Бас жоспарға сәйкес, Тараз қаласымен іргелес жатқан Жамбыл, Байзақ аудандарынан аумағы 13 мың гектарды құрайтын, 45 701 халқы бар 14 елді мекен қалаға қосылып, халық саны 479 мыңнан асады деп жоспарлануда.
Тараз қаласының әкімі Бақытжан Орынбеков облыс орталығының шекарасын өзгерту туралы Жамбыл облысы әкімдігі мен облыстық мәслихаттың бірлескен шешімінің жобасы әзірленіп жатқанын айтады. ҚР Үкіметінен келісім алынғаннан кейін, Тараз қаласында 2 аудан құру туралы облыс әкімдігі мен мәслихаттың бірлескен шешімі қабылданады.
Екі аудан құру бүкіл қаланы бақылауды, қызметтерді тиімді ұйымдастыруды және қаланы оңтайлы басқаруды қамтамасыз ететін болады.
Фото: Azattyq-ruhy.kz