcome Back!

    Login to your account below

    Forgotten Password?

    Retrieve your password

    Please enter your username or email address to reset your password.

    Log In