• RU
Среда, 21 мая, 2025
  • Login
No Result
View All Result
Бізге жазылу
JASYN
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
No Result
View All Result
JASYN
No Result
View All Result
Home Саясат

Аймағамбетов мектеп директорларына: Мұғалімдерді сабақтан тыс жұмыстарға тартпаңыздар

by Jasyn
06/03/2024
in Саясат
0
Аймағамбетов мектеп директорларына: Мұғалімдерді сабақтан тыс жұмыстарға тартпаңыздар
0
SHARES
0
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов Тараз қаласына жұмыс сапарымен келіп, Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаевпен бірге мектеп директорларымен кездесті.

Кездесу М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті бас ғимаратының мәжіліс залында өтті.

Басқосуды ашқан облыс әкімі жыл сайын облыста жаңа мектептер салынып, тозығы жеткендері күрделі жөндеуден өтіп жатқандығын атап өтті. Жаңа оқу жылының дәстүрлі форматта басталу мүмкіндігін ескере отырып, Президент тапсырмасына сәйкес мектептердің балаларды қабылдауға дайындығы пысықталуда.

«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес білім саласында қолға алынған реформалар өз жалғасын табатын болады. Бұл бағытта Жамбыл облысында да ауқымды жұмыстар жүргізілуде. PISA (математикалық сауаттылық деңгейін бағалау), TIMSS (математикалық және жаратылыстану ғылымдарының сапасын зерттеу) халықаралық зерттеулерінің талдауы облыстың жоғары көрсеткіштерге қол жеткізгенін көрсетіп отыр», — деді Асхат Аймағамбетов. Ол өз сөзінде білім беру ұйымдарындағы балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелеріне назар аудартты.

«Облыстың барлық мектептерінде бақылау камералары орнатылып, жылы санитарлық тораптармен қамтылған. Мектептер кезең-кезеңімен авариялық дабыл түймелерімен, турникеттермен жабдықталады, камералар облыстық Полиция департаментінің Жедел басқару орталығымен интеграцияланатын болады. Әр баланың деректері енгізілген әлеуметтік карталар ашылуда», — деді облыс әкімі.

Асхат Аймағамбетов министрлік жүзеге асырған бірнеше жобалармен таныстырып, мұғалімдер мен мектеп директорларын іріктеудің жаңа ережелері қабылданатындығын жеткізді. Министр мектеп директорларынан білім беру мекемелеріндегі бюрократияны жоюды талап етті. Министрлікпен білім беру ұйымдарының педагогтарының жүргізуі міндетті құжаттардың нақты тізбесін бекітіпті.

«Бұйрыққа сәйкес күн сайын тек екі құжат толтырылуы тиіс. Сол екі құжат бойынша жұмыс істеу маңызды және мұғалімдердің жұмысын қолдан қиындатпау керек. Олардың басты міндеті – сабақ өткізіп, балаларға білім берумен айналысу. Мұғалімдерді сабақтан тыс жұмыстарға тартпаңыздар», — деді ол.

Өз сөзінде Бердібек Сапарбаев та мектеп директорларына тәрбие үдерісіне ерекше назар аудару қажеттігін атап өтті. Кездесуге қатысушылар да өз ұсыныстары мен сұрақтарын ортаға салды.

inform.kz

 

Jasyn

Jasyn

Next Post
Түркістан облысы бюджетіне жыл басынан бері 122 млрд теңгеден астам  кіріс түсті

Түркістан облысы бюджетіне жыл басынан бері 122 млрд теңгеден астам кіріс түсті

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Recommended

Астанада 4 тонна немесе 140 мыңға жуық пакет насыбай өртенді

Астанада 4 тонна немесе 140 мыңға жуық пакет насыбай өртенді

1 год ago
Сенат заң қабылдады: Шетелдік автокөліктерді алғашқы тіркегені үшін 200 мың теңге

Сенат заң қабылдады: Шетелдік автокөліктерді алғашқы тіркегені үшін 200 мың теңге

2 года ago

Popular News

    Connect with us

    Jasyn

    Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18
    SUBSCRIBE

    Яндекс.Метрика

    Біз туралы

    We bring you the best Premium WordPress Themes that perfect for news, magazine, personal blog, etc. Check our landing page for details.

    • About
    • Advertise
    • Careers
    • Contact

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    No Result
    View All Result
    • Home

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    Welcome Back!

    Login to your account below

    Forgotten Password?

    Retrieve your password

    Please enter your username or email address to reset your password.

    Log In