• RU
Среда, 21 мая, 2025
  • Login
No Result
View All Result
Бізге жазылу
JASYN
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
No Result
View All Result
JASYN
No Result
View All Result
Home Агроөнеркәсіп

Қалған 295 мың тонна қант қызылшасын қайда өткіземіз?

Қазақстанның азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуде қант өндірісін дамыту басым бағыттардың бірі болып отыр. Сенатор Сәкен Арубаев депутаттық сауалында қант қызылшасын өңдеудің кенже қалғанына тоқталды.

by Jasyn
30/09/2024
in Агроөнеркәсіп
0
Қалған 295 мың тонна қант қызылшасын қайда өткіземіз?
0
SHARES
5
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Депутаттың айтуынша, импортқа тәуелділікті азайту және стратегиялық ауыл шаруашылығы саласы ретінде қант қызылшасы саласын қолдау – ендігі басты міндет болып отыр. Дегенмен, қант өндіру секторында ескірген технология, климаттың өзгеруі және импортқа тәуелділік сияқты проблемалар сақталуда. Мемлекеттің қолдауы, оның ішінде қант қызылшасын субсидиялауды ұлғайту егіс алқаптарының 13,4 мың гектардан 25,2 мың гектарға дейін өсуіне ықпал етті. Бұл жалпы өнім көлемін 1,2 миллион тоннаға дейін жеткізуге мүмкіндік берді. Дегенмен, қантты өңдеу проблемасы өзекті болып қала береді, өйткені жұмыс істеп тұрған зауыттар фермерлер өндіретін барлық қызылша көлемін өңдей алмайды.

«Жамбыл және Жетісу облыстары берген деректерге сүйенсек, биыл қант қызылшасының жалпы түсімі 1,2 млн тонна деңгейінде болады деп күтілуде. Жамбыл облысындағы Меркі қант зауытының жабдықтары ескі, 450 мың тонна өнім өңдеуге қауқарлы дегенімен, іс жүзінде 300 мың тоннадан аспайды. Ал, Тараз қант зауытының қант қызылшасын өңдеуге арналған жабдықтары жоқ, ол бүгін тек қант құрағын өңдеумен айналысып қана отыр. Ақсу қант зауыты Жетісу облысынан жиналатын 560 мың тонна өнімді толық игеруге мүмкіндігі жете ме деген сұрақ тағы да бар. Бұл, еліміздегі қант зауыттарының биылғы күтілетін   өнімді өңдеу мүмкіндігі жеткіліксіз деген сөз. Осы зауыттардың қуаттылығын есептегенде, жылына 870 мың тонна қант қызылшасын өңдей алады десек,  қалған 295 мың тонна қант қызылшасын қайда өткіземіз деген шаруаларда заңды сұрақтары туындауда», — деді Сәкен Арубаев.

Депутат барлық өсірілген қант қызылшасы толық өңделсе де, бар болғаны 120 мың тонна қант алынатынын, ал еліміздің жылдық қажеттілігі 550 мың тоннаны құрайтынын, бұл Қазақстанды импорттық қантқа тәуелді ететінін баса айтты. Сенатор Үкіметке өңдеуші зауыттардың қуатын ұлғайту үшін инвестиция тарту, негізгі өңірлерде жаңа кәсіпорындар салу, қант қызылшасын қайта өңдеу инфрақұрылымын жақсарту, тасымал шығындарын азайту және қант қызылшасын сақтайтын қоймалар салу, егін шығынын азайту және өңдеу көлемін ұлғайту бойынша шаралар қабылдауды сұрады.

Фото: «JETISY» gazeti

 

Tags: 295 мың тонна қант қызылшасыазық-түлік қантқант қызылшасынМеркі қант зауытысенатор Сәкен АрубаевТараз қант зауыты
Jasyn

Jasyn

Next Post
Жұмыс берушілер колледж мамандарына риза емес

Жұмыс берушілер колледж мамандарына риза емес

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Recommended

Көмірден өндірілетін энергия үлесі 70%-дан 40%-ға дейін төмендейді

Көмірден өндірілетін энергия үлесі 70%-дан 40%-ға дейін төмендейді

4 года ago
БАҚ саласының өзекті мәселелері талқыланды

БАҚ саласының өзекті мәселелері талқыланды

10 месяцев ago

Popular News

    Connect with us

    Jasyn

    Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18
    SUBSCRIBE

    Яндекс.Метрика

    Біз туралы

    We bring you the best Premium WordPress Themes that perfect for news, magazine, personal blog, etc. Check our landing page for details.

    • About
    • Advertise
    • Careers
    • Contact

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    No Result
    View All Result
    • Home

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    Welcome Back!

    Login to your account below

    Forgotten Password?

    Retrieve your password

    Please enter your username or email address to reset your password.

    Log In