«Тэя» қызметтік итінің көмегімен автокөлікті тексеру барысында жүк салғышынан көліктегі жолаушыға тиесілі жасыл түсті өсімдік заты бар екі сөмке табылды.
Сараптама қорытындысына сәйкес, табылған заттар салмағы 12 келі «гашиш» және 170 гр «каннабис шайыры» екені анықталды.
ҚР Қылмыстық кодексінің 296-бабы 4-бөлігі және 297-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталды. Күдікті кінәсін мойындап, қазіргі уақытта Шу аудандық полиция бөлімінің уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды.