Туристік полициядағы сақшылар шетелдікпен түрікше тілдескен уақытта оның тіпті қонақ үйдің аты мен нақты орналасқан көше атауын да білмейтінін анықтады.
Осыдан соң полицейлер шетелдік азаматты қызметтік көлікке салып алып, көшелердегі қонақ үйлерді көрсетіп шықты.
Осылайша туристік полицияның жедел әрекетінің нәтижесінде шетелдік өзі аялдаған қонақ үйіне жеткізілді. Өз кезегінде турист Қазақстан полициясының оның ішінде Түркістан облысының туристік полициясының кішіпейілділігі мен қызметіне адалдығын айтып, алғысын жеткізді.
Фото: Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі