• RU
Среда, 21 мая, 2025
  • Login
No Result
View All Result
Бізге жазылу
JASYN
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
No Result
View All Result
JASYN
No Result
View All Result
Home • Қайырымдылық

Мұндай іс тек жомарт жандардың ғана қолынан келеді

Қайырымдылық пен қамқорлық, жанашырлық пен мейірімділік – адам баласының бойындағы асыл қасиеттердің бірі. Адами қасиеттердің қадірлісі қайырымдылық болса, ал, оны жасау, қамқорлыққа зәру жандардың жанашыр қамқоршысы болып, аялы алақанын, жүрек жылуын ұсыну, сауабы мол іске қолынан келгенше көмектесіп, үлесін қосу – адамның азаматтық парызы. Әрине, қамқорлық жасау, өзіңде барды өзгемен бөлісу, мұқтаж жандарға қолұшын беру жомарттықтың белгісі және ондай іс тек жомарт жандардың ғана қолынан келеді.

by Jasyn
03/09/2024
in • Қайырымдылық, Жолдау
0
Мұндай іс тек жомарт жандардың ғана қолынан келеді
0
SHARES
8
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Міне, жақында Түркістан облысы Жетісай ауданының бір топ жомарт азаматтары Конституция күні қарсаңында «Баспанаға жол» қоғамдық қайырымдылық қоры арқылы 17 отбасыға баспаналы болу бақытын сыйлады.

Баспана кілтін тапсыру рәсіміне Түркістан облысы әкімінің орынбасары Бейсенбай Тәжібаев, Түркістан облыстық мәслихатының төрағасы Нұралы Әбішов, облыстық мәслихат депутаты Талғат Қаржауов, Жетісай ауданының әкімі Серік Мамытов пен кәсіпкер-меценат Бахаридин Аблазимов, Жетісай аудандық мәслихатының төрағасы Медет Қасымов пен «AMANAT» партиясы Жетісай аудандық филиалының атқарушы хатшысы Асқар Қайназаров қатысып, баспаналы болған азаматтарды құттықтап, ізгі лебіздерін білдірді. Баспананың бой көтеруіне атсалысқан азаматтарды алғыс хаттармен марапаттады.

– Бүгін тамаша сәттің куәсі болып отырмыз. Қазақ жетімі мен жесірін жылатпаған текті халық екені белгілі. Тәуелсіз елдің бүгінгі азаматтарының ішінде қанға сіңген қасиетті, ата дәстүрді жалғастырып, дәріптеп келе жатқандары да баршылық. Көптің көмегімен мереке қарсаңында баспанаға шын мұқтаж отбасылар қуанышқа кенеліп отыр. Қоныс құтты болсын! – деді Бейсенбай Дәулетұлы.

«Жаннат сарайы» деп аталатын қос қабатты 16 пәтерлі тұрғын үйдің құрылысы 2022 жылы басталған. 16 пәтердің 12-сі екі бөлмелі болса, 4-і үш бөлмелі. Құны 350 млн теңгені құрайды. Осы 16 пәтердің барлығы тұрмысы нашар отбасыларға берілді.

Және дәл осы күні көппәтерлі үйдің қасынан салынған тағы бір жер үй көпбалалы отбасыға тарту етілді. Жалпы алғанда 2015 жылдан бері жұмыс жүргізіп келе жатқан «Баспанаға жол» қоғамдық қайырымдылық қоры 9 жылда 29 әлеуеті әлжуаз отбасыларды үйлі еткен. Міне, бүгінгі шара барысында тағы бір көпбалалы анаға 17-ші баспана сыйға тартылды.

— Жолдасымның қайтыс болғанына төрт жыл болды. Үш ұл, бір қыз тәрбиелеп отырмын. Осы уақытқа дейін пәтер жалдап тұрдым. Біраз уақыт енемнің қолында тұрдым. Осы баспанаға ауыл мешітінің имамы және көптеген жомарт жандардың арқасында қол жеткізіп отырмын. Осынау жандарға көп рахмат. Алла разы болсын. Бізге жасап жатқан жақсылықтары Алладан еселеп қайтсын, — дейді көп балалы ана Құндыз Қайрулла.

Қор мүшелері баспананың ішін қажетті жиһаздармен, азық-түлікпен және күнделікті тұтыну заттарымен, отбасы мүшелерін киім-кешекпен қамтамасыз еткен. Баспаналы болған жандар жомарт жандарға алғысын жеткізді.

Айта кетейік, халқы тығыз орналасқан Жетісай ауданында баспанаға мұқтаж жандардың, соның ішінде жас мемлекеттік қызметкерлермен қатар мүмкіндігі шектеулі жандар мен жетім балалар, әлеуметтік қолдауды қажет ететін аз қамтамасыз етілген отбасылар мен жалғызбасты, көпбалалы аналардың әлеуметтік мәселелерін шешеуге айқын бетбұрыс жасалып отыр.

Тағы да осы Жетісай ауданында Конституция күні мерекесі қарсаңында 90 отбасы баспаналы болып, үздік қызметкерлер марапатталды.

Аталған шараға аудан әкімі Серік Мамытов, Түркістан облыстық мәслихатының депутаты Талғат Қаржауов, аудандық мәслихат төрағасы Медет Қасымов пен «AMANAT» партиясы Жетісай аудандық филиалының атқарушы хатшысы Асқар Қайназаров, зиялы қауым өкілдері мен тұрғындар қатысып, жұртшылықты айтулы күнмен құттықтады.

