Жақында Мақтаарал ауданы ішкі саясат бөлімі «Жастар ресурстық орталығы” КММ — нің ұйымдастыруымен «Мақтаарал ауданы әкімінің кубогы» атты жастар арасында облыстық пікірсайыс турнирі өтті.
Турнирді аудан әкімінің орынбасары Алтын Күнтуқызы ашып беріп, қатысушыларға сәттілік тіледі.
Аталмыш турнирде Ордабасы, Төлеби, Қазығұрт, Шардара, Сарыағаш, Келес, Жетісай және Мақтаарал ауданының пікірсайысшылары бақ сынады. Жалпы турнирге аудан, қаладан келген 11 фракция қатысты.
Турнирдің алғашқы іріктеу кезеңдерінде барлық фракциялар тамаша ойын көрсетіп, үздіктері жартылай финал және финал кезеңдерде өзара мықтыны анықтады..
Турнир қорытындысы төмендегідей:
I орын — Жетісай ауданы “Ақиқат шыңы” фракциясы. (100 000 теңге)
II орын — Ордабасы ауданы «Үстемдік» фракциясы. (70 000 теңге)
III орын — Мақтаарал ауданы «Таскескен» фракциясы. (50 000 теңге)
“ҮЗДІК ОРАТОР” номинациясын Қазығұрт ауданынан келген “Жігерген жақұттары” фракциясы иеленді.
Ал, Сарыағаш ауданында сауықтыруға арналған іс-шаралар жоспарына сәйкес, жастардың уақытын тиімді өткізу, бұқаралық спорт түрін тұрғындар өміріне бейімдеу, салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында ауданда спорттың волейбол түрінен «Достық кубогы» өтті.
Аудандық сайысқа түрлі ұлт өкілдерінен құралған 9 команда қатысып, өзара сайысқа түсті.
Сайыс нәтижесі бойынша:
І орынды Қапланбек командасы,
ІІ орынға Ақжар командасы,
ІІІ орынды Алтынсарин командасы иеленіп, арнайы дипломдар мен бағалы сыйлықтар табыстады.
Айта кетсек, Сарыағаш ауданында бұқаралық спортты дамыту, денешынықтыру бағытындағы спорт үйірмелерін, тұрғындарға арналған алаңшаларды көптеп ашуға ерекше көңіл бөлініп келеді.
Сондай-ақ Сарыағаш ауданы әкімі Арман Абдуллаевтың Жібек жолы ауылына арнайы бекіткен сауықтыру іс-шаралар жоспарына сәйкес ауданда «Жас аспаздар сайысы» өтті.
Аудандық сайысқа түрлі этнос өкілдерінен 10 жас аспаз қатысып, өз шеберліктерін көрсетті. Тәжірибиелі мамандардан құралған әділ-қазылар алқасының шешіміне сәйкес, сайыс нәтижесінде:
І орын Султанханов Али
ІІ орын Дарханбеков Ерболат
ІІІ орын Уткиров Фурхатқа бұйырды.
Сайыс жеңімпаздары мен қатысушыларды ауданның ішкі саясат бөлімінің басшысы З. Хамзаева және Жібек жолы ауылдық округі әкімі А. Сейтжапбаров құттықтап, арнайы дипломдар мен бағалы сыйлықтар табыстады.
Аталған сайыс жас аспаздардың өзара тәжірибе алмасуына, жастар арасында аспазшы мамандығына деген қызығушылықты арттыруға және этносаралық достық пен ынтымақтастықты нығайту барысында үлкен роль атқарады.
Және де осы ауданда «ОТБАСЫ- ӨМІР АЯСЫ» атты облыстық жас отбасылар сайысы өтті. Сайысты аудан әкімінің орынбасары А. Қозыбаев құттықтау сөз айтып, қатысушыларға сәттілік тілеп, отбасын нығайтудағы спорттық іс-шаралардың рөлі туралы атап өтті.
Сайыстың мақсаты — жас отбасылар арасында отбасылық құндылықтарды, отбасы мүшелерінің спортқа деген сүйіспеншілігін арттыру және салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында өткізілген спорттық іс-шара 4 кезеңді қамтыды.
Атаулы сайысқа облыс аумағындағы аудан қаладан 9 отбасы қатысты. Жарыстың әр кезеңінде жеңіпмаздарды эстафеталық сайыстар арқылы төрешілер жеңіпаздарды анықтап отырды. Командалар өз шапшаңдықтарымен сайысқа белсене қатысып, жеңіпаздарды анықтады. Тартысты өткен сайыс жеңіпаздарын облыстық жастар ресурстық орталығының басшы орынбасары П. Есқулов құттықтап, марапаттады.
