• RU
Понедельник, 12 мая, 2025
  • Login
No Result
View All Result
Бізге жазылу
JASYN
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
No Result
View All Result
JASYN
No Result
View All Result
Home Топ

Айыппұл салу арқылы жол ережесін бұзушыларды азайта алдық па?

Елімізде арнайы техникалық құралдар арқылы 3 708 084 жол жүрісі қағидаларын бұзу тіркелген. Айыппұл жол жүрісі қағидаларының жиі бұзылмауына кепілдік бере алмайды. Соңғы кезде жол жүрісі қағидаларының бұзылу фактісі көбейе түскен.

by Jasyn
18/02/2025
in Топ
0
Айыппұл салу арқылы жол ережесін бұзушыларды азайта алдық па?
0
SHARES
13
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Сенатор Марат Қожаев өзінің депутаттық сауалында айыппұл арқылы ережені қайта бұзумен күрес мүмкін емес дейді.

«Ережені жүйелі түрде бұзудың алдын алуға қолданыстағы құқық қолдану тәжірибесі мүмкіндік бермейді. Өйткені техникалық құралдар автоматты түрде тіркеген жүргізушіні ережені қайта бұзғаны үшін жауапқа тарту мүмкін емес. Себебі, көлік құралының иесіне ереже бұзудың тарихы ескерілмей айыппұл жазылады. Сондай-ақ, жол қозғалысы ережесін жүйелі түрде елемейтін, жол тәртібін қасақана бұзушыларға Жол жүрісі қағидалары бойынша емтиханды қайта тапсыруды міндеттеу мүмкін емес. Сонымен қатар, техникалық құралдар ережені бұзу дерегін ғана тіркейді, бірақ жүргізушінің дайындық деңгейін және оның жол ережесін өрескел бұзу мен қауіпті әрекетке бейімділігін бағалауға мүмкіндік бермейді», — деп атап өтті сенатор.

Сенатор сондай-ақ кейбір жоғары төлем төлеуге қабілетті жүргізушілер айыппұлды жауапкершіліктен қашудың әдетке айналған тетігі ретінде түсінуіне алаңдаушылық білдірді. Алматыда көлік құралының бір жүргізушісі бір жылда үш миллион теңгеден астам сома айыппұл төлеп, 143 бұзушылық жасаған жағдай тіркелген көрінеді.

Сенатор алдын алу жұмысын күшейту үшін мұндай жүргізушілерді сынақты қайта тапсыруға жіберуді, сондай-ақ қажет болған жағдайда оларды жүргізуші куәлігінен айыруды ұсынды.

«Әсіресе техникалық құралдар тіркеген ереже бұзу дерегі бойынша жүргізушілердің жауапкершілігін күшейту мәселесін қарауды ұсынамыз. ӘҚБтК-дегі өзгерістерде техникалық құралдар тіркеген 10 және одан да көп бұзушылығы бар жүргізушілерді Жол жүрісі қағидалары бойынша теориялық емтиханды қайта тапсыруға жіберуді міндетті ету маңызды. Жүргізуші куәлігінен уақытша айыруға дейін камералармен тіркелген жол қозғалысы ережесін қайталап бұзғаны үшін жауапкершілікті күшейту қажет. Заң талабын бұзушыларға белгілі бір кезеңдегі тәртіп бұзу санын ескеретін сараланған жаза тетігін әзірлеу және ережені жүйелі түрде бұзушыларға айыппұл төлеуде 50% жеңілдікті алып тастау маңызды», — деді депутат.

Фото: SK NEWS

Tags: Айыппұл салуЕрежені жүйелі түрде бұзудың алдын алужол ережесін бұзушыларСенатор Марат Қожаев
Jasyn

Jasyn

Next Post
Мүгедектігі бар балалардың қанша пайызы мектепке бармайды?

Мүгедектігі бар балалардың қанша пайызы мектепке бармайды?

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Recommended

Жириновскийдің коронавирустан көз жұмғаны туралы ақпарат таралды

Жириновскийдің коронавирустан көз жұмғаны туралы ақпарат таралды

3 года ago
Жамбыл облысында полицейлер қоғамдық орындарда қоқыс тастайтындарды анықтауда

Жамбыл облысында полицейлер қоғамдық орындарда қоқыс тастайтындарды анықтауда

10 месяцев ago

Popular News

    Connect with us

    Jasyn

    Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18
    SUBSCRIBE

    Яндекс.Метрика

    Біз туралы

    We bring you the best Premium WordPress Themes that perfect for news, magazine, personal blog, etc. Check our landing page for details.

    • About
    • Advertise
    • Careers
    • Contact

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    No Result
    View All Result
    • Home

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    Welcome Back!

    Login to your account below

    Forgotten Password?

    Retrieve your password

    Please enter your username or email address to reset your password.

    Log In