Халықаралық қайырымдылық күніне орай, Түркістан қаласы әкімдігіне қарасты мекемелер мен дербес бөлімдер «Игі істер марафонына» атсалысты.
Қайырымдылық марафоны аясында өмірлік қиын жағдайға тап болған 30-ға жуық отбасына көмек көрсетілді. Аталған отбасылардың сұранысына сай, кей отбасыларға тұрмыстық техника табысталса, енді бірі азық-түлік пен киім-кешекпен қамтамасыз етілді. Кейбір тұрғындардың ауласы мен баспаналарының санитарлық жағдайы ретке келтірілді.
«Игі істер марафоны» — азаматтардың волонтерлік, қайырымдылықпен айналысуына ықпал ететін бірегей жоба. Биылғы жылдың шілде айында басталған қайырымдылық шарасы желтоқсан айына дейін жалғасады.
Кентау қаласы Шоқтас ауылы жалпы орта мектебінің ауласынан көп функционалды спорт алаңы пайдалануға берілді.
Қала әкімі Жандос Тасов білім күнімен ауыл тұрғындары мен балаларды құттықтап, ойын алаңшаның лентасын қиды. Қала әкімі белсенді ауыл тұрғынына ауылдың дамуына қосқан үлесіне ризашылық білдірді.
Аталмыш мектеп былтыр ғана бой көтеріп, пайдалануға берілген. Бүгінгі таңда ауылдың 350 оқушысы білім алады. Балаларға білім мен тәлім беруде 100-ге жуық ұстаз қызмет атқарады. Мектеп оқушыларына барлық жағдайы қамтылған білім ордасының заманауи спорт залы бар.
Мектеп құрылтайшысы Насымбек Джанадилов биыл балаларға арнап ашық алаңға, жаңа ойын алаңша салып берді. Ойын алаңшаға Кентау қаласының Құрметті азаматы, спорт шебері Қанатбек Шағатаевтың есімі берілді.
Жаңа ойын алаңша ауыл балалары үшін кез-келген уақытта спортпен шұғылдануға мүмкіндік бермек.
Сондай-ақ Кентау қаласында соңғы үлгіде салынған жекеменшік «Bastau» мектебінің лентасы қиылды.
Жаңа мектептің ашылу салтанатына қала әкімі Жандос Тасов, қалалық маслихат төрағасы Қабылан Елеусізов бастаған зиялы қауым өкілдері мен мектеп педагогтары және ата-аналар қатысты.
Қала басшысы мектеп ұжымы мен оқушыларды жаңа білім жылының басталуымен, жаңа білім ордасының ашылу салтанатымен құттықтап, жаңа мектептің лентасын қиды.
3 қабатты ғимаратта орналасқан мектеп сыйымдылығы 450 орынға арналған. Бүгінде, мектепке 10-11 сынып оқитын 110 оқушы қабылданған. Алдағы уақытта 7 сыныптан оқушыларды қабылдау жүргізіледі.
Мұнда оқушылардың білім алуына толық жағдай жасалған. Жаңа мектепте оқу бөлмелері, компьютер сыныбы, мәжіліс залы, асхана , кітапхана сияқты бөлмелермен қамтамасыз етілген.Сондай-ақ үлкен спорт залы мен мектеп ауласында ашық ойын алаңша орналастырылған. Жаңа білім ордасында әр оқушының таңдаған бағытына қарай пәндері тереңдетіліп оқыту қарастырылған. Оқушылар тасымалдау қызметі мен ыстық тамақпен қамту жағы бар.
Сондай-ақ мемлекеттік стандарты толықтай қамтыған оқу ордасында балаға түске дейін белгіленген кесте бойынша сабақ оқытылса, түстен кейін мамандыққа бейімделген білім беру жүйесі бойынша сабақ жүргізіледі.
Иә, еліміздегі қаншама қоғамдық қор, жомарт жандар қаншама мұқтаж, жағдай төмен, мүмкіндігі шектеулі отбасыларға көмек көрсетіп, көптеген адамдарға қуаныш сыйлап, алғысын арқалады. Қоғамдағы мейірімді, ізгі жандар да жақсылық жасаудан жарысып, асықса ол ізгі амалдары жауапсыз қалмас еді.
Фото: Кентау қаласының әкімдігі