• RU
Среда, 21 мая, 2025
  • Login
No Result
View All Result
Бізге жазылу
JASYN
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
No Result
View All Result
JASYN
No Result
View All Result
Home • Зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл

Әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау бойынша арнайы бөлімшелер құрылған

Тараз қалалық аналар алқасының төрайымы, Тараз қаласы әкімдігі жанындағы әйелдер істері және отбасы- демографиялық саясат жөніндегі комиссияның мүшесі Жанат Сарыбекованың айтуына қарағанда қоғамда отбасы институтының рөлін нығайту мақсатында осы жылдың сәуір айынан бастап «Отбасылық- тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі үш айлық» акциясы аясында тізім бойынша (девиантты отбасы, проблемалы отбасы, қылмысты отбасы) отбасыларға барып профилактикалық жұмыстар жүргізу қолға алынды.

by Jasyn
09/08/2024
in • Зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл
0
Әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау бойынша арнайы бөлімшелер құрылған
0
SHARES
21
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Бұл іс-шаралардың мақсаты – отбасы-тұрмыстық қатынастар аясында құқықбұзушылықты төмендету, тұрғындар арасында болып жатқан күш көрсетудің алдын алу. Осыған сәйкес, әйел балаларының құқықтық сауаттылығын арттырып, зорлық-зомбылықтың түрлері мен себептерін зерделеп, алдағы уақытта қылмыстық әрекеттерді болдырмау бағытында тиісті жұмыстар жүргізу қолға алынды.

Бүгінгі таңда, өкінішке орай қоғамда отбасындағы зорлық-зомбылық және тұрмыстық құқық бұзушылықтар толастамай тұр. Оның ішінде, абьюзерлер тарапынан әйелдері мен балаларын аса қатігездікпен ұрып соғып жатқан фактілерді жиі көреміз.

Бұл жағдайлар өскелең ұрпақтың психикасына кері әсер ететіндігі және олардың дамуын тежейтіндігі сөзсіз. Сондықтан, бұл мәселелерді рет-ретімен шешу мақсатында елімізде әлеуметтік бағыттағы құқықбұзушылықтарды қатаңдату үшін бірқатар жүйелі шаралар қабылдануда.

Атап айтар болсақ, Ішкі істер министрлігі құрылымында әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау бойынша арнайы бөлімшелер құрылды. 2021 жылы олардың штат саны 256 бірлікке дейін ұлғайтылды. Мұндай лауазымдар қазір әрбір облыстық, қалалық және аудандық полиция органдарында бар.

Сондай-ақ, әйелдер мен кәмелетке толмағандарға қатысты зорлық-зомбылық қылмыстарын тергеу бойынша әйел тергеушілердің мамандануы енгізілді.

— Мемлекет басшысы Қ. Тоқаев «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әйелдер құқықтары мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» және «Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне әйелдер құқықтары мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңдар бір топ Парламент депутаттарының бастамашылығымен әзірленген болатын, — дейді сенатор Бекбол Орынбасаров. — Заңның негізгі мақсаты – әйелдер мен балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау шараларының тиімділігін арттыру болып табылады. Мұның барлығы мемлекеттік деңгейде заң мен тәртіптің қатаң сақталу қағидаты дәріптелуіне, ал қоғамда қылмысқа мүлдем төзбеушілікті орнатуға бағытталған. Бұл шаралардың қабылдануы — құқықтық қоғам құру жолындағы маңызды қадам деп есептеймін.

Фото: Aikyn.kz

Tags: әйелдер құқықтары мен балалардың қауіпсіздігіқұқықбұзушылықтарды қатаңдатусенатор Бекбол Орынбасаров
Jasyn

Jasyn

Next Post
Тұрмыстық зорлық-зомбылықпен күрес — ізгілік жолындағы қоғам келешегінің  кепілі

Тұрмыстық зорлық-зомбылықпен күрес - ізгілік жолындағы қоғам келешегінің кепілі

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Recommended

Баланы суда құтқарған ақтөбелік оқушы марапатталды

Баланы суда құтқарған ақтөбелік оқушы марапатталды

2 года ago
Ресейлік бітімгершілік күштері Қазақстаннан кетті

Ресейлік бітімгершілік күштері Қазақстаннан кетті

3 года ago

Popular News

    Connect with us

    Jasyn

    Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18
    SUBSCRIBE

    Яндекс.Метрика

    Біз туралы

    We bring you the best Premium WordPress Themes that perfect for news, magazine, personal blog, etc. Check our landing page for details.

    • About
    • Advertise
    • Careers
    • Contact

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    No Result
    View All Result
    • Home

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    Welcome Back!

    Login to your account below

    Forgotten Password?

    Retrieve your password

    Please enter your username or email address to reset your password.

    Log In