Биылғы жылдың 21-23 қазаны аралығында құқықтық тәртіпті сақтау, көшелерде және басқа да қоғамдық орындарда құқық бұзушылықтардың алдын алу және жолын кесу мақсатында «Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілді.
Рейдтік іс-шара барысында тәулік ішінде 29 қылмыс ашылды, тыйым салынған заттарды заңсыз сақтағаны немесе алып жүргені үшін 14 адам ұсталды. Сонымен қатар, ҚР ІІО-да есепте тұрған 1837 адам тексерумен қамтылып, белгіленген шектеулердің 23 бұзушылығы анықталды.
Сондай — ақ, 2384 әкімшілік құқық бұзушылық, оның ішінде алкогольдік ішімдіктерді ішудің немесе қоғамдық орындарда мас күйінде жүрудің 152 дерегі және жалпыға ортақ пайдаланылатын орындарды ластаудың 126 дерегі анықталды.
Полицейлер тіркеусіз немесе жеке басын куәландыратын құжаттарсыз тұратын 490 азаматты анықтады. Сондай-ақ, отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласындағы құқыққа қайшы әрекеттері үшін 52 бұзушы жауапкершілікке тартылды. Түнгі уақытта ересектердің еріп жүруінсіз ойын-сауық орындарында болған 156 кәмелетке толмаған жасөспірімнің ата-аналары мен заңды өкілдеріне хаттамалар толтырылды.
Тиісті құжаттарсыз автокөлікті басқарған 621 жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Және мас күйінде автокөлікті басқарғаны үшін 18 жүргізуші, сондай-ақ ЖҚЕ бұзғаны үшін 516 жаяу жүргіншіге айыппұл салынды.
Жамбыл облысы Полиция департаменті тұрғындардан кез-келген құқық бұзушылықтар үшін заң бойынша жауапкершілік көзделгенін ескертеді.