• RU
Среда, 21 мая, 2025
  • Login
No Result
View All Result
Бізге жазылу
JASYN
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
No Result
View All Result
JASYN
No Result
View All Result
Home Әлеумет

Әулиеата өңірінде халық саны 1 млн 100 мыңнан асты

by Jasyn
06/03/2024
in Әлеумет
0
Әулиеата өңірінде халық саны 1 млн 100 мыңнан асты
0
SHARES
0
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаевтың төрағалығымен бейнеконференц-байланыс режимінде өткен кезекті аппараттық кеңесте ұлттық халық санағын ұйымдастыру және өткізу мәселелері қаралды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Статистика департаментінің басшысы Сырым Мәдиевтің айтуынша, халық санағының дайындық кезеңі 1-30 маусым аралығында өткен. Интервьюерлер мекенжайларды, сондай-ақ онда тұратын халықтың нақты санын анықтау үшін әрбір елді мекенді аралаған. Алдын ала мәлімет бойынша, облыс халқының саны 1 120 293 адамды құраған.

1 қыркүйек пен 15 қазан аралығында тұрғындар санаққа қатысты барлық сұрақтарға sanaq.gov.kz мамандандырылған веб-сайты арқылы онлайн режимде жауап бере алады.

Дәстүрлі жаппай аралау 1-30 қазан аралығына жоспарланған және онлайн-режимде санақтан өтпеген респонденттер арасында жүрмек. «Бірінші кезең барысында бірқатар өзекті мәселелер анықталды. Жуалы, Қордай, Т.Рысқұлов аудандарының кейбір елді мекендерінде ұялы байланыс сапасын жақсарту бойынша шұғыл шаралар қабылдау қажет», — деді С. Мәдиев.

Ол Тараз қаласы және аудан әкімдіктері облыстық полиция департаментімен бірлесіп, интервьюерлердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету қажеттігін атап өтті.

«Сарысу, Талас, Т.Рысқұлов аудандарында кейбір елді мекендердің атаулары әкімшілік-аумақтық объектілер жіктеуіші мен мекенжай тіркелімі бойынша сәйкес келмейді», — деп атап өтті С. Мәдиев. Аймақ басшысы аталған үш аудан әкімдеріне осы мәселені шешуді тапсырды. «Барлық елді мекендердің тізбесін өзектендіру қажет, оның ішінде қаланың саяжай алқаптарына, шалғай ауылдарға және шекара маңында орналасқан ауылдарға айрықша назар аударған жөн. Алдағы халық санағының әлеуметтік-экономикалық маңызы зор. Халық санағы барысында алынған деректер әрбір тұрғынды мемлекеттік қолдаумен қамтуға мүмкіндік береді», — деді облыс әкімі.

Сондай-ақ, Бердібек Сапарбаев ақпараттық-түсіндіру жұмысын күшейтуді және халық санағы туралы толық ақпаратты әлеуметтік желілер мен БАҚ-та жүйелі түрде жариялап отыруды тапсырды.

 

 

Jasyn

Jasyn

Next Post
Елімізде шөп шабу науқанына қосымша жанармай бөлінеді

Елімізде шөп шабу науқанына қосымша жанармай бөлінеді

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Recommended

«Ұлттық қор — балаларға» жобасының тізімі 15 қаңтарда жасалады

«Ұлттық қор — балаларға» жобасының тізімі 15 қаңтарда жасалады

1 год ago
Жамбыл облысында такси  жолаушысы 14 келі марихуана есірткі затымен ұсталды

Жамбыл облысында такси жолаушысы 14 келі марихуана есірткі затымен ұсталды

2 года ago

Popular News

    Connect with us

    Jasyn

    Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18
    SUBSCRIBE

    Яндекс.Метрика

    Біз туралы

    We bring you the best Premium WordPress Themes that perfect for news, magazine, personal blog, etc. Check our landing page for details.

    • About
    • Advertise
    • Careers
    • Contact

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    No Result
    View All Result
    • Home

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    Welcome Back!

    Login to your account below

    Forgotten Password?

    Retrieve your password

    Please enter your username or email address to reset your password.

    Log In