• RU
Суббота, 28 марта, 2026
  • Login
No Result
View All Result
Бізге жазылу
JASYN
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
No Result
View All Result
JASYN
No Result
View All Result

Алексей Цой күздегі эпидахуалдың жаңа болжамын атады

by Jasyn
06/03/2024
in Медицина
0
Алексей Цой күздегі эпидахуалдың жаңа болжамын атады

ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Үкімет отырысында күздегі эпидахуалдың үш сценарийдегі ықтимал болжамын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Министрлік қараша айына дейінгі эпидемиологиялық болжамды жаңартты. Пессимистік сценарий бойынша қыркүйек айында 6 300 жағдайға, қазан айында 2400 жағдай жетеді. Шынайы сценарий бойынша қыркүйекте 5 400 жағдайға, қазанда 1 800 жағдайға жетеді. Оптимистік сценарий жағдайында қыркүйекте 4 200 жағдайға, қазанда 1 300 жағдайға жетеді», — деді министр.

Сондай-ақ, Үкімет отырысында Премьер-министр Асқар Мамин Коронавирус инфекциясының таралуын болдырмау жөніндегі ведомствоаралық комиссияға өңірлерде Ashyq жүйесіне қатысатын бизнес субъектілері үшін демалыс күнгі шектеу шараларын жеңілдету мәселесін қарастыруды тапсырды.

«Вакцинаның бірінші компонентін алғандардың саны 6,5 млн адамға жуық, ал екінші компонентін 5 млн-нан астам адам салдырды. Вакцина салдыру науқанын одан әрі күшейту қажет. Ведомствоаралық комиссияға эпидемиологиялық жағдай тұрақталып жатқан өңірлердегі Ashyq жүйесіне қатысатын бизнес субъектілері үшін демалыс күнгі шектеу шараларын жеңілдету мәселесін қарастыруды тапсырамын», — деген Премьер-министр бұл жұмыстағы жалпы бақылауды орынбасары Ералы Тоғжановқа тапсырды.

 

Jasyn

Jasyn

Next Post
Әрбір қазақстандыққа әлеуметтік төлем берілетіні рас па: Еңбек министрлігі жауап берді

Әрбір қазақстандыққа әлеуметтік төлем берілетіні рас па: Еңбек министрлігі жауап берді

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика
  • About
  • Advertise
  • Careers
  • Contact

© 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

No Result
View All Result
  • Home

© 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

Welcome Back!

Login to your account below

Forgotten Password?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Log In