Аталған соманың 6,5 трлн теңгені салықтан жиналған ақша құрады. Бұл жоспардың 99,1%-ына тең және жоспардан 0,9%-ға төмен.
Салық құрылымында корпоративтік табыс салығынан (КТС) 2 трлн теңге түсіп, жоспардан 2,1%-ға жоғары болған.
Ішкі тауарлар, жұмыстар мен қызметтерге салынатын салықтар 3,4 трлн теңгені құраған. Бұл көрсеткіш жоспардан 4,7%-ға аз.
Ал қосылған құн салығы (ҚҚС) 2,7 трлн теңгені құрап, жоспардан 7,1%-ға төмен орындалды.
Салықтан тыс түсімдер 389,3 млрд теңгеге жеткен, бұл үкімет жоспардан 30,5%-ға жоғары. Үкімет жарты жылда бюджетке 298 млрд теңге салықтан тыс қаржы түседі деп жоспарлаған.
Ал, Ұлттық қордан бюджетке жалпы сомасы 3,12 трлн теңге трансферт аударылған. Оның 2 трлн теңгесі – кепілдік берілген трансферт болса, 1,12 трлн теңгесі нысаналы түрде бөлінген қаржы.
2025 жылдың 6 айында республикалық бюджет шығыстары 11,76 трлн теңгені құрады, бұл жоспардың 91,4%-ына сәйкес келеді. 1 трлн теңгеге жуық шығын қысқарған.
Фото: Ulysmedia.kz