• RU
Среда, 21 мая, 2025
  • Login
No Result
View All Result
Бізге жазылу
JASYN
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
No Result
View All Result
JASYN
No Result
View All Result
Home • Жастар саясаты

Сарыағаштық жастар спорт сайысынан алдарына жан салмайды

by Jasyn
25/10/2024
in • Жастар саясаты
0
Сарыағаштық жастар спорт сайысынан алдарына жан салмайды
0
SHARES
7
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған Жолдауында «Балалардың спортпен шұғылдануына жағдай жасалуы қажет. Спорт инфрақұрылымын біртіндеп салуды қамтамасыз етуге тиіс» деген болатын. 

Осыған сәйкес елімізде спортты дамытуға, спорттық инфрақұрылымның балаларға барынша қолжетімділігін қамтамасыз етуге көңіл бөлінуде. Осы ретте, жеке инвестор есебінен Сарыағаш ауданына қарасты Дарбаза елді мекенінде 500 балаға арналған заманауи үлгідегі спорт кешені ашылды. Аталған спорт кешенінің ашылу салтанатына аудан әкімі Арман Абдуллаев арнайы қатысып,ауыл тұрғындарын келе жатқан мерекемен құттықтады. 

500 балаға арналған спорт кешенін жеке кәсіпкер Абылай Салимов ағымдағы жылдың наурыз айында бастап, ел игілігіне табыстады. Спорт кешенінде футбол алаңшасы, бокс, самбо, дзюдо, үстел теннисі, қазақ күресі, таеквандо, футбол, шахмат үйірмелеріне арналған залдар заманауи үлгідегі құрал-жабдықтармен жабдықталған.

Аталған жиын барысында аудан әкімі самбо күресінен жуырда ғана Кипр мемлекетінде өткен Әлем чемпионы атанған Е. Ахатовты, Әскерилер арасында Өзбекстанда өткен Әлем чемпионатының күміс жүлдегері, Хорватия мемлекеті, Загреб қаласында өткен Әлемдік Гранд При жарысының Чемпионы атанған Ш.Рахимовты, Греплингтен ҚР 2024 жылғы чемпионы, Филиппинде өткен Азия чемпионатының күміс жүлдегері Д.Бөрібайды, сонымен қатар дзюдо күресінен Қазақстан Республикасының үш дүркін жеңімпазы М. Серікбайларды алғыс хаттармен марапаттап, бағалы сыйлықтар табысталды.

Сондай-ақ жақында «Түркістанға тарту» жобасы аясында Сарыағаш және Жетісай аудандық Жастар ресурстық орталықтарының ұйымдастыруымен жастар арасында облыстық спартакиада өтті. Іс-шараның ашылу салтанатына Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасы басшысының орынбасары Нұрсұлтан Сейтжанов, облыстық Жастар ресурстық орталығының басшысы Ернар Бектаев, Сарыағаш аудандық мәслихатының депутаты Нұржан Делишов қатысты.

Жастардың спорттық шеберлігін арттыру, салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында ұйымдастырылған облыстық спартакиадаға аудан, қалалық жастар орталықтарының мамандары қатысып, өзара бақ сынады. Жастардың физикалық белсенділігі мен командалық рухы сыналған бәсекеге қатысушылар спорттың 6 түрінен, атап айтқанда, арқан тартыс, гір тасын көтеру, ләңгі тебу, үстел теннисі, белтемірге тартылу және волейболдан өзара сынға түсті.

Командалық есеп бойынша оқ бойы озып шыққан Төлеби ауданы I орынды иеленсе, Қазығұрт ауданы II орынды қанжығалады. Ал, Сауран ауданына III орын бұйырды. Жеңіске жеткен командалар арнайы дипломдармен, бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Республика күні мерекесіне орай жастардың бойында патриоттық тәрбиені қалыптастыру және отан алдындағы азаматтық жауапкершілігін арттыру мақсатында аудандық «ЖАС САРБАЗ» әскери- патриоттық сайысы өтті. 

Аталған сайысқа Ақжар, Дербісек, Қызылжар, Жемісті ауылдық округі аумағындағы аудандық білім бөліміне қарасты білім беру ордаларынан құралған 12 команда қатысып өз шеберліктерін көрсетті.

Сайыс ережесіне сәйкес қатысушылар қарумен нысана көздеу, садақ ату, АК-74 қаруын шашып- жинау, белтемірге тартылу, жалпы әскери қорғаныс жинағын кию және қыздар 1000 м, ерлер 3 000 м қашықтыққа жүгіру сындарынан өтті.

Сайыс нәтижесі бойынша:

1 — орын А. Байтұрсынов атындағы жалпы білім беретін мектеп оқушылары,

2- орынды Абылайхан атындағы жалпы білім беретін мектеп оқушылары,

3- орынды Алыбай батыр атындағы жалпы білім беретін мектеп оқушылары иеленді.

Барша жеңімпаздарға арнайы диплом, кубок, медаль және бағалы сыйлықтар табысталды.

Жақында Төлеби ауданында облыс жастары арасында “Көшпенділер» ойыны өткен болатын. Облысымызда дәстүрлі түрде төртінші рет ұйымдастырылған дүбірлі сайыста сарыағаштық жастар бұл жолы да жеңіс тұғырына көтерілді. 

