• RU
Среда, 21 мая, 2025
  • Login
No Result
View All Result
Бізге жазылу
JASYN
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
No Result
View All Result
JASYN
No Result
View All Result
Home Әлеумет

Әр балаға 230 мың теңге беріле ме: Еліміздің жәрдемақы төлеу тәртібі өзгермек

by Jasyn
06/03/2024
in Әлеумет
0
Әр балаға 230 мың теңге беріле ме: Еліміздің жәрдемақы төлеу тәртібі өзгермек
0
SHARES
0
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жәрдемақы төлеу тәртібіне тағы өзгеріс енгізді. Арнайы заң жобасы мәжілістің алғашқы қарауынан өтті деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Бұл жолы министрлік тағы жаңа жәрдемақы енгізуді ұсынып отыр. Бірақ бұл ақшаны 24 мың адам ғана алады. Олар — I топтағы мүгедектерге күтім жасайтын азаматтар. Министрдің есебі бойынша, бүгінде I топтағы мүгедектігі бар 66 мың адамның үштен бірі күтім жәрдемақысын алмайды. Олардың барлығы көмекке зәру, себебі өз бетімен жүре алмайды. Ал бюджеттен жаңа жәрдемақыға ақша бөлінсе, барлығын жеке көмекшімен қамтуға мүмкіндік болады.

Одан бөлек, заң жобасы аясында мүгедек балалардың барлық тобы үшін жәрдемақыны 37%-ға дейін көтеру көзделіп отыр. Осының арқасында 30 мыңнан астам мүгедек баланың жәрдемақысы өседі. Сосын асыраушысынан айырылған жағдайда екі жәрдемақыны да алуға жағдай жасалады.

«Қазіргі уақытта мүгедек балалар ата-анасы ажырасқан кезде бір мезгілде алимент пен мүгедектігі бойынша жәрдемақы ала алады. Алайда бір немесе екі ата-анасы қайтыс болған жағдайда балаға мүгедектігі бойынша жәрдемақы немесе асыраушысынан айырылу бойынша жәрдемақы беріледі. Осы норма енгізілген жағдайда 2 мың бала мүгедектігі бойынша жәрдемақымен бірге асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша жәрдемақыны алатын болады», – дейді Шәпкенов.

Яғни, бұл бастама заң жүзінде бекітілсе, мыңдаған мүгедек баланың ай сайынғы жәрдемақысы біршама өспек.

Сондай-ақ заң жобасында мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған отбасылардың бала кәмелетке толғаннан кейін тұрғын үй кезегінде тұру құқығын бекіту ұсынылып отыр. Бұл кезекте 10 жылға дейін тұрғандар бар.

Ал бала 18 жасқа толғанға дейін баспана берілмесе, ол өзі қайтадан кезекке тұруы тиіс. Жаңа норманың арқасында 20 мыңнан астам отбасы тұрғын үй кезегін сақтай алады деген жоспар бар.

Алайда бұдан былай баспана кезегінде тұрғандарға тегін үйді ешкім бермейтінін ескеру қажет. Осы психологияны толығымен жою үшін алдағы уақытта әкімдіктің баспана кезегі толығымен Отбасы банкіне ауыстырылады. Сол жерде арендалық немесе кредиттік баспана ғана беріледі. Мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған отбасыларға үйді кредитке алу үшін табыстың көлемін барынша арттыру қажет, я болмаса арендалық пәтерді күту керек. Жақында Қазақстан халық партиясының мәжілістегі фракциясы балаларға арналған әмбебап жәрдемақыны енгізуді ұсынған болатын.

Депутат Айжан Ысқақованың айтуынша, бүгінде жұмыс істемейтін әйелдерге бала күтімі бойынша төленетін ай сайынғы жәрдемақыны 30 күнге бөлсе, күніне бір балаға 560-865 теңге ғана шығады. Анасына ештеңе төленбейді.

«Ал сотталған бір адамның тамағына күніне 1018 теңге жұмсалады», — дейді Ысқақова.

Фракция өкілдері 230 829 теңге көлемінде жәрдемақы төленсе, баласы бар отбасылар ештеңден қысылмайтынын алға тартуда. Таңдаған киім-кешегін де алады, қалаған үйірмесіне де барады.

Наурыздың басында дәл осы депутат жәрдемақыны көтеруге қатысты үкіметке сауал жолдаған. Ол кезде фракция өкілдері бала күтіміне байланысты жәрдемақыны ең төменгі күнкөріс деңгейіне (34 302 теңге) дейін көтеруді ұсынды. Бір айдан кейін үкіметтен жауап та келген болатын.

Хатта премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов соңғы он жылда мемлекеттік жәрдемақы алатын отбасылардың жарты миллион адамға артқанын баяндады. Осыған байланысты бюджеттен бөлінетін қаржының көлемі де ұлғайып отыр. Мәселен, 2011 жылы 160,9 млрд теңге берілсе, 2020 жылы жәрдемақының жалпы сомасы 635,3 млрд теңгеге дейін өскен. Үкімет басшысының орынбасары бала күтіміне байланысты жәрдемақының мөлшерін арттыру мәселесі талай рет зерделенгенін де жеткізді.

«Осы мақсатта қосымша 530,2 млрд теңге (мемлекеттік бюджеттен 242,6 млрд теңге, мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан 287,6 млрд. теңге) қажет болады деген шешімге келдік. Ондай сценариймен 2024 жылы мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының қаржылық тұрақтылығы бұзылады», – дейді Тоғжанов.

Ералы Лұқпанұлы өз хатында әлемдік тәжірибені тілге тиек етіп, АҚШ пен Үндістанда ондай жәрдемақылар мүлде төленбейтінін де еске салды. Осылайша, үкімет бала күтіміне байланысты жәрдемақыны орташа жалақының мөлшері былай тұрсын, ең төменгі күнкөріс деңгейіне де көтеруге жағдай жоқ деп отыр. Бұл жолы да Қазақстан халық партиясының депутаттарына осындай жауап келуі мүмкін.

Jasyn

Jasyn

Next Post
Түркістан облысында тау шатқалында адасып кеткендер құтқарылды

Түркістан облысында тау шатқалында адасып кеткендер құтқарылды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Recommended

Газ жарылып кетеді ме деп қорықтық: Таразда көпқабатты үйдің тұрғындарын полиция эвакуациялады

Газ жарылып кетеді ме деп қорықтық: Таразда көпқабатты үйдің тұрғындарын полиция эвакуациялады

1 год ago
Экскурсию по центру кинологии для волонтеров организовали в Жамбылской области

Экскурсию по центру кинологии для волонтеров организовали в Жамбылской области

2 года ago

Popular News

    Connect with us

    Jasyn

    Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18
    SUBSCRIBE

    Яндекс.Метрика

    Біз туралы

    We bring you the best Premium WordPress Themes that perfect for news, magazine, personal blog, etc. Check our landing page for details.

    • About
    • Advertise
    • Careers
    • Contact

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    No Result
    View All Result
    • Home

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    Welcome Back!

    Login to your account below

    Forgotten Password?

    Retrieve your password

    Please enter your username or email address to reset your password.

    Log In