Өткен жылы 6,6 млрд. теңгеге «Казарма», «Шөлдала», «Құмшағал» және 28 саяжай тұрғын алқаптарында 7 256 жеке тұрғын үй (29 024 адам) ауыз сумен қамтамасыз етілді.
Ал, 2024 жылы 1,2 млрд. теңгеге «Шалғай Қарасу 1,2,3,4,5,6,7» алқабы, 859 млн. теңгеге «Ақжол», «Қайнар», «Мичуринец», «Родничок» алқаптары орталықтандырылған ауыз сумен қамтылатын болады.
Тараз қаласының әкімі Бақытжан Орынбековтың айтуына қарағанда осы жұмыстардың нәтижесінде орталықтандырылған ауыз сумен қамту үлесі 100% болады.
Сондай-ақ, қала тұрғындарын сапалы ауыз сумен үздіксіз қамтамасыз ету мақсатында жаңадан бұрғыланатын 35 дана су ұңғымасының құрылысына жоба әзірленіп, құны 4,8 млрд. теңгені құрады. Жобаны Республикалық бюджет есебінен қаржыландыру үшін Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетіне бюджеттік өтінім ұсынылды.
Магистралды су құбырларының тозығы жетуіне байланысты «Теміржол су — Алматы» ЖШС-нің теңгеріміндегі су құбырлары қала әкімдігінің коммуналдық меншігіне алынды. Қазіргі таңда жаңғыртуға жоба әзірленуде.
Фото: GOV.KZ