• RU
Среда, 21 мая, 2025
  • Login
No Result
View All Result
Бізге жазылу
JASYN
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
No Result
View All Result
JASYN
No Result
View All Result
Home Туризм

Кейбір мердігерлер мемлекеттік сатып алу конкурсында негізсіз жеңіске жетті

Сенатор Жанболат Жөргенбаев өзінің депутаттық сауалында туристік тартымды өңірлерде инфрақұрылымды дамыту проблемасын жария етті. Депутат көтерген тақырыптың бірі – Алматы облысындағы автомобиль жолдары мен әлеуметтік нысандарды салу және күрделі жөндеу болып отыр.

by Jasyn
30/09/2024
in Туризм
0
Кейбір мердігерлер мемлекеттік сатып алу конкурсында негізсіз жеңіске жетті
0
SHARES
6
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Сенатордың мәліметінше, жүргізілген мемлекеттік сатып алуды талдау барысында кейбір компаниялардың қолданыстағы заңнаманың жетілмегендігін пайдалана отырып, автомобиль жолдары мен әлеуметтік объектілерді салу немесе күрделі жөндеу жөніндегі жұмыстарды мемлекеттік сатып алу конкурстарын негізсіз ұтып алатынын көрсетеді.

«Қаржы министрлігіне электрондық депозитарийді дұрыс жүргізу бойынша бақылауды күшейтуді тапсыруыңызды сұраймыз, өйткені көптеген компаниялардың расталған жұмыс тәжірибесі сатып алу нысанасына сәйкес келмейді, осылайша объектілерді салу мерзімдері үзіліп, бюджет қаражаты тиімсіз жұмсалуда», — деді депутат.

Сондай-ақ, Алматы облысының туристік нысандарына апаратын автомобиль жолдарының жай-күйі де өзекті болып қалып отыр. Депутаттың айтуынша, «Көлсай көлдері», «Шарын», «Іле-Алатау» ұлттық парктері сияқты көрнекті нысандарға баратын көптеген туристер автомобиль жолымен жүрген кезінде елеулі проблемаларға тап болады. Олардың қатарында жол жамылғысының сапасыздығы, жол инфрақұрылымының жетіспеушілігі, қыс мезгілінде қол жеткізудің мүмкіндігінің нашарлығы және басқа да мәселелер бар.

«Аймақтың көлік инфрақұрылымын жақсарту үшін Кеген ауданындағы Қайыңды көліне апаратын жолды, Мыңжылқы-Шарқұдық жолы мен Ұйғыр ауданындағы Шарын шатқалына апаратын жолдарды күрделі жөндеу керек. Осы мәселелерді шешу аймақтың әлеуетін нығайтуға және туристік ағынның артуы есебінен облыс экономикасының дамуына ықпал етеді», — деді сенатор Жөргенбаев.

Фото: GOV.KZ

 

Tags: көлік инфрақұрылымын жақсартумердігерлертуристік нысандарына апаратын автомобиль жолдары
Jasyn

Jasyn

Next Post
Жамбылдық тұрғынның сөмкелерінен 12 келіден астам гашиш табылды

Жамбылдық тұрғынның сөмкелерінен 12 келіден астам гашиш табылды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Recommended

Қаңтарда Алматы әуежайын басып алуға полиция бастығы жол берген

Қаңтарда Алматы әуежайын басып алуға полиция бастығы жол берген

3 года ago
Абай облысының оқушылары ақылды жылыжай жасап шығарды

Абай облысының оқушылары ақылды жылыжай жасап шығарды

2 года ago

Popular News

    Connect with us

    Jasyn

    Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18
    SUBSCRIBE

    Яндекс.Метрика

    Біз туралы

    We bring you the best Premium WordPress Themes that perfect for news, magazine, personal blog, etc. Check our landing page for details.

    • About
    • Advertise
    • Careers
    • Contact

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    No Result
    View All Result
    • Home

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    Welcome Back!

    Login to your account below

    Forgotten Password?

    Retrieve your password

    Please enter your username or email address to reset your password.

    Log In