• RU
Четверг, 22 мая, 2025
  • Login
No Result
View All Result
Бізге жазылу
JASYN
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
No Result
View All Result
JASYN
No Result
View All Result
Home Әлеумет

Бағдарламада тұрақты жұмыс орындарын ашу көрсеткіші жоқ

Сенатор Серік Шайдаров депутаттық сауалында ауылдық аймақтар экономикалық дамуда артта қалғанын, өмір сүру сапасының төмендеп бара жатқанын және ауылдардың жойылып кетуіне әкеліп соғатын проблемаларды атап өтті.

by Jasyn
30/09/2024
in Әлеумет
0
Бағдарламада тұрақты жұмыс орындарын ашу көрсеткіші жоқ
0
SHARES
4
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Депутат «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасына да тоқталды. 2019 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан ол ауылдық жерлерде өмір сүру сапасын жақсартуды көздейді. 2014-2023 жылдар аралығында республикалық бюджеттен 524 миллиард теңге бөлініп, 1800 ауылда 5 мыңнан астам жобаны жүзеге асыруға мүмкіндік туды. Дегенмен, сенатордың айтуынша, бағдарламада тұрақты жұмыс орындарын ашу көрсеткіші жоқ, бұл ауылды дамытудың әлемдік тәжірибесіне қайшы келеді. Мұнда табыс деңгейі мен жұмыссыздық сияқты экономикалық көрсеткіштер басты рөл атқарады. Сондай-ақ, ол елімізде соңғы 20 жылда 1404 ауылдың жойылып кеткенін, бұл ауылдық аймақтарға қатысты мемлекеттік саясатты қайта қарау қажеттігін алға тартты.

«Мемлекеттік қолдаудың қатысуымен бөлінетін барлық несиелерді «Ауыл – ел бесігі» бойынша ауылдық елді мекендерді қаржыландырумен байланыстыру және негізгі индикаторды осы ауылдық елді мекендердегі салалар бойынша жалпы қосылған құнның жыл сайынғы өсуіне мониторинг жүргізе отырып, жаңа тұрақты жұмыс орындарының ашуды айқындау ұсынылды. Қалыптасқан жағдайды ескере отырып, неге инфрақұрылымға миллиардтаған сома құйылатын ауылдық елді мекендерде бөлінген несиелер мен бизнес ашу бойынша талдау жоқ деген сұрақ туындайды. «Ауыл – ел бесігі» жобасының мақсаты – осы ауылдардағы экономикалық өсу өлшемі арқылы ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасын жақсарту болып табылады. Іс жүзінде бюджет қаржысын әдеттегідей игеру жүріп жатыр, ал тұрақты жұмыс орындары ашылмаса мемлекет салынған қаржыдан тиісті нәтиже ала алмайды», — деді Серік Шайдаров.

Сенатордың ұсынысы ауылдық өңірлерде экономикалық дамуға және жаңа тұрақты жұмыс орындарын ашуға баса назар аудара отырып, «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасына кешенді талдау жүргізу қажеттігіне негізделеді. Депутат «Ауыл аманаты» бағдарламасын үлгі ете отырып, ауыл тұрғындарына ӘКК арқылы несие беруді де ұсынды. Себебі, «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы бойынша жобаларды жергілікті атқарушы органдар қалыптастырып, ауылдарда жұмыс орындарын ашуды және инфрақұрылымды дамытуды үйлестіруді ұсынып отыр.

Фото: Ulysmedia.kz

 

Tags: ауылдардың жойылып кетуіауылдық аймақтар экономикалық дамусенатор Серік Шайдаров.
Jasyn

Jasyn

Next Post
Дәрілік заттардың тек 15%-ы ғана ЕАЭО талаптарына сәйкес емес

Дәрілік заттардың тек 15%-ы ғана ЕАЭО талаптарына сәйкес емес

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Recommended

Депутаттар утиль жинау алымына мораторий жариялауды сұрады

Депутаттар утиль жинау алымына мораторий жариялауды сұрады

3 года ago
Қазақстанда сүт өнімдері 30 пайызға қымбаттады

Қазақстанда сүт өнімдері 30 пайызға қымбаттады

3 года ago

Popular News

    Connect with us

    Jasyn

    Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18
    SUBSCRIBE

    Яндекс.Метрика

    Біз туралы

    We bring you the best Premium WordPress Themes that perfect for news, magazine, personal blog, etc. Check our landing page for details.

    • About
    • Advertise
    • Careers
    • Contact

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    No Result
    View All Result
    • Home

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    Welcome Back!

    Login to your account below

    Forgotten Password?

    Retrieve your password

    Please enter your username or email address to reset your password.

    Log In