Оның ішінде оңалтудың техникалық құралдарына шамамен 279 мың мүгедектігі бар адам оңалтудың техникалық құралдарын, 8,3 мың – ымдау тілі қызметін, 46,3 мың – жеке көмекшінің, 46,3 мың – санаторийлік-курорттық емдеу қызметін алды.
Бұл портал мүгедектігі бар адамдарға оңалтудың техникалық құралдары мен қызметтерін өндірушіні және жеткізушіні өз бетінше таңдауға мүмкіндік береді. Көмек түріне тапсырыс беру көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен растау арқылы жүзеге асырылады. Тапсырыс берілген оңалтудың техникалық құралдарын жеткізу немесе өз бетінше әкету арқылы алуға болады.
Мүгедектігі бар адамдарды оңалту құралдарымен қамтамасыз ету протездік-ортопедиялық, сурдотехникалық, тифлотехникалық және гигиеналық құралдар, сондай-ақ кресло-арбалар беруді қамтиды.
Бүгінде Порталда 669 арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуші, 1012 ОТҚ жеткізушісі, 31 мыңнан астам жеке көмекші, 761 ымдау тілі және 133 санаторийлік-курорттық емдеу қызметтерін ұсынушы тіркелген.
Ал, Жамбыл облысында бүгінде 45 652 мүгедектігі бар адам тіркелген. Оның ішінде 1-ші топтағы – 4 799 адам, 2-ші топ – 16 370, 3-ші топ – 17 689 адам, 18 жасқа дейінгі мүгедектігі бар балалардың саны – 6 794.
2025 жылы мүгедектігі бар адамды абилитациялаудың және оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес мүгедектігі бар адамдарды көмек түрлерімен және қызметтермен қамтамасыз ету үшін 7,8 млрд. теңге қаржы қаралған. Оның ішінде сурдотехникалық құралдарға – 102,2 млн. теңге, тифлотехникалық құралдарға – 372,0 млн. теңге, санаторлық-курорттық емделуге – 1430,0 млн.теңге, протездік-ортопедиялық бұйымдарға – 401,0 млн. теңге, міндетті гигиеналық кұралдарға – 2910,8 млн. теңге, арнаулы жүріп-тұру құралдарына – 364,0 млн. теңге, жеке көмекшінің қызметтеріне – 1317,1 млн. теңге, ымдау тілі маманының қызметтеріне – 248,0 млн. теңге, жаңа бастамаларға – 85,0 млн. теңге, инватакси қызметіне – 548,7 млн. теңге.
2025 жылдың басынан бастап мүгедектік тобын белгілеу үшін медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізудің сырттай форматы бойынша пилоттық жобаны іске асыру шеңберінде Қазақстанның барлық өңірлерінен 61,9 мың өтінім қаралды. Бүгінде сырттай форматта куәландыру 30 нозологиялық нысан бойынша жүргізіледі.
2024 жылы 96,9 мыңнан астам өтінім сырттай форматта қаралды, бұл куәландырудан өткен мүгедектігі бар адамдардың жалпы санының 37,4 пайызын құрайды.
Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің VI отырысында Мемлекет басшысы ерекше қажеттіліктері бар адамдар үшін барынша қолайлы жағдай жасауды, олардың инстанциялар мен қағазбастылық бойынша жүруін, сондай-ақ көрсетілетін қызметті берушілердің қызмет алушылармен байланысын болдырмауды тапсырды.
Осы тапсырманы орындау мақсатында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Денсаулық сақтау мен Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрліктерімен бірлесіп Қазақстанның барлық 20 өңірінде пилоттық режимде медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізудің сырттай форматы бойынша жобаны іске асыруда.
Мүгедектік тобын белгілеу жөніндегі қызметті алу үшін өтініш берушіге тұрғылықты жері бойынша емханаға жүгіну және қажетті тексеруден өту қажет, қалған процестер ақпараттық жүйелерді интеграциялау есебінен оның қатысуынсыз өтеді.
Сырттай куәландыруға көшу әкімшілік және бюрократиялық кедергілерді жояды және МӘС сараптамалық шешімдерінің ашықтығын қамтамасыз етеді. Сондай-ақ, мүгедектікті белгілеу және мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау шараларын анықтау бойынша қызметтерді үйден шықпай-ақ алуға мүмкіндік береді. Көрсетілетін қызметті алушының көрсетілетін қызметті берушімен тікелей байланысын болдырмайды, сол арқылы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайтады.
Фото: Finratings.kz