Сайыс нәтижесінде
I орын Эшмурзаевтар отбасы (Бәйдібек ауданы)
II орын Истургановтар отбасы (Шардара ауданы)
III орын Дербістер отбасына (Жетісай ауданы) бұйырды.
Сайыс жеңіпаздарымен қатысушыларғы арнайы дипломдары мен бағалы сыйлықтар табысталды.
Ал, Жетісай ауданы әкімдігі жанынан құрылған қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуде сервистік тәсілді енгізу жөніндегі ведомствоаралық топ мүшелері және “Жастар ресурстық орталығы” КММ-нің психологының қатысуымен №32 Ш.Құдайбердиев атындағы жалпы білім беретін мектепте ата-аналар жиналысы өтті.
Жиынға топ жетекшісі Адина Шойғараева, Жетісай АПБ ЖПҚ учаскелік полиция инспекторы полиция подполковнигі Бекмырза Абдурахманов, Жетісай ауданық прокуратурасының прокуроры Қажыкелді Әнуарбек, Жетісай аудандық білім бөлімінің бас маманы Ғалымжан Әбілқаиров, “Жастар ресурстық орталығы” КММ психологі Жазира Қайратқызы, Жетісай ауданы полиция бөлімі АПБ ЖПҚ инспекторы полиция капитаны Мейірхан Жетібаев қатысты.
”Зорлық-зомбылықсыз балалық шақ” атты тақырыпта өткізілген кездесудің мақсаты — жастар мен жасөспірімдер арасындағы өзекті мәселелердің:зорлық-зомбылық, буллинг-кибербуллингке жол бермеу, қыздар арасындағы ерте жүктіліктің және жасөспірімдердің өз-өзіне қол жұмсау оқиғаларының алдын алу бойынша бірлесіп жұмыс атқару, өзекті мәселелердің шешімін бірге талқылау.
Жиналыс барысында құқықбұзушылық, лудомания, интернет алаяқтық, жол қауіпсіздік ережелерін сақтау және т.б тақырыптарда семинар өткізілді, семинар барысында ата-аналар қойған сұрақтарға жауап беріп, интернет алаяқтық, лудомания тақырыптарында жадынамалар берілді. Білім бөлімі және ішкі істер саласы барлық қызметкерлері еріктілер тобын құрып, кешкі мезгілде рейдтік шаралар өткізіліп жатқандығын хабарлады. Ш. Құдайбердиев атындағы білім мекемесінде өткен кездесуде ата-аналардың міндеттері, мектепішілік тәртіп және т.б мәселелер қозғалды.
Сонымен қатар жиында психолог мамандар бала тәрбиесі және психологиясы жөнінде сөз қозғап, қазіргі таңда жастар мен жасөспірімдер арасында түрлі мәселелердің көбейіп бара жатқанын айтып, оған апаратын себептерін талқылады. Сондай-ақ бала тәрбиесі бойынша ата-аналарға психологиялық кеңестер айтып, бір сәт баламен сырласып, олардың қызығушылығы мен бос уақытын тиімді ұйымдастыру керектігі айтылды.
Шара соңында психологтар ата-аналармен семинар-тренинг өткізіп, қызықтырған сұрақтарына жауап алды.
Сондай-ақ Жетісай ауданы ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен қазіргі таңдағы өзекті мәселелердің алдын алу бойынша және репродуктивті денсаулықты сақтау мақсатында «Қыз бала-ұлттың ұяты, халықтың шырайы» атты тақырыбында арнайы мамандардың қатысуымен оқушылармен кездесу өтті.
М. Шоқай атындағы ЖББМ-те өткен кездесуге гинеколог-дәрігер Ақшақыз Абзейтова, “Жастар ресурстық орталығы” КММ-нің психологі Жазира Қайратқызы және оқушылар қатысты.
“Қыз өссе елдің көркі” дейді дана халқымыз. Қазіргі заманда енді бойжетіп келе жатқан қара көз сұлу бойжеткендеріміз ересек өмірге ерте аяқ басып, ерте ана атануда. Оң-солын дұрыс танымаған, буыны қатпаған жасөспірім қыздар үшін бұл оңайға түспесі анық. Сондықтан да әр нәрсенің өз уақытымен болғаны дұрыс. Қыздар жиналысында міне осы мәселелер қозғалып, мамандардың кеңесі айтылды.
Кездесуге қатысқан жастар, жасөспірім қыз балалардың денесінің дамуы, гигиенасы туралы дәрігердің кеңесін тыңдап, тақырып төңірегінде толғандырған сұрақтарды қойып, арнайы мамандар қойылған сауалдарға жауап берді.
Сонымен қатар Жастар орталығының психологы қыздармен өткен жиналыста лудомания, ерте жүктілік, буллинг-кибербуллинг секілді қазіргі таңдағы өзекті мәселелер бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Фото: Сарыағаш Жастар Ресурстық Орталығы