• RU
Среда, 21 мая, 2025
  • Login
No Result
View All Result
Бізге жазылу
JASYN
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
No Result
View All Result
JASYN
No Result
View All Result
Home • Қайырымдылық

Жақсылық жасаудан жарысқа түскен өңір

Қайырымдылық – адам бойындағы ізгі іске бағыттайтын алтын қақпа іспеттес, ізгіліктің, адамның адамға деген таза ниетін, адамгершілік қарым қатынасын көрсететін адамдардың бір-біріне деген сүйіспеншілігі мен көмегі екені даусыз.

by Jasyn
03/09/2024
in • Қайырымдылық
0
Жақсылық жасаудан жарысқа түскен өңір
0
SHARES
15
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Сондай-ақ, қайырымдылық пен қамқорлық, жанашырлық пен мейірімділік – адам баласының бойындағы асыл қасиеттердің бірі. Адами қасиеттердің қадірлісі қайырымдылық болса, ал, оны жасау, қамқорлыққа зәру жандардың жанашыр қамқоршысы болып, аялы алақанын, жүрек жылуын ұсыну, сауабы мол іске қолынан келгенше көмектесіп, үлесін қосу – адамның азаматтық парызы. Әрине, қамқорлық жасау, өзіңде барды өзгемен бөлісу, мұқтаж жандарға қолұшын беру жомарттықтың белгісі және ондай іс тек жомарт жандардың ғана қолынан келеді. Бұл тұрғыда Түркістан облысында ұйымдастырылған «Мектепке жол» акциясының балалардың өмір сапасын жақсартуға қосып жатқан көп үлесінің тағы бір жарқын көрінісі болғаны анық.

Мысалыға, Түркістан облысы, Сауран ауданы, Шорнақ ауылдық округіндегі Ахмет Байтұрсынұлы атындағы жалпы орта мектебінде жаңа оқу жылының алдында жыл сайынғы жалпы республикалық «Мектепке жол» акциясы аясында Түркістан облыстық «Халық банк» филиалы 100 балаға мектеп сөмкесін үлестірді.

Аталған акцияға аудан әкімінің орынбасары Бақытжан Букебаев, «Халық Банк» Түркістан облыстық филиалының директоры Артур Тасқарин, аудандық білім бөлімінің басшысы Ақмарал Батырбекова қатысып, балаларды жаңа оқу жылымен құттықтап, игі тілектерін білдірді. Акцияның мақсаты — оқушылардың мектепке баруын қамтамасыз ету, аз қамтылған және көпбалалы отбасылардан шыққан балалардың қажетті білім алуына көмектесу болып табылады.

“Балалар әлеміндегі игі істер” атты тақырыптағы іс шара балалардың қажеттілігіне көңіл бөлу, олардың алаңсыз білім алуына жағдай жасау – әрбір ата-ананың парызы деп білеміз. Оқу құралдарын алған балалалар әрқашан қолдау мен қамқорлықты сезініп әрі бұл олардың өздеріне деген сенімін қалыптастыра түскені анық.

Дәл осылайша Төлеби ауданына қарасты орталық «Нұр» мешітінде «Мектепке жол» акциясы аясында «Білімді ұрпақ- ел болашағы» атты қайырымдылық шарасы өтті. Игі іс барысында «Нұр» мешітіне тіркелген 100 оқушыға оқуға қажетті құралдар салынған мектеп сөмкелері үлестірілді. Аталмыш бастама «Ешенқұлұлы Қуаныш» жеке қорының тікелей демеушілігімен жүзеге асқан. Осы орайда Төлеби ауданының бас имамы Үсен Сауырбаев қор басшылығына алғыс айтты.

Ал, «Мектепке жол» акциясы аясында Кентау қаласы әкімінің орынбасары Ақнұр Байболова мектеп оқушыларымен кездесіп, мемлекет балалардың сапалы білім алуы үшін барлық қолдауларды атқаратынын атап, білімді болуға шақырып, жас білімгерлерге мектепке қажетті құралдарын табыс етті. Әр жыл сайын өткізілетін акцияға қаладағы «KAZ ENERGY OIL» компаниясының өкілдері өз үлестерін қосты. Компания өкілдері оқушыға сабаққа қажет құралдарын тапсырды.

Акцияның мақсаты – аз қамтылған және көпбалалы отбасылардың, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға жаңа оқу жылына дайындық кезеңiнде қолдау көрсету.

Осы тұста айта кету керек, еліміздегі әрбір 7-ші оқушы Түркістан облысында тұрады. Мектеп тапшылығын жою бағытында ауқымды жұмыс жүріп жатыр. Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдының тапсырмасымен және қолдауымен аймақтағы күрделі және ағымдағы жөндеуді қажет ететін білім ұяларының, жаңа мектептер қажет елді мекендердің тізімі әзірленіп, мәселені шешу бойынша нақты шаралар қолға алынған. Биыл өңірде балабақша, мектеп, колледж, лагерь жалпы 300-ден аса білім беру ұйымында жөндеу жұмыстары басталып кеткен. Бұндай ауқымды жұмыс өңір тарихында болмаған.

Иә, еліміз бойынша білім нысаны ең көп салынып жатқан өңір – Түркістан. Бүгінде жергілікті бюджеттен 20 мектептің құрылысы жүргізілуде. Жыл соңына дейін 13-і пайдалануға беріледі. 2023-2025 жылдары «Жайлы мектеп» жобасы аясында 63 мектеп салу көзделген. Оның ішінде 29-ы биыл тапсырылады деп жоспарланған. Мектеп салу бағытындағы жұмыс жалғасады.

Өңірде тозығы жеткен білім ұялары көп. Талай жыл бойы қордаланған бұл мәселені шешу бағытында жүйелі жоспар жасалған. Білім саласында инфрақұрылымды жақсарту жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. Қазіргі таңда 22 мектеп күрделі жөндеуден өтуде. Құрылысқа «Ауыл — Ел бесігі» бағдарламасы және облыстық бюджеттен жалпы қаржы қаралған. 11 мектеп 1 қыркүйекте ел игілігіне тапсырылып, оқушыларды қабылдады. 200-дей білім ұйымы ағымдағы жөндеуден өтуде. Ғимараттардың құрылыс сапасы қатаң бақылауда. 106 мектептің жылу қазандықтарын газ жүйесіне ауыстыруға да қаржы қаралып, тиісті жұмыстар жүргізілуде.

Әрбір оқушының білім алып, жан-жақты дамуы үшін қолайлы жағдай жасалуға тиіс. Сондықтан да балалар қауіпсіздігі де басты назарда. Мектептерге 7 мыңнан астам бейнекамералар орнатылып, полиция департаментінің жедел басқару орталығына қосылды. Мемлекеттік 938 білім беру мекемелері 100% дабыл батырмасымен қамтылып, жедел басқару орталығына қосылды. Кәсіби күзет қызметімен қамтамасыз етілуі тиіс бала саны 300-ден жоғары 573 білім беру ұйымдары толық лицензияланған күзет қызметіне өтті. Облыстағы 179 білім беру ұйымының 102 шақырым қоршауы жаңғыртылды. Мектеп алды көшелерде жарықтандыру жүйелері мен арнайы жол белгілері орнатылды.

Осылайша жаңа оқу жылы алдында қайырымдылық істері толас таппады. Құдды бір Түркістан халқы жақсылық жасаудан жарысқа түскендей. Бұл өте қуанышты жәйт. Жыл сайын жаңа оқу жылының қарсаңында ұйымдастырылатын «Мектепке жол» республикалық акциясы аясында Жетісай ауданының әкімі Серік Үсенұлы Мамытов пен аудандық мәслихат төрағасы Медет Қасымов, «AMANAT» партиясы Жетісай аудандық филиалының атқарушы хатшысы Асқар Қайназаров 100 оқушыға сөмкелер мен мектепке қажетті құрал-жабдықтарды сыйға тартты.

Шараның жоғары деңгейде өтуіне аудандық ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» КММ мен аудандық мәдениет үйі қызметкерлері мұрындық болды.

Ал, Келес ауданында өткен «Мектепке жол» республикалық акциясы аясында мектеп тауарларының жәрмеңкесі ұйымдастырылып, жәрмеңкеде жергілікті тұрғындар мен сырттан келген қонақтар оқу құралдарын, киім-кешектерді арзан бағаға сатып алды. Аудан орталығында орналасқан «Жеңіс» саябағында өткен жәрмеңкеге Шымкент және Сарыағаш қалалары мен Абай ауылындағы сауда орталықтарының кәсіпкерлері қатысты. Ел ағалары мен демеушілер “Мектепке жол” акциясы аясында мұқтаж жандарға көмек қолын созды.

