• RU
Среда, 21 мая, 2025
  • Login
No Result
View All Result
Бізге жазылу
JASYN
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
No Result
View All Result
JASYN
No Result
View All Result
Home Қоғам

7 айдың ішінде 62 сот сарапшысы жұмысынан босаған

Кадр тапшылығы - өткір мәселенің бірі. Сенатор қазіргі кезде 140 жұмыс орны бос екендігі және жыл сайын тағы ондаған сарапшылар жұмыстан шығарылады деген деректі келтірді. Оның себебі – жалақының төмендігі, жұмыс кестесінің шамадан тыс көптігі, әлеуметтік кепілдіктің болмауы және медициналық сарапшылар оқуының ұзақтығы. Сенатор Нұрлан Бекназаров депутаттық сауалында сот сарапшылары тап болып жүрген проблемалар туралы айтып берді.

by Jasyn
16/09/2024
in Қоғам
0
7 айдың ішінде 62 сот сарапшысы жұмысынан босаған
0
SHARES
3
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

«Сарапшылардың жеткіліксіздігі жүктеменің 3-4 есеге артуына, сараптама жүргізу мерзімдерінің  шамадан тыс созылуына әкеліп соғады. Өз кезегінде бұл процестік мерзімдердің сақталуына, азаматтар мен заңды тұлғалар құқықтарының сот арқылы әділ, тиімді қорғалуына теріс әсерін тигізеді. Ағымдағы жылдың 7 айында ғана 62 сот сарапшысы өз еркімен қызметтерінен босаған», — деді сенатор.

Тағы бір мәселе – орталық филиалдарын ғимараттармен және үй-жаймен жабдықтау ісі. Қызметкерлер бейімделген бөлмелерде жұмыс істеуі тиіс. Сондай-ақ, кәсіби деңгейін ұстап тұру үшін сот сарапшылары бес жылда бір рет біліктілігін арттыруы керек. Алайда, Қазақстанда біліктілікті арттыру бойынша ғылыми-әдістемелік база жоқ. Ал сот сарапшыларын шетелде оқытуды көздейтін бюджеттік бағдарлама мүлде қаралмаған. Сенатор Нұрлан Бекназаров осыған байланысты Үкіметтен елдегі сот сараптамаларының сапасы мен тиімділігін арттыруға бағытталған бірқатар шараларды қабылдауды сұрады.

«Сот сарапшыларының еңбегіне ақы төлеу жүйесін жетілдіру арқылы олардың әлеуметтік мәртебесін арттыру, аккредиттеудің халықаралық стандарттарын енгізудегі талаптарды ескере отырып, қолда бар ғылыми-техникалық жабдықты жаңғырту және сатып алуды қамтамасыз етуде жүйелі шаралар қабылдау қажет. Ауылдық елді мекендерге жұмысқа келген мамандарға әлеуметтік қолдау шараларын көрсетуге қатысты заңға өзгерістер енгізу керек. Өңірлерде сот сараптамасы институттары үшін бірыңғай ғимараттар салуға қаражат бөлуді қарастыру керек», — деді депутат.

Фото: Azattyq-ruhy.kz

Tags: Кадр тапшылығыСенатор Нұрлан БекназаровСот сарапшылары
Jasyn

Jasyn

Next Post
13 миллиард теңге әкелмек болған инвестор бас тартты

13 миллиард теңге әкелмек болған инвестор бас тартты

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Recommended

Қазақстанда әлеуметтік инклюзия бойынша ұлттық стандартты енгізу процесі басталды

Қазақстанда әлеуметтік инклюзия бойынша ұлттық стандартты енгізу процесі басталды

1 год ago
Футболдан ӘЧ-2022: Қазақстан құрамасы Франциядан ұтылып қалды

Футболдан ӘЧ-2022: Қазақстан құрамасы Франциядан ұтылып қалды

4 года ago

Popular News

    Connect with us

    Jasyn

    Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18
    SUBSCRIBE

    Яндекс.Метрика

    Біз туралы

    We bring you the best Premium WordPress Themes that perfect for news, magazine, personal blog, etc. Check our landing page for details.

    • About
    • Advertise
    • Careers
    • Contact

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    No Result
    View All Result
    • Home

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    Welcome Back!

    Login to your account below

    Forgotten Password?

    Retrieve your password

    Please enter your username or email address to reset your password.

    Log In