• RU
Пятница, 15 августа, 2025
  • Login
No Result
View All Result
Бізге жазылу
JASYN
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
No Result
View All Result
JASYN
No Result
View All Result
Home • Патерналистік және масылдық көңіл-күйді төмендету қоғамда ынтымақтастық рухын қалыптастыру

Іскер де жігерлі жастарының көптігімен ерекшеленеді

Жамбыл облысы -- жастарының көптігімен ерекшеленеді. Қолынан іс келетін, ойлы да биік рухты, жігерлі де іскер жастарының көптігімен ерекшеленеді.

by Jasyn
12/08/2025
in • Патерналистік және масылдық көңіл-күйді төмендету қоғамда ынтымақтастық рухын қалыптастыру
0
Іскер де жігерлі жастарының көптігімен ерекшеленеді
0
SHARES
23
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Жастарға жақсы жол көрсетіп, бағыт-бағдар сілтеп, еліміздің түкпір-түкпірін шарлап кеткен түрлі жобалар сол жас толқынға көрсетіліп жатқан қамқорлықтың нақты дәлелі.

Бұл жобалар бойында жалыны бар жастардың іскерлік қасиетін, патриоттық сезімін оятып, күш-жігерін тасытып, асқақ арман, үлкен мақсаттарға жетелейтіні анық. Десек те қандай жағдай жасалып жатса да қоғамымызда масылдық дерті белең алғаны да жасырын емес.

— Жасыратыны жоқ, елде жалқаулық байқалады, — дейді белгілі ақын, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Қайырбек Асанов. — Баяғы еңбекқорлық жетіспейтін сияқты. Осыдан біршама жыл бұрын қолымыз тигенде зайыбым Күләштің туған ауылы – Үшаралға барып тұратынбыз. Барған сайын байқайтынмын, дастарханға қытайдың көк алмасы мен қайдан келгені белгісіз қызанақ пен қиярды қояды.  Ал, үйлерінің алдында кемінде 10 сотық жер жатыр. Содан бір күні айттым: «Ойбай-ау, сендер мұның бәрін сатып ала бергенше мына жерге бау-бақша екпейсіңдер ме? Іргеде Таластың суы ағып жатыр. Құдықтарың да бар»… Алғашында селт ете қойған ешқайсысы болмады. Келесі бір көктемде барғанымда 3 отбасы арасында бау-бақша егуге бәйге жарияладым. Менікі олардың қызығушылығын ояту ғой. Мақсат — масылдықтан, жалқаулықтан арылту. Содан құлшынып жұмысқа кірісіп кетті. Содан тағы бір күзде барсам, 3 үйдің де бау-бақшасы бір ретке келіп қалды. Күзде сол бақшадан алынған көкөністің дәмін таттық. Бәйгеде жеңімпаз болғанға бір қой, қалған екі үйге шамамыз келгенінше ақшалай сыйлық бердік. Қазір жыл сайын бақша егіп, әжептәуір өнім алады. Бұл бір жағы адамды еңбек етуге, жердің қадірін білуге үйретеді. Бір жағынан табиғи таза нәрсенің пайдасы да мол.

Бүгінде жас ақындар, шығармашыл жастар үйге келіп, ақыл-кеңес сұрап, қызу әңгімелесіп тұрамыз. Қоғамда белең алып бара жатқан масылдық дегеніңізді ұлы ақынымыз Абай Құнанбайұлы өзінің алтыншы қара сөзінде айтып кеткен. Хакім Абай өзінің құнды сөзінде: «Қазақ айтады, «Бірлік болмай тірлік болмайды» деп. Бірлік қандай елде болады, қайтсе тату болады – білмейді. Қазақ ойлайды: бірлік – ат ортақ, ас ортақ, киім ортақ, дәулет ор­тақ болса екен дейді. Олай болғанда байлықтан не пайда, кедейліктен не залал? Ағайын құрымай мал іздеп не керек? Жоқ, бірлік – ақылға бірлік, мал­ға бірлік емес. Малыңды беріп отыр­саң, атасы басқа, діні басқа, күні бас­қа­лар да жалданып бірлік қылады! Бірлік малға сатылса, антұрғандықтың басы осы. Ағайын алмай-ақ бірлік қылса ке­рек, сонда әркім несібесін Құдайдан тілейді. Әйтпесе, Құдайдан тілемейді, шаруа іздемейді… «Ырыс алды – тірлік» дейді, ол қай тірлік? Ол осы жан кеуде­ден шықпағандық па? Жоқ, ондай тір­лік итте де бар. Ондай тірлікті қымбат көріп, бұлдаған адам өлімді жау көріп, ахиретке дұшпан болады. Жанын қор­ғалатып, жаудан қашып, қорқақ атанып, еңбек қылудан, қызмет қылудан қашып, еріншек атанып, ез атанып, дүниеде әлгі айтыл­ған ырысқа дұшпан болады. Ол айтқан тірлік олар емес. Көкірегі, көңілі тірі болса, соны айтады», – деген.

Абайдың бұл сөзінен не ұғуға болады? Әлбетте, ақын адал еңбекпен ерінбей жүріп мал табуға, ерінбей жігерлі болуға шақырады. Қазақта әлі Абайдан артық ақын туған жоқ. Ғасыр бұрын туып, бүгінгінің дертін дәл тауып, оның емін де айтып, жазып кеткен. Оның қай шығармасын алсаңыз, барлығы да адалдыққа, адал еңбек етуге баулиды.

Фото: Malim.kz

 

 

Tags: Абай Құнанбайұлыадал еңбекЖастарға жақсы жол көрсетуҚайырбек Асанов
Jasyn

Jasyn

Next Post
Абай облысына 10 млрд теңгеден астам қаражат бөлінді

Абай облысына 10 млрд теңгеден астам қаражат бөлінді

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Recommended

Әйелдер мен балаларға қатысты кез келген сипаттағы зорлық-зомбылық үшін жауапкершілік қатаңдатылады

Әйелдер мен балаларға қатысты кез келген сипаттағы зорлық-зомбылық үшін жауапкершілік қатаңдатылады

1 год ago
Более 200 граффити-надписей удалено жамбылскими полицейскими совместно с волонтерами

Более 200 граффити-надписей удалено жамбылскими полицейскими совместно с волонтерами

2 года ago

Popular News

    Connect with us

    Jasyn

    Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18
    SUBSCRIBE

    Яндекс.Метрика

    Біз туралы

    We bring you the best Premium WordPress Themes that perfect for news, magazine, personal blog, etc. Check our landing page for details.

    • About
    • Advertise
    • Careers
    • Contact

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    No Result
    View All Result
    • Home

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    Welcome Back!

    Login to your account below

    Forgotten Password?

    Retrieve your password

    Please enter your username or email address to reset your password.

    Log In