Сондай-ақ облыстық мәслихатқа «Ауыл партиясынан» сайланған депутат Қайрат Салыбеков Сарыағаш ауданы әкімінің және білім бөлімінің ұйымдастыруымен «Мектепке жол акциясы» аясында мектеп формасы және қажетті заттар алу мақсатында 40 балаға қаржылай көмек көрсетті.

Ал, Түлкібас ауданы әкімдігінің, Майлыкент ауылдық округі әкімі аппараты КММ-нің ұйытқы болуымен округтегі аз қамтылған және көп балалы отбасыларға ағымдағы мектеп жылына қажетті киім кешегін қамтамасыз ету үшін округке қарасты жергілікті кәсіпкерлер тарапынан 15 оқушыға қол ұшын соза отырып, материалдық көмек үйлестірілді. Өз кезегінде Майлыкент ауылдық округі әкімі аппараты қол ұшын созған кәсіпкерлерге алғысын білдірді.

Сайрам ауданы Ақсукент ауылында орналасқан №20 С.Сейфуллин атындағы мектеп-гимназиясының ұжымы «Мектепке жол» республикалық акциясын биыл «Жақсылық жаса» ұранымен жалғастырды.

Аталған шарада аудандық қоғамдық кеңестің төрағасы Мұрат Есалиев, Сайрам ауданы бойынша басқа мемлекеттердегі ұрыс қимылдарына қатысқан ардагерлер төрағасы Бахтияр Батаев, ауданның бас имамы Арыстан Оспанов, аудандық мешіттің бас есепшісі Таубай Срайлов, «ЯНС» ЖШС Жолаушылар тасымалдау мекемесінің директоры Зульфикар Чилингаров, облыстық «Ауыл»партиясының мәслихат депутаты Жамшидбек Туламетовтер аз қамтылған 60-қа жуық оқушыға оқуға қажетті құрал-жабдықтар мен киім-кешектер табыстады.

Айта кетейік, жалпы бұл шара аз қамтылған және көпбалалы отбасылардан шыққан, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған оқушыларды мектепке даярлау кезеңінде әлеуметтік көмек көрсетуге бағытталған.

Шара соңында №20 С.Сейфуллин атындағы мектеп-гимназиясының директоры Улдана Оразбаева өз сөзінде:

— Жыл сайын дәстүрлі үрдіске айналған «Мектепке жол» жалпыреспубликалық қайырымдылық акциясы 2024 жылғы 1 тамыз — 30 қыркүйек аралығында өткізіледі. Балаларды оқуға қажетті құрал-жабдықтармен қамтыған ел ағаларына алғысымды білдіремін. Шәкірттерге мейірім-шуағын шашатын жаны жомарт, атымтай азаматтардың ізгі істері мұнымен шектелмейтініне сенемін. Олардың бұл қадамы бүлдіршіндердің бойында бауырмалдылық, достық және қайырымдылық секілді асыл қасиеттерді қалыптастыратынына септігін тигізері сөзсіз, — деп алғысын білдірді.

Фото: qazdauiri.kz

 

 

 

 

Tags: «Ауыл — Ел бесігі»«Жайлы мектеп» жобасы«Мектепке жол» акциясықайырымдылық пен қамқорлықТүркістан облысы
Jasyn

Jasyn

Next Post
Экспорт көрсеткіші импорттан 2 есе асып түсті

Экспорт көрсеткіші импорттан 2 есе асып түсті

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Recommended

9 ірі су қоймасы салынады

9 ірі су қоймасы салынады

4 года ago
Ел тұрғындары көпқабатты үйдің шатырында тауық асыраған 6 баланың әкесіне баспана әпермек

Ел тұрғындары көпқабатты үйдің шатырында тауық асыраған 6 баланың әкесіне баспана әпермек

4 года ago

Popular News

    Connect with us

    Jasyn

    Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18
    SUBSCRIBE

    Яндекс.Метрика

    Біз туралы

    We bring you the best Premium WordPress Themes that perfect for news, magazine, personal blog, etc. Check our landing page for details.

    • About
    • Advertise
    • Careers
    • Contact

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    No Result
    View All Result
    • Home

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    Welcome Back!

    Login to your account below

    Forgotten Password?

    Retrieve your password

    Please enter your username or email address to reset your password.

    Log In