«Біз Ата Заңымызды құрметтеу арқылы Отанымызды, тарихымызды, құндылықтарымызды құрметтейміз және еліміздің дамуына, қоғамдық келісімге, бейбітшілік пен тыныштыққа қол жеткізе аламыз» деді аудан басшысы.

Мерекелік шара барысында аудан басшысы тұрғын үй кезегінде тұрған аз қамтамасыз етілген және көпбалалы отбасыларға, мүмкіндігі шектеулі жандарға сату құқығынсыз берілетін 90 тұрғын үйдің кілтін табыстады.

Өткен жылы республикалық бюджет пен Ұлттық қордан қаралған 862 млн 331 мың теңгеге халықтың әлеуметтік осал топтары үшін әлеуметтік 90 тұрғын үй сатып алынған болатын. Биылғы жылы мемлекеттен бөлінген 1 млрд 404 млн теңгеге жаңадан салынған тағы 90 үйді сатып алу жоспарланып отыр.

Сондай-ақ Қазақстан Республикасының Конституциясы күні мерекесі қарсаңында Созақ ауданы Қарақұр ауылында жабық футбол алаңы мен округ әкімдігінің жаңа ғимараты ашылып, тұрғындар қос бірдей қуаныштың куәсі болды.

Соңғы үлгідегі талаптарға сай жабдықталған жаңа нысандардың ашылуына аудан әкімі Мұхит Тұрысбеков арнайы қатысып, ауыл тұрғындарын құттықтады.

— Ынтамағы артып, береке-бірлігі жарасқан Қарақұр ауылында сұраныстарыңызға орай салынған қос бірдей нысанның құрылысы аяқталып отыр. Жаңа нысандар ауылдың ажарын аша түскені анық байқалады. Біз ауыл жастарының кез-келген мезгілде спортпен шұғылдануға мүмкіндік беретін жабық үлгідегі спорттық нысанның құрылысын өткен жылы Қаратау ауылынан бастап, ел игілігіне ұсындық. Бүгінде бұл жұмыстар Қарақұр ауылында жалғасын тауып отыр. Ендігі кезекте дәл осындай нысанды Сызған және Жуантөбе ауылдық округтерінен салу үшін тиісті құжаттары әзірленуде. Осы секілді спорттық нысандар барлық округтерде кезең-кезеңімен жалғасын тауып, бой көтеретін болады, — деген аудан басшысы Мұхит Сексенбайұлы аудан көлемінде іске асып жатқан өзге де жобаларға тоқталып, жоспарларымен бөлісті.

Сонымен қатар, аудандық мәслихат төрағасы Ордабек Жәмиев тұрғындарды құттықтап, жаңа ғимаратта округ әкімі аппаратының ұжымы елдің әлеуетін арттыру бағытында жігерлі жұмыс істейтініне сенім білдірді. Сондай-ақ жаңа спорт алаңына жиналған жастар спортты жанына серік етіп, салауатты өмір салтын ұстануға үлкен мүмкіндік екендігін айтып өтті. Ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағасы Лесбек Момбеков игі іске ұйытқы болған азаматтарға алғыс айтып, ақ батасын арнады.

Айта кетейік, құрылыс аумағы 1085,6 шаршы метрді құрайтын кіші футболға арнап ашылған жабық үлгідегі ойын алаңы талаптарға сай жабдықталып, онда командалардың киім ауыстыруына арналған арнайы бөлмелер қоса қамтылған.

Сондай-ақ құрылыс алаңы 292,2 шаршы метрді құрайтын әкімідік ғимаратының құрылыс жұмыстары өткен жылы аудандық бюджет есебінен қаржыландырылып, құрылыс жұмыстарын «Vek-Stroy-Com» ЖШС жүргізді. Нысанның сыртқы фосады дауыл мен жауынға төзімді етіп қапталған. Аумағы арнайы темір шарбақтармен қоршалып, көгалдандыруға мүмкіндік беретін орындар қарастырылған.

Фото: Жетісай Ауданы Әкімдігі

 

 

 

 

Tags: «Баспанаға жол» қоғамдық қайырымдылық қорыжомарт жандарМұхит ТұрысбековТүркістан облысы әкімінің орынбасары Бейсенбай ТәжібаевТүркістан облысы Жетісай ауданы
Jasyn

Jasyn

Next Post
3 миллионнан астам уақ мал санда бар, санатта жоқ

3 миллионнан астам уақ мал санда бар, санатта жоқ

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Recommended

«СҚ-Фармацияның» басшысы тағы ауыса ма?

«СҚ-Фармацияның» басшысы тағы ауыса ма?

4 года ago
Ұстаз білікті болмаса, бәрі бекер

Ұстаз білікті болмаса, бәрі бекер

9 месяцев ago

Popular News

    Connect with us

    Jasyn

    Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18
    SUBSCRIBE

    Яндекс.Метрика

    Біз туралы

    We bring you the best Premium WordPress Themes that perfect for news, magazine, personal blog, etc. Check our landing page for details.

    • About
    • Advertise
    • Careers
    • Contact

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    No Result
    View All Result
    • Home

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    Welcome Back!

    Login to your account below

    Forgotten Password?

    Retrieve your password

    Please enter your username or email address to reset your password.

    Log In