Жалпы алғанда Жамбыл облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы тарапынан мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында үкіметтік емес ұйымдар арқылы 5 әлеуметтік жоба іске асырылып, 630 мүгедектігі бар адамдарға және балаларға арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетілуде. Бұл мақсатқа облыстық бюджеттен 190 млн. теңге қаржы бөлінді.
Сондай-ақ, Байзақ, Жуалы және Мойынқұм аудандарында 75 мүгедектігі бар балаларға мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында үкіметтік емес ұйымдар тарапынан күндіз болу жағдайында оңалту және бейімдеу орталықтары арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуде. Бұл мақсаттарға жалпы жергілікті бюджеттерден 83,0 млн. теңге қаржы бөлінген.
Тараз қаласы мен аудан әкімдіктерінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдер тарапынан мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында 8 үкіметтік емес ұйымдар арқылы 283 мүгедектігі бар азаматтар мен балаларға, оның ішінде 61 ересек жанға, 222 балаға үйде қызмет көрсету жағдайында арнаулы әлеуметтік қызметтер ұсынылуда.
Сонымен қатар, мүгедектігі бар адамдарға арналған жартылай стационар жағдайындағы 10 орталықта (Жамбыл облыстық әлеуметтік оңалту және Жамбыл облыстық, Жамбыл облыстық филиалы (Аса ауылы) Қаратыстақ ауылдық, Меркі аудандық, Шу аудандық, Қордай аудандық, Талас аудандық, Сарысу аудандық мүгедек балаларға арналған оңалту және бейімдеу орталықтары және Аутизмі бар блаларды қолдау орталықтарында) 763 мүгедектігі бар адам (оның ішінде: 256-ересек, 507 бала) арнаулы әлеуметтік қызметтермен қамтылуда.
Тараз қаласы мен аудан әкімдіктерінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдер жанындағы 10 бөлімшеде мамандары үйде қызмет көрсету жағдайында 786 мүгедектігі бар азаматқа арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуде.
2025 жылдан бастап Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі тарапынан арнаулы әлеуметтік қызметтерді трансформациялау жұмыстары жүргізілуде. Трансформациялау барысында барлық көрсетілетін арнаулы әлеуметтік қызметтер цифрландырылған «Socium» платформасы арқылы жүргізілетін болады.
Бүгінгі таңда облыста арнайы әлеуметтік қызметтер көрсететін 37 ұйым (барлығы 40 лицензия алған) адам басына шаққандағы қаржыландыру жүйесіне көшуде. Бұл ұйымдардың қатарына 18 ведомстволық мекеме, Тараз қаласы мен аудан әкімдіктерінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдерінің 6 бөлімшесі, 1 уақытша тұру мекемесі (бомжатник) және 14 үкіметтік емес ұйым кіреді. Оның ішінде 2 үкіметтік емес ұйым екі түрлі қызмет түрі бойынша, ал 1 үкіметтік емес ұйым екі ауданда лицензия алған.
Биылғы жылдың алты айында арнайы әлеуметтік қызметтер көрсету саласында жан басына қаржыландыруды енгізу бойынша «Социум» ақпараттық базасында жұмыс жүргізіліп, аяқталды.
Бүгінгі күні жеті ұйым, нақтырақ айтсақ, Жамбыл облыстық және Қордай, Талас, Сарысу, Шу аудандарының мүмкіндігі шектеулі балаларды оңалту орталықтары, Қордай аудандық тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына әлеуметтік қызмет көрсету орталығы және №4 әлеуметтік қызмет көрсету орталығы әлеуметтік қызметтер порталы арқылы шарт жасауға дайын. Қазіргі уақытта Қордай аудандық тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына әлеуметтік қызмет көрсету орталығымен шарт жасалды.
— Басқарма тарапынан мүгедектігі бар адамдарды қолдау шаралары және осы бағыттағы межеленген көрсеткіштер ұдайы бақылауда, — дейді бұл жөнінде Жамбыл облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары Самат Төрегелдиев.
Фото: Ult.kz