• RU
Воскресенье, 29 марта, 2026
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көру
Бізге жазылу
JASYN
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көру
JASYN
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көру
Home Қоғам

БЕЙБІТ АТОМНАН ҚОРҚУДЫҢ ҚАЖЕТІ ЖОҚ

бойынша Jasyn
17/09/2024
in Қоғам, Топ
0
БЕЙБІТ АТОМНАН ҚОРҚУДЫҢ ҚАЖЕТІ ЖОҚ
0
Бөлісу
6
Қаралған
Share on FacebookShare on Twitter

Елімізде атом электр станциясын салу туралы мәселе бірнеше жылдан бері көтеріліп келеді. Кейінгі жылдары бұл мәселе бірнеше рет талқыланып, соңғы онжылдықта қайтадан күн тәртібіне шықты. Себебі сарапшылардың болжауынша, қазір электр энергиясына сұраныс күннен-күнге артып, 2030 жылы күрт өсуі мүмкін. Осы мақсатта, Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өз Жолдауында АЭС салудың экономикалық және энергетикалық қажеттілігін атап өтіп, елде тұрақты және экологиялық таза энергия көзі ретінде атом энергетикасын дамыту мүмкіндігін қарастыру қажеттігін айтты. АЭС артықшылығы – электр энергиясының тұрақты көзін салу арқылы энергетикалық тәуелсіздікті қамтамасыз ете алатынында. Яғни, АЭС көмір немесе табиғи газ сияқты қазбалы отындарды пайдаланбайды, атмосфераға зиянды газ шығармайды. Бір рет салынған станция ондаған жылдар бойы тұрақты түрде энергия өндіре алады. Қазақстанның уран қоры бойынша әлемде бірінші орында тұрғанын ескерсек, оны аз мөлшерде қолдану арқылы көп энергия алатынымыз анық. Сондықтан, бейбіт атомнан қорқудың қажеті жоқ.
Енді алда, 6 қазанда атом электр станциясын салу бойынша жалпыхалықтық референдум өтеді. Әрине, бұл бүкіл халықтың, мемлекеттің өміріндегі аса маңызды стратегиялық мәселе. Сондықтан референдумға дейін атом энергетикасы саласындағы сарапшылар мен мамандардың пікіріне сүйене отырып, оң және теріс жақтарын таразылауымыз керек. Бұл мәселе бойынша объективті ақпарат халыққа қолжетімді болуы керек. Өйткені, атом электр стансасын салу қаншалықты қауіпсіз деген сауал әрбір саналы азаматты толғандыратыны сөзсіз. Болашаққа оптимизммен қарайтын әрқайсымыз алдағы референдумда белсенділік танытып, дұрыс таңдау жасайық.

Ғалия БИСЕЙІТ,
«Түркістан» қалалық газетінің Бас редакторы

Фото: E2nergy

Tags: атом электр станцияПрезиденті Қасым-Жомарт Тоқаевреферендум
Jasyn

Jasyn

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Recommended

Тұрғын үйді жалға алғаны үшін берілетін төлемдер қатысты қаулы қабылданды

Тұрғын үйді жалға алғаны үшін берілетін төлемдер қатысты қаулы қабылданды

4 года бұрын
Биылғы «Өнер барысы» жобасына кімдердің қатысатыны белгілі болды

Биылғы «Өнер барысы» жобасына кімдердің қатысатыны белгілі болды

4 года бұрын

Popular News

    Connect with us

    Jasyn

    Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18
    SUBSCRIBE

    Яндекс.Метрика

    Біз туралы

    We bring you the best Premium WordPress Themes that perfect for news, magazine, personal blog, etc. Check our landing page for details.

    • About
    • Advertise
    • Careers
    • Contact

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    Нәтиже жоқ
    Барлық нәтижені көру
    • Home

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    Welcome Back!

    Login to your account below

    Forgotten Password?

    Retrieve your password

    Please enter your username or email address to reset your password.

    Log In