• RU
Воскресенье, 6 июля, 2025
  • Login
No Result
View All Result
Бізге жазылу
JASYN
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
No Result
View All Result
JASYN
No Result
View All Result
Home • Жастар саясаты

Туған халқыңа қызмет етуден артық бақыт жоқ

Биылғы әскерге шақырудың екінші кезеңі басталды. Жыл сайын әскерге шақырылатын жастар саны артып келеді. Айталық, көктемгі шақыртуда Түркістан облысынан 2500-ге жуық азамат әскерге кетті. Енді 2 мыңнан астам жас күзгі маусымға шақыртылады деп жоспарланып отыр.

by Jasyn
13/09/2024
in • Жастар саясаты
0
Туған халқыңа қызмет етуден артық бақыт жоқ
0
SHARES
5
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Жақында 2024 жылдың күзінде азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруға даярлаудың негізгі мәселелері қаралып, көктемгі шақыру науқаны қорытындыланды. Түркістан облыстық шақыру комиссиясының төрағасы Бейсенбай Тәжібаевтың төрағалығымен өткен мәжіліске Жұмылдыру даярлығы, аумақтық қорғаныс және азаматтық қорғау басқармасы, Түркістан облысының қорғаныс істері жөніндегі департаменті, облыстық денсаулық сақтау басқармасы, білім басқармасы, Түркістан облысы полиция департаменті жергілікті полиция қызметінің орынбасарлары мен ТЖД, Ұлттық ұлан, Шекара қызметінің өкілдері және бейне-селекторлық байланыс арқылы аудан, қала әкімдерінің орынбасарлары қатысты.

Жиында қарулы күштер мен басқа да әскери құрылымдардың өкілдері өз бөлімдеріне әскерге шақырылушыларды іріктеу тәртібі мен оларды жасақтау жайында баяндады. Облыс әкімінің орынбасары жұмысты нашар ұйымдастырған аудан, қалалардағы жауапты тұлғаларға тиісті тапсырмалар жүктеді.

— Аталған жұмыстарға жауапты сала мамандары әскери қызметке шақыру барысын қадағалауды күшейту керек. Азаматтардың шақырту комиссиясының отырыстарына келуін қамтамасыз ету үшін барлық шаралар көріліп, бұл бағытта тиісті жұмыстар атқарылсын. Сондай-ақ Түркістан облысы бойынша 2024 жылғы күзгі әскерге шақыру науқанына азаматтарды іріктеу бойынша жүйелі жұмыстар жүргізіліп, әскери борышын өтеуден жалтарып жүрген жастар мәселесіне қатысты тиісті шаралар қолға алынуы қажет, — деді Бейсенбай Тәжібаев.

Өңірде жұмыссыз жүрген жастарды мүмкіндігінше әскерге баулу мақсатында жұмыстар қолға алынған. Жастарды әскери оқуға жіберу бойынша жұмыстар жүргізіледі деп жоспарлануда. Оған қоса жастарды отаншылдыққа, әскери бағытта тәрбиелеу, мемлекеттік органдардың азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру және өткізу жұмыстарына қатысты мәселелер қозғалды.

Жиын барысында Түркістан облысы қорғаныс істері жөніндегі департаментінің басшысы, полковник Нұрмаханбет Дюсебаев әскерге шақыру бойынша өз ұсыныстарын жеткізіп, бұл жұмыстардың үздіксіз жүргізілетінін айтты.

Цифрландыру бағдарламасы аясында қазіргі уақытта әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушыларды әскери есепке қою және шығару тұрғылықты жері өзгерген кезде автоматты режимде жүзеге асырылады.

Түркістан облысының қорғаныс істері жөніндегі департаменті бастығының орынбасары, майор Қуанышбек Құлымбаев шақыру науқаны 31 желтоқсанға дейін жалғасатынын және осы уақыт ішінде 18 бен 27 жас аралығындағы 2500-ге жуық жастарды әскерге жіберілетінін атап өтті. Сондай-ақ, ол цифрландырудың арқасында осы жас тобындағы 3500-ден астам ер-адам тұрғылықты жері бойынша жергілікті әскери басқару органдарына шақыру туралы SMS-хабарлама алатынын атап өтті.

Айта кетсек, биылғы жылы сарбаздарға арналған артықшылықтар заң жүзінде бекітілді. Оларға қызмет ету кезінде және әскерден босатылғаннан кейін екі ай уақытқа несиелік демалыс беріледі. Сонымен қатар кредиттің болуын не болмауын, ол бойынша төлемді кейінге қалдыруды белгілеу Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі айқындаған тәртіппен Қорғаныс министрлігінің, кредиттік бюролар мен кредиторлардың ақпараттық жүйелерінің өзара іс-әрекеті арқылы жүзеге асырылады.

Ал Отан алдындағы борышын өтеген азаматтарға білім беру жеңілдіктері мен студенттік жатақханадан орын беру жеңілдіктері де қарастырылған.

Жалпы алғанда күзгі әскерге шақыру науқаны барысында Қазақстан армиясының қатары 20 мыңнан астам сарбазбен толығады.