Түркістан облысы аумағындағы аудандармен қаладан келген спортшылардан құралған 12 команда өзара 7 спорт түрінен бақ сынасты.Атап айтқанда: садақ ату, қазақ күресі, көкпар жекпе-жегі, мас-рестлинг, аударыспақ, алыптар сайысы және арқан тартысынан бәсекеге түсіп, жалпы командалық есеп бойынша ІІІ орынға Сарыағаш ауданы жастары ие болып, арнайы кубок пен қаржылай сыйлықты иеленді. 

Айтулы дода дала дәстүрін, ұрпақтар сабақтастығын негізге ала отырып, халқымыздың тарихын, болмысын, дәстүрін жастарға кеңінен насихаттауда.

Ақтау қаласында дзюдо күресінен ерлер мен әйелдер арасында Азия кубогі өтті. Әлемдік рейтингтік ұпай беретін Тұрар Жолдыбаевты еске алуға арналған турнирде 52 келі салмақ дәрежесінде сынға түскен Нұрбала Зайнул үздік үштікте көрініп, қола жүлдегер атанды. Бапкері Олжабай Бейсенбаевтың тапсырмаларын бұлжытпай орындап, жеңіс тұғырынан көрінген ару қажетті рейтингтік ұпайларға қол жеткізсе әлемдік “Grand Slam” , “Grand Prix” турнирлерінде күресуге мүмкіндік алады. 

Сонымен қатар, Астана қаласында жастар және жасөспірімдер арасында өткен грэпплинг күресінен әлем чемпионатында Сымбат Ибрахим 43 келі салмақ дәрежесінде әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды. Сарыағаштық бұрымдылар ауданға қарасты Қажымұқан атындағы балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің түлектері. Айта кетейік, аталған мектептің грэпплинг бөлімі Азия чемпионатының 2 алтын, 4 күміс, 1 қола жүлдегерін, сонымен қатар ҚР чемпионатының 3 алтын , 3 күміс, 6 қола жүлдегерлері мен үздіктерді тәрбиелеген.

Ал Еуропаның Кипр мемлекетінің Ларнака қаласында жастар арасында самбо күресінен өткен әлем чемпионатына сарыағаштық бозбала Еркебұлан Ахат 58 келі салмақ дәрежесінде қатысып қарсылыс шақ келтірмей чемпион атанды. 

Еркебұлан Ахат ауданға қарасты Ақниет елді мекеніндегі №2 балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің түлегі. Қазіргі таңда, Түркістан қаласындағы Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің ІІІ курс студенті. 

Самбо күресімен 10 жылға жуық білікті бапкер Жанәділ Алдияровтан тәлім алып, әлем біріншілігінің шыңын бағындырған. 

Сондай-ақ, Сауран ауданында Түркістан облыстық “Жастар ресурстық орталығы” КММ-нің ұйымдастыруымен жас сарбаздар арасында облыстық “Біз жауынгер” сайысы өтті.

Аталған сайыста: эстафета, садақ ату, жалпы әскери қорғаныс жинағын кигізу және газтұмылдырық кию, АК-74 толық емес бөлшектеу және жинақтау сынды 4 кезеңнен тұратын сайысқа аудан, қалалық мектептердің 8-11 сынып оқушылары қатысты. 

Жүзден жүйрік шыққан жеңімпаздар:

Бас жүлде — Кентау қаласы

1-орын — Сарыағаш ауданы

2-орын — Сайрам ауданы

3-орын — Арыс ауданы иеленіп, қаржылай сыйлықтар мен арнайы дипломдар табысталды.

Сонымен қатар,қатысушыларға ынталандыру сыйлықтары да табысталды.

Сайыстың мақсаты — қатысушылардың физикалық дайындығын, ерік-жігерін, тактикалық ойлау қабілетін, командалық жұмысын дамыту. Сондай-ақ, жастарды тұлғалық және патриоттық құндылықтарға тәрбиелеу, сайыс барысында қатысушылардың түрлі әскери тапсырмаларды орындауы арқылы жедел шешім қабылдау дағдыларын тексеру, жастарды отансүйгіштікке тәрбиелеу.

Фото: Сарыағаш ауданы әкімдігі

Jasyn

Jasyn

Next Post
«Жастар практикасы» — тәжірибесі жоқ жас мамандар үшін мол мүмкіндік

«Жастар практикасы» - тәжірибесі жоқ жас мамандар үшін мол мүмкіндік

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Recommended

Қарапайым қазақстандықтардың мобильді аударымдары қашаннан бастап тексеріле бастайды

Қарапайым қазақстандықтардың мобильді аударымдары қашаннан бастап тексеріле бастайды

3 года ago
Қазақстандықтар шетелден жылжымайтын мүлікті жиі сатып алатын болған

Қазақстандықтар шетелден жылжымайтын мүлікті жиі сатып алатын болған

3 года ago

Popular News

    Connect with us

    Jasyn

    Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18
    SUBSCRIBE

    Яндекс.Метрика

    Біз туралы

    We bring you the best Premium WordPress Themes that perfect for news, magazine, personal blog, etc. Check our landing page for details.

    • About
    • Advertise
    • Careers
    • Contact

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    No Result
    View All Result
    • Home

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    Welcome Back!

    Login to your account below

    Forgotten Password?

    Retrieve your password

    Please enter your username or email address to reset your password.

    Log In