• RU
Среда, 21 мая, 2025
  • Login
No Result
View All Result
Бізге жазылу
JASYN
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
No Result
View All Result
JASYN
No Result
View All Result
Home Әлеумет

Әкімдер жалған мәлімет беруді әбден үйреніп алған

by Jasyn
06/03/2024
in Әлеумет
0
Әкімдер жалған мәлімет беруді әбден үйреніп алған
0
SHARES
5
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

«Статистикаға қарасақ, әрбір қазақстандыққа, оның ішінде нәресте балаларды есепке алғанда, әр күн сайын жарты кг картоп тұтыну керек екенін білесіз бе? Ал бұл салыстырмалы түрде картоптың отаны Белорус елінен бірнеше есе көп деген сөз. Құрметті Прьемер, мен статистикаға бекер сүйеніп отырған жоқпын, ашығын айтсақ, біздің еліміз картопты 2 есе аз өндіреді. Дәл осындай жағдай басқа да салада кездеседі. Яғни бұл ресми статистика мен шынайы өмірдің сәйкес емес екенінің анық мысалы» дейді мәжілісмен Айдарбек Асанұлы депутаттық сауалында.

Салалық одақтардың бағалауына сәйкес бидайға қатысты берілген есеп 3 миллион тоннаға артық. Бәріміз білеміз, 2021 жылы Маңғыстаудан бастап бүкіл оңтүстік батыс өңірлерде қуаңшылық болды. Сол кездегі Ауыл шаруашылығы министрі ауыр жағдайға қарамастан 20,1 миллион тонна астық жиналғанын сүйінші сұрап жеткізгені есімізде. Жекелеген аймақтарда мал басын санағанда анықталған сәйкессіздік 40%-ды көрсетті.

Осындай өтірік кімге, не үшін керек?! Жалған есептер еліміздің ауыл шаруашылығы саласын құрдымға жібермей ме?! Барлық деңгейдегі әкімдіктер, орталық мемлекеттік органдар жалған мәлімет беруді әбден үйреніп алды. Былай айтқанда, жеке қосалқы шаруашылықтардың көрсеткіштерін өз бетінше еселеп, статистиканы түрлендіре береді. Ал бұл үшін жауапкершілік мүлдем қарастырылмаған.

Елді жаман әкім тоздырады, жақсы әкім оздырады деген халық даналығы бар. Әрине, әкімдердің арасындағы бәсеке деген жақсы. Бірақ әкімдер нақты атқарылған іспен, нәтижемен жарысып жатса, онда оны құптауға болады. Ал ойдан шығарған сандармен арзан ұпай жинау елге қажет емес. Мұның зиянын бюджетті жоспарлау кезінде көріп отырмыз. Нарықты реттегенде қате шешімдер қабылданады. Бәрін былай қойғанда, бұл елдің азық-түлік қауіпсіздігін тас-талқанын шығаратынын баса айтқым келеді.

Мемлекет басшысы 2025 жылға ауыл шаруашылық саласының мәліметтерін қайтадан жүйелеу үшін нақты тапсырма бергенін білесіздер. Алайда Статистика бюросы тарапынан тиісті дайындық жұмыстары әлі күнге дейін басталмай отыр.

Депутат А. Қожаназаров «Respublica» партиясының фракциясы атынан келесідей қадамдарды ұсынды:

  1. Әкімдіктердің жұмысын бағалау критерийі ретінде қолданылатын өнім көлемі индексі сенімді бизнес көрсеткіштеріге ауыстырылуы керек. Мүмкін кәсіпорындар рейтингін есепке аласыздар;
  2. Әкімдердің жұмысын бағалауды нақты қолдарында тұрған бар құралдарға қарап бекітсе. Мысалы, ауыл шаруашылығы өндірісіне бөлінген жер учаскелері, берілген субсидиялар, жасалған инфрақұрылымдар, тартылған инвестиция көлемі, несиелер көлемін айтуға болады;
  3. Статистикалық есепті мал басын есепке алудың ақпараттық жүйесін, дақылдардың ғарыштық мониторингін, салық және зейнетақы есептеулер, кедендік декларацияларды және электрондық шот-фактуралардың базасын интеграциялау арқылы жүргізу;
  4. Кәсіби фермерлерді, жетекші IT-компанияларды және халықаралық сарапшыларды тартып, жұмыс тобын құру арқылы ақпараттық, әдістемелік және нормативтік-құқықтық базаны жетілдіру керек;

5. Егер шаруа қожалығы жергілікті әкімдердің сұрауы бойынша өндірілген өнім көлемін ұлғайтып көрсететін болса, оған тиісінше салынатын салық көлемі де ұлғайтылуы қажет

Tags: депутаттық сауалМәжіліс депутаты Айдарбек Қожаназаров
Jasyn

Jasyn

Next Post
«Ботай – Ұлы дала мәдениеті» көрмесі ашылды

«Ботай – Ұлы дала мәдениеті» көрмесі ашылды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Recommended

Енді зейнетақы төлемдерін тағайындау үшiн мүгедек баланы бағып-күткен уақыты да есепке алынуы мүмкін

Енді зейнетақы төлемдерін тағайындау үшiн мүгедек баланы бағып-күткен уақыты да есепке алынуы мүмкін

4 года ago
Жамбыл облысында полиция қызметкерлері мас күйдегі автобус жүргізушісін ұстады

Жамбыл облысында полиция қызметкерлері мас күйдегі автобус жүргізушісін ұстады

4 месяца ago

Popular News

    Connect with us

    Jasyn

    Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18
    SUBSCRIBE

    Яндекс.Метрика

    Біз туралы

    We bring you the best Premium WordPress Themes that perfect for news, magazine, personal blog, etc. Check our landing page for details.

    • About
    • Advertise
    • Careers
    • Contact

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    No Result
    View All Result
    • Home

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    Welcome Back!

    Login to your account below

    Forgotten Password?

    Retrieve your password

    Please enter your username or email address to reset your password.

    Log In