Күзгі шақыру барысында Қарулы күштердің (9 933), Ұлттық ұланның (6 822), ҰҚК Шекара қызметінің (3 200), ТЖМ (317) және Мемлекеттік күзет қызметінің (290) бөлімшелері жасақталатын болады.

Қорғаныс министрлігі әскерге шақыруды есепке алу жұмысын цифрландыру жұмыстарын дәйекті түрде жүргізіп келеді. Әскерге борышын өтеуге шақырылған әскери қызметшілер туралы мәлімет алмасу, сондай-ақ оларды запасқа шығару автоматтандырылған.

Жүрегінде отаншылдық рухы жалындаған жастардың жаңа буынын тәрбиелеуде «AMANAT» партиясына үлкен сенім артылған. Мемлекет басшысы жастарға арнаған сөзінде әркім қоғам алдындағы жауапкершілігін терең сезінуі тиіс екенін ескерткен болатын. Туған елге құрмет қызыл сөзден емес, жасампаз істен көрінуі қажет екенін түсіндірген. Жаңа заманның жақсы қасиеттерін бойға сіңіріп, мемлекеттік мүддені бәрінен жоғары қоюға шақырды. Туған халқыңа қызмет етуден артық бақыт жоғын айта отырып, мемлекеттігімізді сақтаудың басты кепілі болуға үндеді.

Мемлекет басшысы айқындап берген, партияның бағдарламалық құжаттарында көрініс тапқан осы құндылықтарды нақты іске асыру мақсатында осыдан біршама уақыт бұрын партияның Түлкібас аудандық филиалы тұрғындардың басын қосып, ҚР Қарулы Күштер құрылымдарындағы бос жұмыс орындары туралы ақпарат алуларына мүмкіндік беретін алаң ашқан болатын. Кездесуге еліміздің әр қиырында орналасқан әскери бөлімдердің жауапты өкілдері келіп, өздерінде бар бос жұмыс орындарын таныстырды. Келісімшарт бойынша әскери міндетті өтеудің талаптарын түсіндірді. Отан қорғауға ант берген азаматтарға мемлекет тарапынан берілетін қолдаулар жөнінде ақпарат беріп, офицерлік лауазымдарға жұмысқа тұруға қойылатын шарттарды түсіндіріп берді. Мемлекеттік және қоғамдық мәні бар маңызды жүздесуді өз деңгейінде атқаруға аудан әкімдігі, мансап орталығы, аудандық жастар ресурстық орталығы, Түлкібас агробизнес және саяхат колледжі қолдау білдірді.

«AMANAT» партиясы Түркістан облыстың филиалының төрағасы, Түркістан облыстық мәслихатының депутаты Алтынсары Үмбетәлиевтің айтуына қарағанда аманаттық өкілдер аудандық қорғаныс істері бөлімімен бірлесе отырып, жасы 35-ке толмаған, Отан алдындағы борышын өтеп келген аудан тұрғындарының жұмыспен қамтылу жағдайына талдау жүргізген. Нәтижесінде, осы санаттағы 278 азаматтың 70-інің тұрақты жұмысы жоқ екенін анықтаған.

Көп болып атқарған бастама бүгінде өзінің оң нәтижесін беруде. Осы кездесудің нәтижесінде түлкібастық жауынгер Дінмұхаммет Әлмаханұлы Жамбыл облысы, Бауыржан Момышұлы ауылындағы №91678 әскери бөлімі командирінің бұйрығымен артиллериялық батареяның механик-жүргізушісі ретінде келісімшарт бойынша әскери қызметші болып жұмысқа тұрды.

Партияның «Qaisar» әскери-патриоттық жобасымен үйлесім тапқан бастама әрі қарай жалғасып, ел қорғау ісін әр азаматтың қасиетті борышы ретінде ілгерілететін болады.

Фото: Егемен Қазақстан

 

Tags: әскери қызметке шақыруТүркістан облысыТүркістан облысы полиция департаментіҰлттық ұланШекара қызметінің өкілдері
Jasyn

Jasyn

Next Post
Жүрегің мейірімді, ниетің таза болуы керек

Жүрегің мейірімді, ниетің таза болуы керек

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Recommended

2022 жылғы 5 айда салық түсімдері былтырмен салыстырғанда  1,5 есеге көп түскен

2022 жылғы 5 айда салық түсімдері былтырмен салыстырғанда 1,5 есеге көп түскен

3 года ago
Білім беру кредиттерінің шарттарын қайта қарау керек

Білім беру кредиттерінің шарттарын қайта қарау керек

5 месяцев ago

Popular News

    Connect with us

    Jasyn

    Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18
    SUBSCRIBE

    Яндекс.Метрика

    Біз туралы

    We bring you the best Premium WordPress Themes that perfect for news, magazine, personal blog, etc. Check our landing page for details.

    • About
    • Advertise
    • Careers
    • Contact

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    No Result
    View All Result
    • Home

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    Welcome Back!

    Login to your account below

    Forgotten Password?

    Retrieve your password

    Please enter your username or email address to reset your password.

    Log In