• RU
Четверг, 3 июля, 2025
  • Login
No Result
View All Result
Бізге жазылу
JASYN
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
No Result
View All Result
JASYN
No Result
View All Result
Home Топ

Қазақстанға келіп жатқан шетелдік инвестиция көлемі төмендеді

Өткен жылы Қазақстанға шетелдік инвестиция аз келді. Сенатор Сұлтанбек Мәкежанов капиталды тарту үшін, әсіресе инвестиция үшін халықаралық қызу бәсекелестік жағдайында жедел шешім қабылдаудың маңыздылығын атап өтті.

by Jasyn
09/09/2024
in Топ, Экономика
0
Қазақстанға келіп жатқан шетелдік инвестиция көлемі төмендеді
0
SHARES
3
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

«Мемлекет басшысы, қолайлы инвестициялық ахуал жасау үшін жан-жақты күш салуда. Бірақ, соған қарамастан экономикамызда инвестицияларды тарту жағдайы жоғары дәрежеде емес. Мәселен, 2023 жылы тікелей шетелдік инвестициялардың жалпы ағыны 23,4 млрд. долларды құраған. Бұл көрсеткіш 2022 жылы 28,2 млрд. доллар болғанын ескерсек, оның 16,9%-ға төмендегенін көреміз. Мұнда бір ескеретін жайт, бұл көрсеткіштердің төмендеуі, мемлекеттің осы салаға көптеп көңіл бөліп жатқан жағдайында орын алып отырғандығы», — деді депутат.

Депутат осыған байланысты бұған дейін Үкіметке инвестициялық ахуал мәселесі бойынша Үкімет сағаты барысында сенаторлар мен сарапшылар әзірлеген ұсынымдар жіберілгенін атап өтті. Алайда олардың барлығы бірдей жүзеге асқан жоқ. Атап айтқанда, басым жобаларды іске асыруды оңтайландыру және басқа да маңызды шаралар бойынша ұсыныстар қаралған жоқ. Сұлтанбек Мәкежанов инвесторларға берілетін салық преференциясын пайдаланудың тиімділігі мәселесін де қозғады. Ол берілген жеңілдіктер сомасы инвестиция көлемінен асатын жағдайларды атап өтті. Бұл мұндай жобалардың дұрыстығына күмән туғызады.

«Осыған байланысты, шетелдік инвестициялар ағынының азайғаны үшін жауапкершілік анықталады ма деген заңды сұрақ туындауда. Қазіргі уақытта аталған инвестициялық штаб қызметінің тиімділігі, нақты нәтижелері, оның ашықтығы қандай деген және тағы басқа да сұрақтар көптеп туындауда»,- деп сұрады сенатор Мәкежанов.

Фото: Егемен Қазақстан

Tags: капитал тартуСұлтанбек МӘКЕЖАНОВҮкіметшетелдік инвестиция
Jasyn

Jasyn

Next Post
Жобаға қатысқан жастардың 60 пайызы тұрақты жұмысқа орналасуда

Жобаға қатысқан жастардың 60 пайызы тұрақты жұмысқа орналасуда

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Recommended

Актриса Әсел Сәдуақасова елден кететінін мәлімдеді

Актриса Әсел Сәдуақасова елден кететінін мәлімдеді

4 года ago
Қаржы пирамидасын құруға қатысқан блогерлер мен вайнерлер жазаға тартылуы мүмкін

Қаржы пирамидасын құруға қатысқан блогерлер мен вайнерлер жазаға тартылуы мүмкін

4 года ago

Popular News

    Connect with us

    Jasyn

    Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18
    SUBSCRIBE

    Яндекс.Метрика

    Біз туралы

    We bring you the best Premium WordPress Themes that perfect for news, magazine, personal blog, etc. Check our landing page for details.

    • About
    • Advertise
    • Careers
    • Contact

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    No Result
    View All Result
    • Home

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    Welcome Back!

    Login to your account below

    Forgotten Password?

    Retrieve your password

    Please enter your username or email address to reset your password.

    Log In